Get Mystery Box with random crypto!

Тимурдан Инфо | it&tech

Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech Т
Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech
Арна мекенжайы: @timurdaninfo
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.85K
Арнадан сипаттама

✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.
📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-05-10 12:50:59
Қазақ қайтсе дамиды?

..деген сұрақ көптің көкейінде жүрген болар?

Басқаны қайдам, өзімнің дамығанымды Қазақстанның дамығаны деп түсінетін өз басым үнемі сол сұраққа басым қатып жүреді.

АҚШ-қа білім қуып бара жатқан сапарымда Ыстамбұлға аялдадым. Әуежайдың ішінде ең бірінші аяқ басқан жерім - кітап дүкені болды. Ал әп дегенде алдымнан шыққаны - халықаралық журналдар болды.

The Economist, Time, Wired журналының бірін қолыма ала бере, “Қазақ қайтсе дамиды?” деген кешенді сұрақтың бір жауабы ойыма келгендей болды.

Менің ойымша, қазақ елінде мынадай әлемдік журналдар аяқ басқан жерде сатыла бастағанда дамығанымыздың бір көрінісі болады.

Ойлап қараңыздаршы, бұл журналдарда әлемнің милары мен интеллектуалдары планеталық мәселелерді көтеріп, адамзат баласын алға жылжытудың барлық жолын айтып, жазып, пікір алмастырып жатыр. Ал біздің ондай журналдарды қалаған жерден ала садатын мүмкіндігіміз жоқ… Ал оны алған адамдар түсінетіндей тіл білсе… Шіркін-ай, біраз алға жылжыр едік…

Сол күнге жетуді нәсіп еткей
142 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 13:42:45
Бұл да өмірімнің тамаша бір бөлшегі!

Оқуға кетуіме байланысты, BTS Education компаниясынан шыққанымды ресми түрде мәлімдеймін.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасының Интернет бөлімінің басшысы боп жүріп Диджитал департамент құрған соң, еліміздегі ең жарқын проектердің бірі Astana It Universityдің ашылуына азғана уақыт ат салыстым да Sayasat Nurbekтің шақыруымен BTS Digital компаниясының білім бөліміне жұмысқа орналастым.

Құр идея күйінде бастау алған, ал қазірде нарықта өз орны бар EduNavigator атты кәсіби бағдар және мамандық таңдау платформасын Gizat Makhanov екеуміз жүріп жасап шықтық.

Осылайша, өмірімде Product Management, MVP, Startup, гипотеза деген сөздердің кітаби күйінде емес, өмірдегі тәжірибе күйінде шегеленген сәтін бастан кешірдім. Бір сөзбен айтсам, оп-оңай ештеңе жоқ ;))

Сондықтан, барша әріптестеріме, әсіресе, әрдайым өзінің жанашырлығын, азаматтық қолдауын білдірген Саясат Нұрбек мырзаға шексіз ризашылығымды білдіремін!

Әлі де талай белестерді бірге бағындырамыз деген ойдамын!
161 views10:42
Ашу / Түсініктеме
2022-05-02 03:01:00
Ораза айт құтты болсын!

Жапониядан бір трансформер-роботты қабыл ала отырыңыздар!
106 views00:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 11:06:54
$69 млн долларға сатылған NFT.

Beeple лақап атымен танымал Майк Винкельман атты суретші “Алғашқы бес мың күн” атты 5000 суреттен тұратын коллажын Christie's аукционында $69 млнға сатқан.

Соңғы жаңалық емес
. Жай ғана күн сайын таң қалатын мәліметтерімнің бірі…

@timurdaninfo
185 views08:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 01:41:36
Ковидке байланысты тағы да қатаң карантинде жатқан Шанхайдың бір тұрғыны дронмен балық аулағанын түсіріп алыпты:)))

@timurdaninfo
118 views22:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-30 19:33:12 Айтпақшы,

менің каналыма енді қосылып жатқандар үшін.

Каналда жарияланған тақырыптарды талқылау үшін немесе ІТ, бағдарламалау, крипто, ғылым-білім, стартап бастау деген сияқты заманауи тақырыптарда сұрақтарыңыз болса,

Немесе өздеріңіздің оқыған-білгендеріңізбен бөліскілеріңіз келсе, чатқа қосылуды сұраймын:

https://t.me/timurdaninfochat
282 views16:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-30 19:12:46 UX/UI саласында жұмыс істейтіндер немесе енді қызығып жүргендер үшін өте керемет ресурс тауып әкелдім.

