Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Кеше тәлімгерлік тобыммен 'Кейс талдауын' өткі | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Кеше тәлімгерлік тобыммен "Кейс талдауын" өткіздік.
Кеш барысында Айдос деген шәкіртім біраз ескертулер айтты, соларды сіздермен бөліссем деймін.

Бизнесте мықты менеджерлерді, мықты атқарушы директорларды кызметке алыңыз. Олар "бизнесімді тартып алады-ау" деп қорықпаңыз. Байқап көріңіз, әрекет етіңіз.

Директор кез келген қиындықты шеше білуі керек. Егер қызметкеріңіз тиімді жұмыс істемесе, аяушылық танытып мүсіркемеңіз. Директормен нақты мақсаттар туралы сөйлесеңіз. Мақсатыңыз орындалып жатса, - жұмыс істеңіз; орындалмаса, - қош айтысыңыз. Мықты маман тапқанша, жалғастыра беріңіз.

Кабинетіңізге "Жаңа идея туындаса, оны не істейтініңді емес, кім істейтінін ойла" деген жазуы бар плакат іліп қойыңыз.

Бизнестегі маңызды нәрселер (үш алып десек болады)
Сатылым - алдымен сатылымды жолға қоямыз;
Есеп-қисапты реттейміз;
Өркендеу үшін мықты команда қажет.

Егер қызметкерлеріңізден міндеттеріне байланысты жауапкершілік талап етпесеңіз, олардың ынтасы төмендеп, нағыз жалқауға айналады. Мақсатқа сай әрекет етуге дағдыландырыңыз.

Текст на русском языке выше