Get Mystery Box with random crypto!

The Qman

Telegram арнасының логотипі the_qman — The Qman T
Telegram арнасының логотипі the_qman — The Qman
Арна мекенжайы: @the_qman
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 155
Арнадан сипаттама

The Qman - Оқы, біл, талқыла!

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-01-25 12:10:39
Әлеуметтік желі мен түрлі медиада Мәшһүр Жүсіптің Қазақстанның болашағына қатысты жасаған «болжамын» пайдаланушылар жиі бөліседі. Бұл бұрын тараған ақпарат еді, бірақ елдегі кейінгі саяси жағдайға байланысты «70 жыл құдайсыз қоғам болатыны, сосын 30 жыл ұры-қарылар былықтыратыны, кейін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнайтыны» жайындағы болжам қазақ және орыс тілінде белсенді түрде қайта тарай бастады.

Болжамның өзін талдау фактчектің міндетіне кірмейді. Алайда оқырманның көп өтінішінен соң, біз Мәшһүр Жүсіптің сақталған жазбаларында мұндай «болжамның» бар-жоғын анықтауға тырыстық.
26 views09:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-15 08:12:52 Нұр-нейминг: Қазақстанда «Нұр-» атауына ие қанша мекеме бар?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/glavnoe-en/nur-nejming-kazakstanda-nur-atauyna-ie-qansha-mekeme-bar/.
52 views05:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-09 12:25:45 АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЛҒАН АҚПАРАТ!

Соңғы ахуалға байланысты небір қаңқу сөздер, жалған видеолар мен фотолар, тіптен аудиолар таралуы әбден мүмкін. Сондықтан да өзіңізге келген ақпаратты өзгеге жібермес бұрын мыналарға НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

- Ақпарат қаншалықты сенімді? Фото не видео, аудиода сенімсіздік тудыратын элементтер бар ма? Олардың кез-келгенін қарапайым іздеу жүйелері арқылы тексеруге болады. Жеті рет оқып, бір рет жіберіңіз.
- Әсіресе, whatsapp арқылы таратылған ақпаратқа абай болыңыз. Бұл мессенджерде фейк ақпарат жиі таралады.
- Мәтін күйінде жіберілген ақпаратты мұқият оқыңыз. Әдетте, жалған ақпарат қатеге немесе тікелей аудармаға толы болады.
- Кез-келген деректі ресми ақпарат көзімен тексеруге тырысыңыз. Ол үшін ресми органдардың сайты мен әлеуметтік желілерді бір қарап шығу да жеткілікті.
- Басқа ұлт өкілдеріне қатысты немесе ұлтараздық, дінараздық ақпарат таратпауға тырысыңыз. БАЙҚАҢЫЗ! Бұл үшін ҚР ҚК-нде 174- және 256-, 274-баптардың бар екенін ұмытпаңыз.
- Арандатушы контент таратпаңыз.
- Қызық қуам, прикол ұстайм деп желілік лаңкес немесе қылмыскер болып кетуден сақтаныңыз.
- Түрлі мессенджерлер мен интернетте жүрген ақпаратқа сене бермеңіз.

Осы қарапайым бірнеше ережені ұстану арқылы сіз өзіңізді және жақындарыңызды ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ құрбаны болып кетпеудің алдын аласыз.

Кейбір ақпаратты біз де мүмкіндігінше бірден тексеріп отыруға тырысамыз. Ол үшін келесі парақшаларды оқыңыз:
facebook үшін: FactCheck қазақша және FactCheck.KZ
insta: factcheck_kz
telegram: https://t.me/birgeteksereik
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТЫП, ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ!
3 views09:25
Ашу / Түсініктеме
2022-01-05 23:05:32 Бүгін не көрдім?

Қаланың төменгі жағынан Алматы әкімдігіне қарай беттеген наразы топқа Төле би-Розыбакиев көшесінен бастап еріп жүрдім. Әуелі жиырма-отыз шақты адам қиылысты жауып, агрессивті түрде жолдағы көліктерді қуа бастады. Өрт сөндіру көлігінің дөңгелегін жарып, жолды жабу үшін оны қиғашынан қойып қойды.

Артынша айқайлай жүгірген ашулы адамдар қиылысқа жетті. Бұрынғы трамвай жолының бойында наразылар келе жатқанда стэндап түсіріп тұр едім, үш-төрт ашулы адам маған тарпа ұмтылып, боқтап, «телефоныңды құрт» деп айқайлады. Жүзін көрсетуден қорыққан сияқты.

Бүгін күні бойы «Азаттықтанбыз! Азаттықтанбыз!» деп айқайлаумен болдық. Ештеңе түсірмей жай келе жатсақ та, оператор екеуміз ағаш не күрек ала жүгірген мас адамдардың соққысына жығыла жаздадық. Бұл жайт бес-алты рет қайталанды. Үлкен-үлкен тас ұстаған әлгі адамдар камера мен микрофонды көрсе болды, таяқ ала жүгіреді. Наразылар арасында жүрген сондағы кейбір кісілер арашалап алмаса, техникамыз не өзіміздің бір жеріп сынып қайтар едік. Мұндай шабуылдар жиілеп кеткен соң басқа жолмен жүруге мәжбүр болдық.

Жол бойы түгі қалмай өртенген бес-алты полиция көлігін көрдік.

Республика алаңына жеткенде әкімдік ғимараты өртеніп жатыр екен. Тоқтаусыз атыс пен жарылыс даусы естіліп тұр. Адамдар ашулы. «Халыққа оқ атып жатыр» деп айқайлады.

