Get Mystery Box with random crypto!

𝙐𝘽𝙏 2022

Telegram арнасының логотипі ubt2022prom — 𝙐𝘽𝙏 2022 𝙐
Telegram арнасының логотипі ubt2022prom — 𝙐𝘽𝙏 2022
Арна мекенжайы: @ubt2022prom
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.25K
Арнадан сипаттама

Сотрудничество|реклама: @ayanoviich

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 43

2021-08-04 19:20:05 Курс ашылуы мүмкін пәндер:

•Қазақстан тарихы
•Математика
•Математикалық сауаттылық
•Химия
698 viewsАли Аянұлы, 16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 09:12:44 ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу ортағының сайтында app.testcenter.kz. жүргізіледі.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Айта кетейік, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады.

Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу электронды форматта 16-20 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

«Өкінішке орай, қаңтар-маусым аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкерлер шекті балл жинай алмады. Олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет», – деп түсіндірді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
1.2K views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 06:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 16:25:36 ​19 ТАЛАПКЕРДІҢ ҰБТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖОЙЫЛДЫ

19 талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылды. Өткен жылдағыдай, ҰБТ аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 145 мың талапкердің бейнежазбаларын қарайды.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі ҰБТ-ны тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуді және тестілеу нәтижелерін бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

Өткен жылы бақылау камераларынан бейнежазбаларды қарау туралы ереже енгізілген болатын. ҰБТ аяқталғаннан кейін 152 талапкердің тестілеу ережесін бұзғаны анықталып, нәтижелері жойылды. Олардың 91-і білім беру гранттынан айырылды.

Бақылаудың күшеюі үш жыл ішінде тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері біршама азайды. 2019 жылы 128 мың, 2020 жылы 1296 түлек ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, биыл 758 жағдай тіркелді. Тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдалануға тырысқандардың саны 2019 жылғы 2363-тен 2021 жылы 749-ға дейін азайды.

Алдымен, Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 100-ден жоғары балл жинаған тестіленушілердің бейнежазбаларын тексереді. Мәселен, талапкерлердің нәтижелері наурыз және мамыр, маусым айларындағы көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары болуы мүмкін.

Биыл ҰБТ бейнежазбаларының бір бөлігін егжей-тегжейлі қарап шыққаннан кейін, 19 талапкердің шпаргалкаларды қолданғаны және ережелерді бұзғаны анықталды. Осыған байланысты олардың нәтижелері жойылды.

«Біз түлектеріміздің тек өз біліміне үміт артуын қамтамасыз ету үшін осындай мұқият тексеру жүргізіп жатырмыз. Өйткені, бүгін тест тапсырып, ережені бұзған талапкердің ертең полиция қызметкері, дәрігер, мұғалім немесе судья ретінде адал маман болатынына кепілдік жоқ. Сондықтан комиссия 19 талапкердің нәтижелерін жоюға шешім қабылдады. Енді олар білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алмайды. Бірақ бұл жағдайлар балалар тарапынан болғандығын ескеріп, оларға жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқу мүмкіндігі беріледі. Жалпы, барлық түлектер ҰБТ-ны жылына бірнеше рет тапсыра алады. Бұл тестілеуге дайындалу барысында оқушылардың күйзелісін азайтады. Біз тағы да барлық талапкерлерді академиялық адалдыққа шақырамыз. ҰБТ-ның барынша ашық және адал өтуі үшін бұдан әрі де барлық жағдайды жасайтынымызды айтқым келеді. Бейнежазбаларды тексеруді жалғастырамыз. Бұзушылықтар анықталған жағдайда нәтижелер мен тіпті берілген гранттардың да күші жойылады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Наужан Дидарбекова.
583 viewsАли Аянұлы, 13:25
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 12:34:10 2022 түлектеріне ашылған канал https://t.me/ubt2022test
42 viewsАли Аянұлы, 09:34
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 10:49:03 Маңызды
487 viewsАли Аянұлы, edited  07:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 16:39:45
600 viewsАли Аянұлы, 13:39
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 08:42:05 2022 түлектеріне ашылған канал https://t.me/ubt2022test
437 viewsАли Аянұлы, edited  05:42
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 08:37:38 @ayanoviich мен оралдым
450 viewsАли Аянұлы, 05:37
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 16:35:11 қайырлы кеш

барлықтарыңыз білетіндей Али Аянович телеграммды өшірді,күзде қайтадан жүктейді

реклама беремін десеңіздер
+7 705 543 5387 осы WhatsApp нөмеріне жазыңыз
266 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, 13:35
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 09:28:16
535 views𝔎𝔞𝔪𝔦 𝔖𝔢𝔯𝔦𝔨𝔬𝔳𝔫𝔞, edited  06:28
Ашу / Түсініктеме