Get Mystery Box with random crypto!

The Qman

Telegram арнасының логотипі the_qman — The Qman T
Telegram арнасының логотипі the_qman — The Qman
Арна мекенжайы: @the_qman
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 155
Арнадан сипаттама

The Qman - Оқы, біл, талқыла!

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2021-08-30 19:08:01 "Азаттық радиосы" журналисі Асылхан аға Мамашұлының тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихын бір кісідей зерттеуші екенін біраз кісі жақсы біледі. Бүгін, яғни «Назарбаев & Ко»-ның конституциясы күніне орай шыққан Асылхан ағаның мына must read мақаласын оқуға рекоммендеймін.

https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-constitutional-court/31434588.html?fbclid=IwAR25OOijCYEnGYlSH_NwiLEP5JQJQ_b-FtE-z5RtYpZ9ZK1gC7FHo3uDqQ4
50 views16:08
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 08:30:17
57 views05:30
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 09:04:27 **БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ**
Бұл аптада басылымдар "ақша жымқырғаны үшін" Қазақстанда көп жылға сотталған банкир Жомарт Ертаевтың әйелі Ұлыбританияда саяси баспана сұрамақ болғаны жайлы жазды.
Бұған қоса шетел баспасөзі Ауғанстандағы саяси дүрбелеңнің Қазақстан астық экспортына кері ықпал ететінін болжады.
60 views06:04
Ашу / Түсініктеме
2021-08-27 09:36:45 Жалған жаңалықтар мен фэйк хабарламалар бізге 21 ғасырдың басты мәселесіндей көрінетін. Алайда бұлардың қатарына енді дипфейктер (deepfake) қосылды. Жасанды интеллект адамның қозғалысын айнытпай салып, адам жазып, үйреткен нәрселерді күмән келтірместей етіп айтып шығады.

«Дипфейк — жалған видео ғана емес, компьютерлік алгоритмдердің ауқымды суреттер базасы арқылы әзірлейтін видеоролигі. Алгоритм сол контентті кәдесіне жаратуды үйреніп алады” дейді Associated Press басылымының дипфейк туралы сюжетінде пікір айтқан Ұлттық қауіпсіздік бойынша сарапшы Эндрю Гротто.

Эндрю Гроттоның айтуынша, алдағы бір-екі жылда адам шынайы видеоны жалғанынан ажырата алмай қалады.

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/akparattyk-sogysta-dipfejk-nesimen-kauipti/.
39 views06:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-26 16:24:01
FINIKO атты алаяқтық схемаға сенбеңіздер!

Олар криптовалюта сатып алуды, инвестор болуды, тиімді бағада ипотека, көліп алуды ұсынады. Күнделікті 1-1,2% мөлшерінде табыс төлеуге уәде береді.
Компания Сyfron Сapital OÜ платформасында ресми бекітілмеген, құндылығы жоқ Сyfron криптовалютасы бойынша жұмыс істейді. Барлығы шынайы көрінеді, бірақ бұл жалған компания. Негізінде ешқандай да сатылым жүрмейді.

Ақша бермеңіздер!
66 views13:24
Ашу / Түсініктеме
2021-08-25 10:43:25 Передача у этой Акбопе жесть оказывается.
Очень по-хамски себя ведет с респондентами, играет на эмоциях, наезжает на совсем мелких акимов у которых даже бюджетов нет, переводит стрелки.

Вся ее передача - это гонго-бред на тему "мы тоже умеем в критику". Позорники. Фу на такое жизнь тратить.
11 views07:43
Ашу / Түсініктеме
2021-08-25 08:28:54 Airbnb компаниясы 20 мың ауған босқынына тегін баспана бермек. Мұны қызметтің бас директоры Брайан Чески Twitter-ден хабарлады. 
 
Қызмет баспана ақысын өзі төлемек. Чески жоба «кең пейіл пәтер/үй иелерінің» арқасында жүзеге аспақ дейді. Ол босқындарға пана боламыз дегендерден компаниямен байланысуды сұрады. 
 
Airbnb — қысқа мерзімге жалға берілетін пәтер не үй іздеуге болатын сайт.  
 
15 тамызда «Талибан» (Қазақстанда террорист ұйым деп танылған) Ауғанстан астанасы Кабулды басып алды. Президенті Әшреф Ғани елден қашып кетті, ал оның інісі Хәшмет Ғани тәліптерге қосылды. 
 
Билік экстремистер қолына өткеннен кейін елден кетеміз деген адам көбейді. Ол жақтан тек әуе арқылы шығуға болатын еді, бірақ тәліптер кей әуежайын жауып тастаған.

#masa_news
53 views05:28
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 06:03:36
96 views03:03
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 07:10:20 Қайырлы күн,

«Харассмент туралы ақпарат жазу нормалары» онлайн-трениңіне тіркелгеніңіз үшін рахмет!

Трениң қазақ тілінде 20 тамыз Алматы уақытымен 11:00-13:00 аралығында өтетінін есіңізге саламыз. Трениңге 10 минут ерте қосылуыңызды сұраймыз.

ZOOM-ға сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/89445554439?pwd=U25NMG9kMXhNKzNOd3JVQ1ZsbGJKQT09

Идентификация нөмірі: 894 4555 4439
Кілтсөзі: 309121

Спикерлер: Эльвира Боханова, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты.

Аяжан Ойрат, халықаралық заңгер, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ бағдарлама үйлестірушісі, «Қазақстандағы заңнамалық реформалар, жауапты бизнес және біліктілігін арттыру арқылы жұмыс орнында және қоғамдық орындарда жыныстық бопсалаумен күрес» жобасының сарапшысы.

