Get Mystery Box with random crypto!

2019 жылы МН компаниясы өз жолын қарапайым жапон ББҚ дистрибью | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

2019 жылы МН компаниясы өз жолын қарапайым жапон ББҚ дистрибьюторы ретінде бастады. Біз жапон зауыттарынан көтерме бағамен тауар алып, оны Қазақстанға әкеліп, өз серіктестік желілеріміз арқылы таратып отырдық. Десек те, үлкен жетістікке жететінімізді әу бастан білдік. Сол себепті, басты миссиямыз: "Әрбір адамның өз денсаулығын жақсарта отырып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуіне мүмкіндік беретін мықты халықаралық компания құру" болды. Уақыт өткен сайын бизнес ұлғая бастады. Бір қызығы, компанияның жылдам қарқын алуына короновирус қатты әсер етті: эпидемия кезінде Жапониядан тауар әкелу құны 4 есе өсті, 1 келі жүк үшін 4$-дан 16$-ға дейін көтерілді. Алайда, осындай қиындықтарға қарамастан, сатылым ісін жолға қоя білген компанияны тоқтатуға болмайтын еді. Сөйтіп, жапондық өндірушілермен жұмыс істеу формасын түбегейлі өзгерту керектігі жөнінде шешім қабылдадық. Біз жапондық әріптестерімізге "дайын өнім емес, тасымалдау кезінде әлдеқайда арзан болатын шикізат алып тұрсақ" деген ұсыныс жасадық. Жапониядан мыңдаған құты дайын өнім әкелгеннен гөрі, алдағы уақытта арнайы капсулдарға салынатын 100-200 кг шикізат ұнтағын жеткізу әлдеқайда тиімді екеніне келісетін шығарсыздар. Осылайша әрі өндіруші, әрі өз рецебі бар тауар белгісін ұстанушы болып шыға келдік. Бұл жерде айта кететін нәрсе: жаңа модельге өту үшін жапондық брендтерден бас тартып, өз рецебің бойынша өзіндік өнім шығаруың керек. Сөйтіп, біз өз рецебімізді жасауды үйрендік. Бұл ретте бізге жапондық университеттермен, оның ішінде Токио университетімен белсенді жұмыс істейтін Жапониядағы шикізат өндірушілер көп көмектесті.
Қазіргі таңда Marine Healt нарыққа танымал тауарлық белгісі мен интеллектуалдық меншігі қорғалған өз өнімдері бар толыққанды өндіруші болып табылады. Бұрын өндіріске қажетті жекеменшік зауыттары, фабрикалары, шикізат көздері бар кәсіпкерлер ғана өндіруші ретінде танылса, бүгінде бизнес біршама дамыған. Мәселен, Apple өз айфондарын Калифорнияда құрастырғанымен,  Оңтүстік-Шығыс Азияда олар жергілікті өндіріс орындарында шығарылады.
Marine Health — жаңа өнім шығару  ісін толықтай қолға алған құзыретті орталық. Ол іс ғалымдардың және зерттеу институттарының қатысуымен нарық талабына сай жүзеге асырылуда. Біз өз рецептерімізді басшылыққа ала отырып, зауыттардан шикізат сатып аламыз және келісімшарт жасасқан өндірушілерімізге тапсырыс береміз. Қазіргі уақытта біздің жапон шикізатынан капсула жасап, оларды құтыларға салатын 4 келісімшарт жасасқан өндірушіміз бар. Олар Қазақстанда, Ресейде, Түркияда және Жапонияда. Олардың географиялық орналасуы соңғы сатып алушыға өте ыңғайлы. Бизнестің осындай гибридті, әрі мобильді моделінің арқасында біз "Әлемнің ҮЗДІК-50 компаниясы қатарына ену" деген  мақсатымызға біртабан жақындадық. Енді осы дәрежемізді нығайта түсу үшін бұрынғыдан да икемді болуымыз керек. Тұтынушыларымызды ең керемет өнімдермен қамтамасыз етуге тиіспіз.