Get Mystery Box with random crypto!

Кедей адамдардың көңілін табу өте қиын. Егер бір нәрсені те | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Кедей адамдардың көңілін табу өте қиын.

Егер бір нәрсені тегін берсең, олар мұны "тұзаққа түсіру" үшін жасады деп ойлайды.

Шағын инвестиция жасауды ұсынсаң, "одан көп пайда таппаймыз" деп жалтарады.

Қомақты қаражат салуды ұсынсаң, "ақшам жоқ" деп ақталады.

"Жаңа дүниелерді байқап көр" десең, тәжірибесінің жоқтығын алға тартады.

Дәстүрлі бизнес бастауды ұсынсаң, "қиын" дейді.

Жаңа бизнес-моделін көрсетсеңіз, оны "пирамида" деп қабылдайды.

"Дүкен аш" десеңіз, "оған еркіндік жоқ" дейді.

Жаңа бизнес бастауды кеңес етсеңіз, оның табысты болатынына дәлел жоқ екенін айтады.

Олардың бәріне тән ортақ қасиет: Google-дан сұрағанды жақсы көреді, өздері сияқты қолдарынан ештеңе келмейтін достарын тыңдайды. Олар университет профессорынан да ұзақ ойланады, зағип жандардан да баяу әрекет етеді.

Кедей адамдар ортақ кемшіліктің кесірінен зардап шегеді:

«Олардың бүкіл өмірі күтумен өтеді».

Джек Ма

#ойлар