Get Mystery Box with random crypto!

KaiyrbekShaguanuly ҰБТ 2023

Telegram арнасының логотипі ubtkaiyrbekshaguanuly — KaiyrbekShaguanuly ҰБТ 2023 K
Telegram арнасының логотипі ubtkaiyrbekshaguanuly — KaiyrbekShaguanuly ҰБТ 2023
Арна мекенжайы: @ubtkaiyrbekshaguanuly
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 21.81K
Арнадан сипаттама

🔥ҰБТ; ЕНТ; ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ
✍️Чат: @UBTtraining2023chat
✅ ҚАЙЫРБЕК ШАҒУАНҰЛЫ
реклама: 👉@UBTtraining2023

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 4

2022-10-09 19:56:49
230 views16:56
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 19:56:37
33. Жауабы + шығарылу жолы (ютуб сілтеме)
Anonymous Quiz
36%
А
19%
В
22%
С
14%
Д
8%
Е
36 voters245 views16:56
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 19:50:47
МАТЕМАТИКА
340 viewsedited  16:50
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 19:24:02
Шексіз жады. Ақпаратты қалай есте сақтау керек
476 views16:24
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 11:08:20 ВКонтакте әлеуметтік желісінің, Telegram мессенджерінің негізін қалаушысы Павел Дуровтың өмірлік ұстанымдары

1. Жаңаға жол ашу үшін ескі жүкті тастауға қорықпау керек – ескірген идеялардан, байланыстардан, түсініктерден.

2. Кез келген істі мүмкіндігінше жылдам істеу қажет.

3. Ұстанымдар пайда табудан маңыздырақ.

4. Әлемді өзгертудің мүмкін екеніне сенімсіздік жалқаулық, маскүнемдік, есірткі қолданудан да жаман. Конкуренция жоқ жерде – прогресс те жоқ.

5. Болашақта бұқаралық ақпарат құралдары құрастырған маркетингтік тұзақтарға төтеп бере алатын және бір іске көп уақыт концентрациялана алатын адам сөзсіз әрдайым сұраныста болады.

6. Бізді қоршаған мәселелердің көбі не шешілмейді, не біздің қатысуымызсыз-ақ шешіледі.

7. Адамдар әлеуметтік мәртебелеріне көп назар аударады. Мысалы, сенің Лондонда не ауылда тұратыныңда қандай айырмашылық бар? Қазір бұл ғаламтордың арқасында мәнін жоғалтты. Шындыққа бұрсақ, ауылда тұру – өте жақсы. Арзан әрі таза ауа. Адамдар қымбат қалаларда тұруды жөн көреді, ал сосын пәтерге біраз шығындалады.
1.0K views08:08
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 08:04:23
Сенің қазіргі сәтте кім екенің маңызды емес! Кім бола алатының мен оған жету үшін қандай іс-әрекетке баратының маңызды
200 views05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 16:39:54 Бану Əбдіғали - Грант
Таңдау пəндері: қазақ тілі мен əдебиеті
ҰБТ-да жинаған балы: 140/118
Шығармашылық: 125/124
Мамандық: журналистика
Университет: IITU/ХАТУ (Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті)
Қала: Алматы

"Менің ең басты қателігім – дайындығымның жүйесіздігі болды. Бір күні тарихтан тест шешсем, келесі күні ештеңеге зауқым болмай, көп уақытымды зая кетірдім. Қаңтарда жақсы балл жинап, әрі қарай дайындықты бәсеңдетіп қалдым.

Наурыздағы  ақылы тестілеу мен гранттың бірінші мүмкіндігінде алған балым 100-ге де жетпеді. Бірақ, екінші мүмкіндігіме күніне бес-алты сағаттан дайындалып, барлық тақырыпты «жарық жылдамдығымен» қайталап шықтым.

