Get Mystery Box with random crypto!

𝙐𝘽𝙏 2022

Telegram арнасының логотипі ubt2022prom — 𝙐𝘽𝙏 2022 𝙐
Telegram арнасының логотипі ubt2022prom — 𝙐𝘽𝙏 2022
Арна мекенжайы: @ubt2022prom
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.25K
Арнадан сипаттама

Сотрудничество|реклама: @ayanoviich

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2021-12-18 15:30:27 Химия пәнінен керекті мәліметтер
❶. 1 л оттегінің молекула саны

○| 2,7 ∙10²² |

❷. 9,03∙10²³ оттегі молекуласының (қ.ж.) алатын көлемі:

○| 33,6 л |

❸. 10 л ацетиленді (қ.ж) толықтай жағу үшін ,оттегінің қажетті көлемі

○| 25 л |

❹. 11,2 л бутанды жағуға қажетті оттегінің көлемі

○| 72,8 л |

❺. Азот қышқылындағы оттегінің үлесі:

○| 76,1%|

❻. Зертханада оттегін алу реакциясының типі:

○| айырылу |

❼.Массасы 3,2 г оттегінің зат мөлшері қ.ж. көлемі

○| 0,1моль 2,24 л |

❽. Құрамында 32% көміртегі, 6,66% сутегі, 42,67% оттегі және 18,67% азоты бар аминқышқылының молекулалық формуласы

○| C₂H₅O₂N |

❾.0,1 моль алюминиймен әрекеттесетін оттегінің (қ.ж) көлемі (л)

○| 1,68 |

❿. Натрий оттегінде жанғанда түзіледі +

○| Na₂O₂|

⓫. Оксид құрамына міндетті түрде кіретін элемент:

○| оттегі |

⓬. Оттегі ¹⁷О изотопында...

○| 8 протон,9 нейтрон,8 электрон |

⓭. Жай заттардың қатары +

○| Магний, күкірт, оттегі |

⓮. 0,2 моль фосфор (V) оксидің алу үшін қажет оттегінің (қ.ж) көлемі (л)

○| 11,2|

⓯. Бейэлектролит

○| глицерин ++Кальций карбонаты ++оттегі |

⓰. Қыздырғанда оттегімен әрекеттеспейді:+

○| алтын |

⓱. Құрамында бір дана қос байланысы бар зат:

○| оттегі газы, ++этилен |

⓲. +2,-1,-2 болатын оттегінің қосылыстары

○| OF₂,H₂O₂, H₂O |

⓳. Өнеркәсіпте оттегін алу әдісі

○| Ауаны қысып, сұйылту |

⓴. Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша СН3СООС2Н5 + 5О2 → 4СО2 + 4Н2О + 2726 кДж 1505 кДж жылу түзілген болса, реакцияға түскен оттегі мен ауаның көлемі (ауадағ оттегі 20%) +

○| 61,8 л++309 л |

㉑. Сапасы жоғары бензиннің молекулалық формуласы С8Н18. Толық бақта 22,8 кг бензин болады. Қозғалтқыштың ішкі жануында бензин ауадағы оттекпен әркеттеседі.Реакция теңдеуі 2С8Н18 + 25О2→16СО2 + 18Н2О . Бір заправкадан екінші заправкаға жеткенше сіздің автокөлігіңіздің «жеп тауысатын» оттегісі
○| 80 кг |

㉒. Элемент (сутекті қосылысының құрамы RH4), 53,3% оттегісі бар қосылыс түзеді. Осы элементті атаңыз

○| Кремний |

㉓. Оттегі атомына сыртқы электрондық қабатын толықтыру үшін қажет электрондар саны ...+

○| 2|

㉔. Оттегі тотықтыра алмайтын зат +

○| F₂ |

㉕. Оттегі бойынша тығыздығы 1,75-ке тең 2моль алкен толық жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының (қ.ж)көлемі +

○| 179,2л |

㉖. Оттегіге тән емес тұжырым:

○| оттегі сумен әрекеттеседі |

㉗. Этанның жану реакциясының термохимиялық теңдеуі 2С₂Н₆ + 7О₂ → 4СО₂ + 6Н₂О + 3080 кДж Реакция нәтижесінде 770 кДж жылу бөлінсе, жұмсалған (қ.ж.) оттегінің көлемі (л):

○| 39,2|

㉘. Судағы оттегінің массалық үлесі (%)+

○| 88,9|

㉙. Көлемі 22,4 л күкіртсутек 1,5 моль оттегімен әрекеттескенде түзілетін күкірт (IV) оксидінің зат мөлшері +

