Get Mystery Box with random crypto!

ВКонтакте әлеуметтік желісінің, Telegram мессенджерінің негізі | KaiyrbekShaguanuly ҰБТ 2023

ВКонтакте әлеуметтік желісінің, Telegram мессенджерінің негізін қалаушысы Павел Дуровтың өмірлік ұстанымдары

1. Жаңаға жол ашу үшін ескі жүкті тастауға қорықпау керек – ескірген идеялардан, байланыстардан, түсініктерден.

2. Кез келген істі мүмкіндігінше жылдам істеу қажет.

3. Ұстанымдар пайда табудан маңыздырақ.

4. Әлемді өзгертудің мүмкін екеніне сенімсіздік жалқаулық, маскүнемдік, есірткі қолданудан да жаман. Конкуренция жоқ жерде – прогресс те жоқ.

5. Болашақта бұқаралық ақпарат құралдары құрастырған маркетингтік тұзақтарға төтеп бере алатын және бір іске көп уақыт концентрациялана алатын адам сөзсіз әрдайым сұраныста болады.

6. Бізді қоршаған мәселелердің көбі не шешілмейді, не біздің қатысуымызсыз-ақ шешіледі.

7. Адамдар әлеуметтік мәртебелеріне көп назар аударады. Мысалы, сенің Лондонда не ауылда тұратыныңда қандай айырмашылық бар? Қазір бұл ғаламтордың арқасында мәнін жоғалтты. Шындыққа бұрсақ, ауылда тұру – өте жақсы. Арзан әрі таза ауа. Адамдар қымбат қалаларда тұруды жөн көреді, ал сосын пәтерге біраз шығындалады.