Мына кеңестерді назарда ұстағаның жөн
Өзіңе айға, аптаға жоспар құрып ал. Мысалы, дүйсенбі күні – Қазақстан тарихына екі cағат арнасаң, сейсенбіде таңдау пәніңнің біреуін оқы. 
Тест орталығы бекіткен кітаптардың тізімін алып, тек солармен ғана дайындалғаның дұрыс болар. Әйтпесе, қажеті жоқ кітаптармен уақытыңды жоғалтып алуың әбден мүмкін.
Егер гуманитарлық пәндер (қазақ\орыс әдебиетін) таңдасаң, түрлі дереккөздегі шығармаларға назар аудармай, жоғарыда айтып өткендей, тек бекітілгендерін оқып шық. Барлығының тізімін А4 қағазға шығарып алып, оқып болғандарыңды сызып отырсаң, өзіңе де оңай болады. Менің басты қателігім – әртүрлі Телеграм арналар ұсынған шығармаларды оқуым болды.
Қазақстан тарихын қиын деп қабылдама. Иә, тарихты бастапқы кезеңнен қазірге дейін қалай миыма сыйғызамын деп ойлауың мүмкін. Егер жалпылай бәрін біліп, нақты оқиғаларға келгенде қателессең, басынан бастап оқы дер едім. Өйткені, ертеңгі күні нағыз тестілеу кезінде нақты бір оқиғаны түрлендіріп сұрағанда, «әттеген-ай» дейтініңе сенімдімін.
Курстардың аражігін ажырата біл. Бір курсты таңдап, қызығып жүрсең, сол жерде оқыған кем дегенде екі адаммен байланысып, пікірін біл. Қазір әлеуметтік желінің дамыған заманында бәрі курс, марафон жасап пайда тапқысы келеді. Сондықтан маркетингтің құлы болмас үшін эмоцияң мен қаражатыңды құртпауға шақырамын.
 Ал егер ойланбай бір курсқа жазылып қойсаң, уайымдама. Берілген видеосабақтарды мүмкіндігінше толықтай ұғынып, эфирлерден қалмауға тырыс.
 Сабақ, сабақ деп төрт-бес сағат қана ұйықтап, ас ішпей, өзіңді қинап жүрме. Сен – ата-анаңның байлығысың. Жеті-сегіз сағат ұйқыңды қандырып, уақытылы тамақтанып жүр. Тоқтаусыз, үзіліссіз оқи беру қажытып жібереді. Аптасына бір күн демалып, күшіңді қалпына келтіріп алғаның дұрыс.
Сынақ түріндегі тесттерді көбірек тапсыр. Алдағы қаңтар, наурыз тестілеулерінен қалмауға тырыс. Бұл сенің атмосфераны сезінуіңе,  нағыз ҰБТ-да қатты қобалжып, стресс алмауыңа көмектеседі.

Иә, расында ҰБТ өмірде маңызды ештеңені шешпейді.Мемлекеттік бюджетте оқитындардың бәрі ақылды, ақылы бөлімдегілердің бәрі ақымақтар емес. Сондықтан, дайындалма демеймін, қолыңнан келгенше жасап көр. Ішкі мотивацияңды жоғалтып алма! Әрдайым бір іске кірісер алдында қандай нәтиже күтіп тұрғанын ойлап, барлық жұмысты шабытпен жаса. Сәттілік саған, жас түлек!"

Басқа да сұрақтарыңыз болса @banu_abdigali инстаграм парақшасына жазып сұрасаңыздар болады
942 viewsedited  13:39
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 13:13:38 Сəлем, оқырмандар!

Бізде мынадай идея болып тұр "Менің ҰБТ тарихым" атты жаңа айдар ашсақ па деген ойдамыз. Осы сынақтан өткен аға-əпкелерің сендерге қалай дайындалғандығы жайлы айтып береді, ақыл-кеңестерімен, өздерінің жіберген қателіктерімен бөліседі. Сол арқылы сендер дайындыққа бағыттарыңды дұрыстай аласыңдар, аға буын өкілдерінің жасаған қателіктерін қайталамайсыңдар жəне ҰБТ-ны сəтті тапсырып шығасыңдар!

Қолдайсыңдар ма?
1.2K viewsedited  10:13
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 11:46:40
Қазақстан жерінде ең алғашқы тау түзілу процесі басталған кезең
Anonymous Quiz
19%
Герцин
42%
Альпі
23%
Байкал
17%
Каледон
405 voters1.3K views08:46
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 11:23:30
Халықаралық геофизикалық жыл
Anonymous Quiz
28%
1957-58
28%
1940-42
28%
1955-56
16%
1987-89
374 voters1.3K views08:23
Ашу / Түсініктеме