○ 1,00 моль ||
23 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 12:30
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 15:30:27 Биология пәнінен керекті мәліметтер
А. Тенсли - «Экожүйе» терминін ғылымға енгізген.
2. У.Бэйлис.Э.Старлинг - 1904ж «Гормон» терминін ғылымға ұсынады.
3. У.Бэтсон - 190бж «Генетика» терминін ғылымға ұсынады.
4. Карл Бендос - Митохондрия атауын ұсынған.
5. Д.И.Ивановский - 1892ж вирустарды ашты.
6. М.Ә. Айтқожин – 1978ж информасоманы ашты.
7. М.Хейл - «Эволюция» терминін енгізді.
8. М.Мальпиги -1661ж өте ұсақ қантамырлар-қылтамырларды ашты.
9. А.Лаверан - 1880ж Безгек ауруын қоздыратын паразитті ашқан ғалым.
10. Б.П.Токин - 1928ж фитонциттерді ашты.
11. А.Т рамбле - Гидраны ашты.
12. М.Шлейден, Т.Шванн - 1838-1839жж жасуша теориясын тұжырымдады.
13. Р.Вирхов – 1858ж «Әрбір жасуша тек аналық жасушадан пайда болады» деген қағиданы тұжырымдады, жасушанын бөлінуін ашты.
14. Е.Руска, М.Кнолль – 1931ж электрондық микроскоп жасады.
15. К.Ландштейнер -1900ж адам қанының топтары анықталады.
16. Н.Ф.Гамалея - 1899ж бактериофагты ашты.
17. Н.И.Лунин - 1880ж дәрумендерді ашты.
18. Р.Кох -1882ж туберкулез таяқшасын анықтады.
19. Т.Морган -1914ж тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашты.
20. С.Г.Навашин -1898ж гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.
21. С.Н.Виноградский - 1887ж хемосинтез құбылысын ашты.
22. Ф.Мюллер, Э.Геккель -1864ж биогенетикалық заңды ашты.
23. Дж.Пристли - 1778ж өсімдіктердің отгегі бөлетінін анықтады.
24. К.А.Тимирязев - 1903ж Фотосинтез процесі тусіндірілді, еңбегі «Кұн, тіршілік және хлорофилл».
25. Г.Г.Хитенков - 1951ж жылқының мініске арналған қолтұқымын алды.
26. Г. Д Карпеченко - орамжапырақ пен шомырды будаңдастырып, тұраралық буданның тұқым бермеуін
16 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 12:30
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 15:20:11 Химия пәнінен керекті мәліметтер
Бойль - Мариотт заңы. Тұрақты температурада газдың берілген массасының көлемі қысымға кері пропорционал өзгереді: V₁p₁ = V₂p₂ = …,

яғни Vp= const, V₁/ V₂ = p₁ /p₁.

Гей-Люссак заңы. Тұрақты қысымда газдың берілген массасының көлемі абсолютті температураға тура пропорционал өзгереді: V1/ V2 = T1/T2 Тұрақты көлемде: р₁/ р₂ = T₁/ T₂.

Менделеев-Клапейрон теңдеуі. Бойль-Мариот және Гей-Люссак заңдарын біріктіріп газ күйінің теңдеуін алады. V₁p₁/ T₁ = V₂p₂/ T₂ не V p/ T = V₀р₀/ T₀(егер күйлердің бірі қалыпты болса)

Кез келген газ үшін заттың 1 моль мөлшеріне V₀p₀ /T₀ тұрақты және бірдей, оны универсал газ тұрақтысы деп атайды, сонда V p = RT, ал n моль газ үшін Vp = nRT Vp = nRT. Сонда Vp = mRT/ M - Менделеев-Клапейрон теңдеуі. R – мәні көлем мен қысым өлшем бірлігіне байланысты болады.

Есептерде көбінесе мына мәндер алынады: 22,4 л; 273К, 8,31 Дж×моль⁻¹×К⁻¹.

Газ не бу тәріздес заттардың молярлық массаларын олардың молярлық көлемін және тығыздығын пайдаланып та есептеуге болады.

D = M₁/ M₂. DH₂ = 18,8 / 2 = 9,4; Dауа = 18,8 / 29 = 0,65.

Газдар қоспасының жалпы қысымының сол газға келетін үлесін парциалды қысым деп атайды. Газдар қоспасының жалпы қысымы жеке газдардың парциалды қысымдарының қосындысына тең: ржалпы = р₁+ р₂ + р₃ +... .Газдың парциалды қысымы оның қоспадағы көлемдік не молдік үлесіне тура пропорционал. Егер газ су үстінде жиналатын болса, ол су буымен қанығады , онда жалпы қысым сол газдың парциал қысымы мен су буы қысымы қосындысына тең болады: ржалпы = р(г) + р (Н₂О), одан р(г) = ржалпы-рН₂О .
31 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 12:20
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 15:20:11 Химия пәнінен керекті мәліметтер
Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей болатын атомдар түрі.

Атом - химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.

