Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін! Санамды | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін! Санамды сан түрлі ойлар  торлаған сайын, жүзуге әлім қалмай қалады. Мен артық ойлар мен орынсыз уайымның адамды қалжыратып жіберетінін бассейнге келгенде түсіндім. Күні бойы: "менің қолымнан келмейді", "шаршадым", "бәрінен мезі болдым", "ары қарай не істерімді білмеймін" деген сөздерді өзімізге қанша рет айтамыз. Мұндай ойлардың сізге еш пайдасы жоқ, одан да назарыңызды жағымды дүниелерге бағыттаңыз немесе артық ойларды қуып тастап,  әрекетке ден қойыңыз. Жүзуге шамам келмей, тынысым тарыла бастаса, мен бірден  аяқ-қолымның қимылы мен дем алуыма мән беремін. Бұл бір медитация іспетті, дегенмен көмектеседі.
ал сіз медитация жасайсыз ба?

Текст на русском языке выше