Бағдарлама сілтемесі: https://docs.google.com/document/d/1NuL9wnYeo8LsbL5KKyQt_628EV29Oc5hoanZZwobBDo/edit?usp=sharing
77 views04:10
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 08:28:42 Әріптесіміз Димаш Зиядиннен 20 аударма Постты толық берейін деп шештім.

*Қазақ еліне +20 аударма. Сілтеме пост астында, тегін, СМС-сіз, тіркелу керек емес*

Аз ба, көп пе, білмеймін, бірақ телеграмдағы аударма каналына 20 әңгіменің сілтемесін салыппын. Арасында 30 секундқа жеткізбей оқып тастайтын шығарма да, «О, тоба, ә» деп аңырайтып кететін сюжет те, бір күн оқып, бір күн қорытатын қызық та, мұрынды пышылдатып қоятын әсерлі еңбек те бар.

Жо, бұ қазақтың аударма саласындағы қажет-қалауын бір өзім жетер жеріне жеткізіп тастаймын деген ой жоқ. Тәржімадан шалғайлау жатқан қызметте, қоңсы жатқан бағытта қызмет етіп жүрген, уақыты тапшы, оның үстіне D витаминінің деңгейі тым төмен түсіп кеткен біз бейбақта қайбір қауқар бар дейсің, құрысын. Әйтеуір, қолдан келген (қаншалық келіп жатқанын да Құдай білсін) дүниені қаузап, қашалап жүрген біреуміз-дағы.

«О, демалыс келді, ноутқа отырып, жұмыстың жұмысын емес, мына бір әңгімені аударып тастайыншы» деген ойдың өлімсіреп барып сөнуіне мүмкіндік бермейтін, энтузиазмды ұстап тұруға көмектесетін аудиторияға қандай риза екенімді білсеңіз етті. Жалпы, автор үшін ең керемет дүние – осы фидбек. Пікірін айтатын, біліп-білмей кеткен қателерді көрсетіп қоятын, сілтемені өз парағында жариялайтын, ең бастысы, ЕҢ БАСТЫСЫ, оқып тұратын әр адамға алғысым шексіз. Шын айтам.

Жарияланған дүниелерді бір жинап, осында салып қояйын. Ертең өзіме де керек болар.

Таңдап оқимын десеңіз де, «мына біреуін көрмеппін, кәні» деп көзге түскен сілтемеге өтсеңіздер де – мархабат.

1. Кен Лю, «Қағаз аңдар қонысы»: https://ziyadin.wordpress.com/2019/12/24/ken-liu-paper-menagerie/
2. Габриел Гарсиа Маркес, «Алып қанатты кәрі адам»: https://ziyadin.wordpress.com/2020/04/08/gabriel-garcia-marquez-a-very-old-man-with-enormous-wings/
3. Джордж Мартин, «Қап-қара түнек еді туннель іші»: https://ziyadin.wordpress.com/2020/04/25/george-martin-dark-dark-were-the-tunnels/
4. Х.Ф. Лавкрафт, «Ескі кітаптағы сурет»: https://ziyadin.wordpress.com/2020/04/01/h-f-lovecraft-the-picture-in-the-house/
5. Рей Бредбери, «Күн күркіреді»: https://ziyadin.wordpress.com/2020/02/16/ray-bradbury-a-sound-of-thunder/
6. Стивен Кинг, «Бүжәй»: https://ziyadin.wordpress.com/2017/07/24/stephen-king-the-boogeyman/
7. Нил Гейман, «Құн»: https://ziyadin.wordpress.com/2021/06/14/neil-gaiman-the-price/
8. Ричард Мэтисон, «Бастым, бастым»: https://ziyadin.wordpress.com/2021/06/22/richard-matheson-button-button/
9. Фредрик Браун, «Жауап»: https://ziyadin.wordpress.com/2019/11/26/fredric-brown-answer/
10. Роалд Дал, «Қызметші»: https://ziyadin.wordpress.com/2019/12/06/roald-dahl-the-butler/
11. Стивен Кинг, «Есік»: https://ziyadin.wordpress.com/2020/11/20/stephen-king-i-am-the-doorway/
12. Х.Ф. Лавкрафт, «Қорқынышты шал»: https://ziyadin.wordpress.com/2020/12/31/h-f-lovecraft-the-terrible-old-man/
13. Майк Гелприн, «Шырақ жанып тұрды»: https://ziyadin.wordpress.com/2019/03/18/mike-gelprin-shyrak-zhanyp-turdy/
14. Энди Вейр, «Жұмыртқа»: https://ziyadin.wordpress.com/2019/11/16/andy-weir-the-egg/
15. Александр Гутин, «Банджо»: https://ziyadin.wordpress.com/2019/02/08/aleksandr-gutin-bandjo/
16. Стивен Кинг, «Темекіні тастаңыз корпорациясы»: https://ziyadin.wordpress.com/2015/12/21/stephen-king-quitters-inc/
17. Стивен Кинг, «Қанішер»: https://ziyadin.wordpress.com/2017/05/24/stephen-king-the-killer/
18. Нил Гейман, «Қарт Николас»: https://ziyadin.wordpress.com/2019/11/19/neil-gaiman-nicholas-was/
19. Стивен Кинг, «Шайқас»: https://ziyadin.wordpress.com/2019/11/23/stephen-king-battleground/
20. Х.Ф. Лавкрафт, «Ұлтардағы мысықтар»: https://ziyadin.wordpress.com/2021/07/15/h-f-lovecraft-the-cats-of-ulthar/

#оқы
91 viewsedited  05:28
Ашу / Түсініктеме