Молекула – сол заттың химиялық қасиетін көрсететін заттың ең кішкене бөлшегі.

Жай заттар – құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар.

Күрделі заттар – құрамына әртүрлі элементтер атомдары кіретін заттар.

Массаның атомдық бірлігі – 1/12 көміртегі -12 атомының массасы (12С), яғни 1,6666×10⁻²⁷ кг.

Элементтің салыстырмалы атомдық массасы (Аr) – өлшемсіз шама, элементтің табиғи изотоптар құрамының орташа атомдық массасының көміртегі-12 атомының 1/12 массасына қатынасына тең .

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасы (Мr ) - өлшемсіз шама , заттың табиғи изотоптары құрамының орташа массасының көміртегі – 12 атомының 1/12 массасына қатынасы.

Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012 кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,02× 10²³ .

Заттың эквиваленті - 1 моль сутегі атомдарымен ( 0,5 моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.

Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.

Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің (N) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,02×10²³ моль⁻¹.

Осыдан : 1) әртүрлі газдардың бірдей жағдайда (t,p) бірдей көлемдеріндегі молекулаларының саны бірдей болады; 2) Қалыпты жағдайда (қ.ж.) газдардың молярлық көлемі 22,4л/моль болады. Олай болса, 1 моль газдың қ.ж. көлемі 22,4л.

Эквивалент көлем – заттың 1 эквиваленті алатын көлем. Сутегінің эквиваленті 1 моль , оттегінің эквиваленті 0,5 моль болғандықтан сәйкесінше эквивалент көлемдері 11,2 л/моль және 5,6 л/моль болады.

Химияның негізгі заңдары

Масса сақталу заңы; энергия сақталу заңы; құрам тұрақтылық заңы; еселік және көлемдік қатынастар заңдары; Авогадро заңы, эквиваленттер заңы.

Заттардың массасы сақталу заңы: Реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Химиялық реакциялар кезінде атомдар массалары өзгермейтіндіктен, реакцияға қатысқан заттардың массасы тұрақты болады. Барлық химиялық реакциялар заттар массасы сақталу заңына бағынады.

Құрам тұрақтылық заңы. Заттар массасы сақталу заңы ашылуының химияны дамытудағы маңызы өте зор болды. Осы заңға сәйкес көптеген заттардың сапалық және сандық құрамдары зерттеліп анықталды. Заттың құрамы тұрақты, әлде айнымалы бола ма деген мәселе төңірегінде ХІХ ғасырдың басында екі ғылыми пікір айтылды. Қ. Л. Бертолле заттың құрамы айнымалы болуы тиіс десе, Ж.Л.Пруст заттың құрамы тұрақты болады деді. Бұл ғылыми айтыс жеті жылға созылды. Соңында Ж.Л.Прусттың пікірі қабылданып, ол заттың құрам тұрақтылық заңын ашты. Ол заңның қазіргі анықтамасы былай айтылады: Алыну жолына қарамастан молекулалық құрылысты әрбір химиялық таза заттың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.

Еселік қатынас заңы. 1803 жылы ағылшын ғалымы Д. Дальтон еселік қатынас заңын ашты. Ол былай аталады: егер екі элемент бір – бірімен бірнеше молекулалық қосылыс түзетін болса, онда бір элементтің белгілі бір тұрақты массасына келетін екінші элементтің массаларының өзара қатынасы кіші бүтін сандардың қатынасындай болады.

Эквиваленттер заңы - әрекеттесетін заттардың массасы олардың эквивалент массаларына пропорционал.

Бұл заңдар стехиометриялық заңдар деп аталады, себебі олар барлық заттардың массалары мен көлемдерін есептеуге қолданылады.

1811 жылы А.Авогадро кейін заңға айналған гипотезасын ұсынды: Бірдей жағдайда әр түрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болады.

Авогадро газ тәрізді жай заттардың молекулалары екі атомнан тұрады деп көрсетті.

ГАЗДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ

Газдардың физикалық күйін үш параметр – көлем V, қысым – р, температура – Т (Т=273+ t) анықтайды. Қысым 1,013×10⁵ Па (760мм сынап бағ.), температура 273К не 0°С газ күйінің қалыпты жағдайы (қ.ж.): р₀, Т₀ , t₀, V₀ .
27 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 12:20
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 15:15:14 Химия пәнінен мәліметтер
24 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 12:15
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 15:10:16 Қазақ тілі мен әдебиеті
24 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 12:10
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 15:05:19
География пәнінен керекті материалдар
56 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 12:05
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 15:01:43
Математикадан керекті формулалар
56 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 12:01
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 22:28:15
сіздерге бонус
кезінде тарих ағайыммен бірге жасағанбыз
56 views19:28
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 19:06:57 https://t.me/+Vjaa8H1ab7YxZDEy
222 views16:06
Ашу / Түсініктеме