Get Mystery Box with random crypto!

Тимурдан Инфо | it&tech

Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech Т
Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech
Арна мекенжайы: @timurdaninfo
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.85K
Арнадан сипаттама

✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.
📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 38

2021-01-26 19:44:38 Мұрат Есжан деген режиссер досым бар еді. Соның 10 жасар Димаш атты ұлы программист, пентестер болғысы келеді екен. Аз-маз әңгіме-сұқбат құрып қайттым. Қараңыздар, өте қызық. Барлығын өзі үйренген. Ютуб және ағылшын тілі =

https://www.instagram.com/tv/CKg7o7egia9/?igshid=fv7i00pphor
1.3K views16:44
Ашу / Түсініктеме
2021-01-24 12:22:05
IT деген не және оның ішіне не кіреді дегенде сызған дүнием еді. Соңғы жағы тоқшайнек, шаңсорғыш жөндеуге ұласып кеткен сияқты муахаха

@timurdaninfo
1.7K views09:22
Ашу / Түсініктеме
2021-01-23 10:03:16 Alibek Datbayev:

Народ, сейчас моя команда занимается разработкой новых концептов Booking.com и закладывает фундамент будущих тревел-стандартов. Мы открыли две мобильные позиции:
1) iOS developer https://careers.booking.com/job/BOOKUS2601464EXTERNAL/iOS-Developer-Trip-Experience
2) Android developer https://careers.booking.com/job/BOOKUS2590039EXTERNAL/Android-Developer-Trip-Management

Крутая возможность быть частью построения чего-то масштабного и интересного. Пишите если кому-то нужен реферал :) с удовольствием помогу. — feeling excited.
1.5K views07:03
Ашу / Түсініктеме
2021-01-22 12:56:00
Перфекционист тамырлар, қол көтеріңіздер;))
1.2K views09:56
Ашу / Түсініктеме
2021-01-20 11:57:00 Екі сұрақ:

1) Спорт тағамы бойынша консультация бере алатын қандай маманды танисыздар? Не ішу керек, қалай ішу керек, қай фирманікі жақсы, т.с.с. күнделікті стандарт алайда индивидуал сұрақтарға жауап іздеймін

2) b2b сатушы керек. Орыс болса да бәрібір. Сата алса болды. Тақырып, маркетинг өнімдері мен құралдарын өткізу.

Екеуі де тым жеке мәселе болғандықтан, нақтылауыш сұрақтарды жекеге қоюды өтінемін.

Ұсыныстар үшін алдын-ала рахмет.
1.3K views08:57
Ашу / Түсініктеме
2021-01-20 10:57:50
#JavaScript жазатындарға мотивация

немесе

интервьюге бармай-ақ қалай жұмысқа шақырту алуға болады.

Бруно Симон деген уэб-жасақтаушы француз жігіт өзінің портфолио сайтын Java Script-е жазып шыққан.

Кескіндемесі canvas-та жасалған бұл ойын алаңы тәрізді сайтта Бруноның жұмыстарын ойнап отырып қарауға болады.

Смартфон арқылы керемет басқарылады.

Біреудің портфолиосын қарап отырғаныңды ұмытып, “Вың-вың-выыыың, қыхһ, аааааааңңң...” деп балалық шақтағы достарыңды елестетіп ойнап кетуің де мүмкін;))

Сайтқа сілтеме: https://bruno-simon.com/

@timurdaninfo
1.1K viewsedited  07:57
Ашу / Түсініктеме
2021-01-20 08:31:07 Ресей мемлекеттік қызметкерлерге (дәрігерлер, полиция) арналған “Аврора” атты операциялық жүйені жетілдіруге 20.000.000.000 рубль ақша бөлуді сұраған.

Ақпаннан бастап ковидке қарсв ресейлік “Спутник” вакцинасы қазақстандықтарға салына бастайды. Ол әлі Ресейдің өз халқына да салынбаған дүние еді...

Осыдан шығатын ой, араға 1 жыл салып біздің елге де “Аврора” келе бастамасын... Ресей түшкірсе, жәрекімалда дейтін елміз ғой;((
964 views05:31
Ашу / Түсініктеме
2021-01-18 12:41:09

АҚШтағы “Қауіпсізірек интернет үшін” қауымдастығы Трамп жақтастарының Вашингтондағы шабуылына байланысты жазбалар негізінде Apple компаниясына арыз беріпті. Талаптары: “Телеграмды әпстордан өшіру керек” бопты. Play Market-тен де алып тастау үшін енді Гуглге қарай арыз жазуға кетіпті...
1.1K views09:41
Ашу / Түсініктеме
2021-01-17 20:11:04
Apple Glasses шығады дегелі біраз болды. Әлі қарасы көрінбейді. Google Glasses сияқты түбінде шықпай қалмаса болды;)) Жалпы, жоспар бойынша, Әпілдің көзәйнегімен жүрсең, Айфоныңды автомат ашуға болады екен-мыс...
1.1K views17:11
Ашу / Түсініктеме
2021-01-17 20:01:55
Chromium қолданатын браузерлерден Google API алынып тасталатын болды. Нәтижесінде, Опера, Яндекс браузер, Майкрософт Эдж сияқтылар гугл акаунтпен синхрондау сияқты бірқатар функцияларынан айрылады. Тиісінше, акаунттардың сақтап алған вкладкалары да сонымен бірге кетеді.
1.0K views17:01
Ашу / Түсініктеме