Орыстардың ағылшынша материалды құр аударып қана бере салмай, осылайша шығармашылық үн қосып берген кездері ұнайды

http://bit.ly/2Y3DA3j

@timurdaninfo
355 viewsedited  16:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 14:31:24 Стать iOS-разработчиком: полезности по изучению Swift

В преддверии нашего Kolesa iOS Meetup, который состоится 12 мая, мы решили подготовить небольшой гайд. В следующие 5 абзацев мы вложили полезные ссылочки, которые помогут тебе вкатиться в iOS-разработку с нуля.

1. Если ты новичок, то попробуй приложение Swift Playgrounds от Apple. Игровой формат для айпэда или мака, который учит основам алгоритмов в разрезе свифта.

2. Тоже для начинающих, но чуть серьёзнее — курс от Angela Yu на Udemy. Научишься базовым основам и соберёшь своё первое приложение уже в первый день. Можно будет похвастаться друзьям, что ты теперь iOS-инженер (но это не точно).

3. Для более скилловых на Youtube есть отличные бесплатные курсы Стэнфорда CS193p — iPhone Application Development Spring 2020 и Developing iOS 11 Apps with Swift 2017-18.

4. Много отличных видео с разборами у Ray Wenderlich: там и лекции, и план обучения, и вообще куча всего.

5. Ещё один крутой ресурс — Hacking with Swift.
100 days of Swift — челлендж на 100 дней непрерывного изучения Swift-а. Ещё есть такой же по Swift UI — 100 days of Swift UI.

Если у тебя есть друг, который хочет стать iOS-разработчиком, то перешли ему это сообщение

А ещё присоединяйся к нашему митапу, регистрация здесь: онлайн и офлайн. На митапе наша сотрудница Айдана Хасенова как раз расскажет о том, как мягко вкатиться в профессию и коллектив
116 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 12:45:33
Студенттерге!

Data Science бағытында білім беретін Kaspi Lab-қа қабылдау басталды.

Курс бағдарламасында:
• MS Excel-дегі статистикалық функциялар
• SQL, SAS Base негіздері
• Python-да бағдарлама жазу
• Деректерді талдау
• Big Data-ға кіріспе және т.б.

Курс Kaspi.kz-тің нақты кейстерімен оқуға, жетекші талдаушылармен танысып, араласуға мүмкіндік береді.

Курстан және әңгімелесуден сәтті өткендердің барлығын ақылы тағылымдамадан өтуге және әрі қарай Kaspi.kz-ке жұмысқа шақырамыз.

Іріктеу тестілеуден өту үшін мына сайтта тіркелу керек:
https://lab.kaspi.kz/

Топқа қабылдау 6 мамырға дейін жалғасады!

Дәрістер 15 мамырда басталады.

@timurdaninfo
607 views09:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 21:51:43
Жан-жағыңызға қараңызшы?

Өмірде қажет қандай сала бар?

- Ойын-сауық (кино, музыка, көңіл-көтеру, ойын, т.с.с.),
- гаджет-құралдар (телефон, ойын құрылғысы, үй-жабдықтары, аудио-видео техникалар, т.с.с.),
- транспорт (көлік-транспорт қосалқы бөлшектері, т.с.с.),
- сауда-саттық (банкинг, төлем жүйесі, маркетплейстер, т.с.с.),
- туризм (брондау, саяхаттау, қызмет көрсету, маркетплейс, т.с.с.),
- т.с.с.

Осы категорияның барлығындағы компаниялар мен сервистер өз қызметтерін Ресейден әкетіп жатыр, Плей Маркет пен ӘпСтордан бағдарламаларын тоқтатып жатыр. Олардың барлығының атын айтқаннан, кетпегендерді айту жеңіл боп қалды. Ал кетпеген ешкім қалмады.

Тіпті Renault компаниясы АвтоВаздағы 60%-дан асатын иелігін қытайлықтарға сатып кеткелі жатыр. “Урал” мацікілдері Қазақстанға қоныс аударады дейді. Тинькофф банкі біздің елімізде филиалын ашуды көздеп отыр. Индрайвер Алматыға келіп алды.

Еуропа мен АҚШ: “Бұл әлі басы…” дейді.

Суретте АлиЭкспрес скриншоты. Ресейде төлем қабылдауды тоқтатыпты…
164 viewsedited  18:51
Ашу / Түсініктеме