Get Mystery Box with random crypto!

Тимурдан Инфо | it&tech

Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech Т
Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech
Арна мекенжайы: @timurdaninfo
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.85K
Арнадан сипаттама

✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.
📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-04-25 20:22:06 Зерттеу оқимын.

Research дейді.

Маркетингке қатысты, ІТ-ге, жасанды интеллектке қатысты, әлеуметтануға, экономикаға, желілер туралы.

Солардан үзінділер келтірсем немесе қазақшалап қорытып айтып берсем, қызық бола ма сіздерге? Қажет деп ойлайсыздар ма?
78 views17:22
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 20:56:36 Жақында дрондар туралы бір подкаст тыңдадым.

Қызық инфо:

Квадрокоптерлердің негізгі идеялық және орындау авторы - энтузиаст ІТ мамандары екен. Яғни, ешқандай да аэронавигация немесе әуесқой-ұшқыштар клубы, болмаса радиоэлектроника мамандары емес, кәдімгі өзіміздің айтишниктер.

Тиісінше, дрон дегеніміз міндетті түрде квадро мотордан тұруы шарт емес. Негізі, нағыз дрон ол өзіміз кинода көріп жүргендей, АҚШтың әскери ұшақтары немесе соңғы кезде қатты танымал - түріктердің “Байрақтары” типтес болады екен.

Ендеше, неліктен біз квадрокоптерлерді дрон атап кеткенбіз? Өйткені, әу баста азаматтық һәм әуесқой дронды, сөзіміздің басында айтқандай, ІТшник энтузиастар құрастырып шыққандықтан, олар тек ардуино тектес микроконтроллерге 4 қозғалтқыш байлап, сол арқылы ұшыруды ғана білген. Осылай, радиобасқару құрылғысы арқылы ұшатын аппаратты жасаудың ең қарапайым жолына жүгінген. Ал ол модель тез танымал болып кеткен соң өздеріңізге мәлім қытайлық компания соны ары қарай жетілдіріп ала жөнелген. Сөйтіп, қарапайым азаматқа дрон дегенде көз алдына квадрокоптер келеді.

Неліктен?

Себебі, аказвайтса, осы күнгі адамдарға дрон дрон күйінде мүлдем қажет емес. Оларға ұшатын камера керек екен:)))

Яғни, дронның аспанды шарлау қасиеті біреулерге айналаны түсіру үшін қажет болса, келесі біреулерге әскери мақсатта қажет…

Ал саған ше? Дрон несімен қажет немесе қызықты?

@timurdaninfo
219 viewsedited  17:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 21:43:37
True story;))
133 views18:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 15:14:23 https://baribar.kz/183778/tesla-microsoft-amazon-it-mamangha-arnalghan-taghylymdama-men-bajqaular/
Tesla, Microsoft, Amazon. IT-маманға арналған тағылымдама мен байқаулар
97 views12:14
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 18:11:48
Жұрттың майонез шығаратын компанияларына дейін пысық;))

Sloboda майонезін өндіруші EFKO Hi-Fly Cargo дрон прототипін ұсынды. Құрылғы 20 шақырымға дейінгі қашықтықпен ұшуға, 100 км/сағ жылдамдыққа және 170 кг-ға дейінгі жүктерді көтеруге қабілетті.

Қолдану мақсаты - ауыр жүктерді жеткізу және зардап шеккендерді эвакуациялау.

Прототип 70% ресейлік құрамдас бөліктерден тұрады.

@timurdaninfo
497 views15:11
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 20:11:07 ІТ қауіпсіздік және хакерлік әлемінен бір жаңалық:

Қызық бір мәліметке тап болдым.

ІТ әлемінде клауд компьютиң дамығалы бері SaaS (Software as a Service), IaaS (Infrastructure), PaaS (Platform) деген сияқты қызмет түрлері белең алды.

Мысалы, Mailchimp сияқты емайл-маркетинг құралдары SaaS-қа жататын болса, Amazon-ның AWS деп келетін серверлері IaaS боп саналады. Ал мына күні кеше жазғаным - Bubble сияқты кодсыз бағдарлама жасау қызметтері - PaaS деп саналады.

Бұл - ІТ қызметтердің демократиялануы яғни белгілі бір ІТ білімі мен тәжірибесі жоқ адамдардың ештеңеден қысылмай, кәсіби деңгейдегі ІТ қызметтерді өзі игере беруі үшін жасалған.

Сол сияқты, мына құр жатпайтын киберқылмыскерлер мен хакерлер әлемінде де CaaS және MaaS деп аталатын терминдер қалыптасыпты.

Бұл - Crime as a Service және Malware as a Service дегенді білдіреді. Яғни, киберқылмыс жасағыңыз келсе, сіздің кәнігі хакер болуыңыз міндет емес. Бар болғаны тісқаққан киберқылмыскердің жасаған сервисін жалға алып, ары қарай өз қара ниет, жаман пиғылыңызды жүзеге асыра берсеңіз болғаны.

Пажалыстаңыз;))

Ескерту: бұл әрекетке шақыру емес. Жай ғана ақпар.

@timurdaninfo
604 viewsedited  17:11
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 16:23:55
О заман да бұ заман, No Code Developer деген сөзді де оқитын кезге келдік;))

Етсіз котлет дегенге күліп едім алдында. Вегандарға арналған.

Сол сияқты, енді код жазбайтын программист деген де ресми түрде пайда болды.

Не айтасыздар?;)

@timurdaninfo
750 views13:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 05:19:56 Юрий Дудь - Ресейлік билік тарапынан шетелдік агент боп танылды
886 views02:19
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 20:55:52 Соны жаңалық!

Қазақстан ресейлік SBER компаниясының электронды үкімет платформасын енгізуден бас тартты.

ҚР Цифрлық министрлігінің айтуынша, 2 жыл ішінде қазақстандық IT-компанияларды тарта отырып, қазақстандық жаңа электронды үкімет платформасы әзірленеді.

Бұл шешімге Ресей-Ураина арасындағы қақтығыс тікелей себеп болғаны анық. Алайда, қоғамдық қарсылық ретінде менің де өз үлесімді қосқаным анық.

Тәуелсіз қазақ ІТ-иы жасасын!

@timurdaninfo
923 viewsedited  17:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 01:58:26
Nvidia өзінің Omniverse технологиясының негізінде 3D-кейіпкерді кез-келген кадр сыртындағы аудиожолмен біріктіріп анимациялауға болатынын көрсетті. Дауыс пен персонаждың ернін қараңыздар, дөп келеді.

Ең қызығы, бұл функция сіз ойын құрастырып не кино жасап жатсаңыз да, тіпті реал режимде цифрлық көмекші істегіңіз келсе де жүзеге асады.

Қалай, былай? :)

@timurdaninfo
1.0K viewsedited  22:58
Ашу / Түсініктеме