Жол бойы бізге тиіскен ашулы топ мұнда да еркін жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді: итеріп жібереді, боқтайды, сәл қарсылассаң, таяқпен ұруға даяр. Біреуі дөрекі сөйлей бастаса, тап сондай он шақты адам оператор Санат аға екеумізді қаумалап, айқайлай жөнеледі. Ананы айтып, мынаны айтып, қоршауынан әрең шығамыз.

Біз барғанда жұрт әкімдікті ендігі басып алып, президент резиденциясы үшін «ұрыс» бастап кетіпті. Жараланғандар бар деген жаққа шетпен жүріп, әрең бара жатырмыз. Ашулы топ бізді күштеп, атыс боп жатқан ортаға қарай апара жатыр.

Назарбаев көшесінің бойымен жоғары бара жатып, көлік жолынан биіктеу тұрған жаяу жүргіншілер жолына шығып алдық. Басы қанаған, аяғы жараланған адамдар кетіп барады. Бір жігіт «ана жақта өлгендер де бар, олардың бәрін дерлік жігіттер машинамен алып кетті» деді. Біз сөйлескен, алдымыздан шыққанның бәрі «адамдарға әскери оқ атып жатыр» деп айқайлап жатыр.

Сондағы адамдармен сөйлесіп тұрғанымызда кенет қалың нөпір тым-тырақай қаша бастады. Жаным қалмады. Әскери көліктен оқ атып жатыр екен. Шын оқ па, резеңке ме — білмеймін. Жан ұшыра қаштық. Көз алдыма Жаңаөзен оқиғасы кезінде түсірілген видеолар келді. Санат аға екеуміз екі жаққа ажырап кеттік. Мен үйлердің арасына, ол кісі жоғары жаққа кетіпті. Кейін ес-түссіз жатқан адамды, қан жұққан қалқанды түсіріп алыпты. Әлгі кісіні «өліп қалды» дейді. Бұл видеоны біраздан соң Азаттықтан көрерсіздер.

Бүгін бізге, журналистерге, шабуылдағысы келген топ ешқандай да бейбіт наразылар емес. Бүгінгі болған оқиғалар — қирату, тонау, бейкүнә адамдарды ұрып-соғу, біреудің адал еңбегі мен кәсібіне залал келтіру — ешқайсысы да бейбіт наразылардың тірлігі емес. Бүгінгі оқиғаның адам құқығына еш қатысы жоқ. Ұлынан айырылған аналарға, әкесіз қалған балаларға бұлай емес деп көріңізші. Марқұмдардың иманы жолдас болсын.

Бұған жеткізбеу керек еді… Өкінішті. Өте өкінішті.
30 views20:05
Ашу / Түсініктеме
2022-01-05 00:10:22
27 views21:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 21:04:51 Краткие советы по выживанию в бурное время от белорусского народа:

Что сделать обычному человеку:

1. Устанавливаем VPN Psiphon https://psiphon.ca/ (рабочий прокси на случай блокировок https://26394.info/b/https://s3.amazonaws.com/psiphon/web/6rcw-62xy-i1zw/en/download.html) на телефоны и прочие устройства, особенно на IPhone пока связь полностью не отключили. Делаем сразу, потом без AppStrore на IPhone поставить будет невозможно.

2. Добавляем в Telegram прокси-сервер. Для этого заходим в бот https://t.me/ProxyMTProto , там выбираем любой сервер, подключаемся к нему и ждем соединения. Есть еще вариант такого сервера https://t.me/proxy?server=russia-dd.proxy.digitalresistance.dog&port=443&secret=ddd41d8cd98f00b204e9800998ecf8427e

3. На прогулки выходим, обязательно надев медицинскую маску (пандемия) и капюшон, днём хорошо иметь солнцезащитные очки (от «яркого солнца».

Что делать медиа:

1. Бэкапим сайты и переносим на хостинг за пределами ЕАЭС. Лучше всего подойдут облачные Amazon, Azure, Google Cloud.

2. Там же делаем резервный домен на случай блокировки, на субдомене крупной сети доставки контента – власти их опасаются блокировать. Примеры: (1) https://svb1234.azureedge.net/, (2) https://d3kulubvlkp4od.cloudfront.net/ , (3) или даже с помощью гугл-переводчика проксируем трафик https://kaztag-info.translate.goog/ru/?_x_tr_sl=pl&_x_tr_tl=ru&_x_tr_hl=be

3. Желательно купить и настроить в том же облачном сервисе web-application firewall на случай ДДОС атаки и попыток взлома.

Всем удачи!
44 views18:04
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 20:58:33
101 views17:58
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 20:58:25 KCell де мойындады
69 views17:58
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 17:09:10
А неге “жауапқа тартылмайды”? Қылмыс жасаған, тәртіп бұзған адамдар жауапқа тартылады. Ал бейбіт жиын өткізу ешқандай қылмыс емес. Жолдарды жапса, ол - бейшара халықтың үнін көпке жеткізу үшін жасаған соңғы амалы.

“Жауапкершілікке тартылмайды” дей отырып, билік қамбатшылыққа ашынған жұртты қылмыскер көрсетіп отыр.

Ұсынысым мынадай: мәлімдемені “ешкімді ҚУДАЛАМАЙМЫЗ” деп дұрыстап жасасын.
20 views14:09
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 15:45:54 Factcheck.kz Vласть мәлімдемесін қуаттай отырып, КазТАГ пен Orda.kz сайттарының сот шешемінсіз бұғатталауын ҚР Конституциясында тыйым салынған цензцраны қолдану деп санайды.

Біз әріптестерімізді қуаттай отырып, тез арада сайттардың бұғатталуын тоқтатуды талап етеміз!!!
36 views12:45
Ашу / Түсініктеме