Get Mystery Box with random crypto!

​​Пайғамбарымыз ﷺ өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз | UAGYZ MEDIA🌙

​​Пайғамбарымыз ﷺ өсиетiнде:
«Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген. Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымыз ﷺ өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған.

Пайғамбарымыз ﷺ айт күні:
«Ей, адамдар, бұл күні сәлем жайыңдар, тамақтандырыңдар, туыстық қатынасты күшейтіңдер және адамдар ұйқыда болған кезде намаз оқыңдар, еш алаңсыз жәннатқа кіресіңдер» деген. [Ибн Мәжә, Тирмизи]

Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл пайғамбарымыздың ﷺ оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.

Бұл ұлық мерекеде мұсылман адам шамасы келгенше мешітке жаңа киім киіп, әтірленіп барған абзал. Имам Мәлик: «Мен ғалымдардың айт күндерінде жасанудың және хош иістер жағудың абзал екендігі туралы айтатынын естігенмін», – дейтін. Ибн Омар былай деген: «Бірде Омар бин әл-Хаттаб базардан жібек көйлек сатып алды да, оны Алла Елшісіне ﷺ алып келіп: «Уа, Алланың Елшісі, мынаны айт күндерінде, сондай-ақ сізге елшілер келгенде киіңіз», – деді. Бұған Пайғамбар ﷺ: «Мұндай киімді ақыреттен үлесі болмаған адам ғана киеді», – деп жауап берді» (жібек мата ер адамға киюге болмайды). [Бұхари, Муслим]

«Пайғамбарымыз ﷺ айт күні мешітке барған жолымен қайтпай, басқа жолмен қайтатын» [Бұхари]

Әнастан (р.а) жеткен хадисте «Алла Елшісі ﷺ Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз ﷺ: «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «Жаһилия дәуiрiнде ол күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк», – дедi. Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы ҚҰРБАН және ОРАЗА айт күндерiмен алмастырды», – дедi. [Нәсәи]

Жәбир бин Нафирден жеткен хадисте былай делінеді: «Алла Елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары Ораза Айтта кездескен кезде бір-біріне: «Алла сізден де, бізден де қабыл алсын», - деп айтқан.


#оразаайт #айт #рамазан