Get Mystery Box with random crypto!

The Qman

Telegram арнасының логотипі the_qman — The Qman T
Telegram арнасының логотипі the_qman — The Qman
Арна мекенжайы: @the_qman
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 155
Арнадан сипаттама

The Qman - Оқы, біл, талқыла!

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-01-04 14:55:49 Еліміздегі әр аймақта өтіп жатқан митиңдер туралы белсенді хабарлап отырған @orda_kz сайты бұғатталды.

Тек Ресей не VPN арқылы ашуға болады.
53 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 14:41:39 Азаттықтың Алматы бюросының басшысы Қасым Аманжолды полиция ұстап әкетті.

https://www.azattyq.org/a/31638837.html
107 views11:41
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 10:15:56
Сарыағашта журналист Амангелді Батырбековтің ұлын атып кетті

@azattyq хабарлауынша, "Сарыағаш-информ" газетінің редакторы мұны мұны журналистік қызметімен байланыстырады. Ол Facebook парақшасында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Шымкент қалалық прокуратурасының басқарма прокуроры мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарын "не байланыстыратынын" туралы газеттің алдағы нөмірінде болатынын жазған. Бірнеше адам бұл мақаланы жарияламауын сұраған. Бірақ Батырбеков ешбір ұсынысты қабылдамаған.

Журналистің ұлы жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның "травматикалық шок" алғанын айтады.

Еске салсақ, Амангелді Батырбеков Шымкентте зорланған бала туралы айтқан алғашқылардың бірі.
28 views07:15
Ашу / Түсініктеме
2022-01-02 08:17:02
Назарбаевтың "тоқалы", қызының "күйеуі" және түрік бизнесмені. Азаттықтың 2021 жылғы зерттеулері

Дариға Назарбаеваның "күйеунің" шарықтауы немесе Қайрат Шәріпбаевтың активтері

Азаттық "ҚазТрансГазды" басқарып отырған Қайрат Шәріпбаевқа қатысы бар мекемелерді зерттеп көрді.

"Елбасы" мен дәулетті түрік бизнесменін не байланыстырады?

Назарбаевпен "тікелей" сөйлескен және миллиардтаған теңгеге зәулім ғимараттар салған Феттах Таминже кім?

Miss Kazakhstan, "Астана балет" менеджері. Назарбаевтың "тоқалы" Әсел Құрманбаева кім?

"Пандора құжаттарындағы" Әсел Құрманбаева жайлы не белгілі?

Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы Алматыда тағы бір сауда орталығын салмақ

Нысан Алматыдағы ең қымбат ауданның бірінде бой көтермек.

Қазақстандағы университеттер кімнің меншігі?

Қазақстанда 130-ға жуық жоғарғы оқу орны бар. Оның көбі ұзақ жыл билікте жүрген, министр болған адамдарға тиесілі.

Толығырақ

https://www.azattyq.org/a/investigations-azattyq-2021/31624510.html

@azattyq
73 views05:17
Ашу / Түсініктеме
2021-12-23 08:11:11 Әріптестер, қалдарыңыз қалай?

MediaNet Қордай оқиғасы мен Тіл рейдтері кезінде таралған өшпенділік тілі мен үкіметтің реакциясы хақында зерттеуін таныстыруды бастады.

Зерттеушілер қатарында С. Бейсембаев, Ж. Смағұлова, О.Қыдырбаев, К.Кряквина және басқа авторлар бар. Жоба редакторлары - Ә. Джалилов, Д. Смақов. Болашақта ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу үшін таптырмас зерттеу болмақ.

Сұрақтарыңыз болса, жекеме немесе ютубта пікір ретінде жаза аласыздар.

Трансляцияға сілтеме:


70 views05:11
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 09:40:57 Қазақстандағы адам құқықтарын қазақша талқылау өтеді

Қайырлы күн, әріптестер!

Сіздерді 2021 жылдың 14 желтоқсаны, сағат 13.00-де онлайн өтетін Қазақстандағы адам құқықтарын қазақ тілінде талқылауға шақырамыз.

Талқының негізгі тақырыптары:
Қазақстандағы адам құқықтары мәселелері
Сөз бостандығы мен пікір еркіндігі
Азшыл топ өкілдерін қудалау мен қысым
Қазақстандағы әйел мен еркектердің құқықтары
Қазақ тілді медиадағы адам құқықтары тақырыбының көрінісі

Талқылауға Айна Шорманбаева, Молдияр Ергебеков, Гүлзада Сержан, Жамиля Қасымханова, Оразай Қыдырбаев, Айгерім Құсайынқызы және басқа да құқық қорғаушылар мен сарапшылар қатысады. Талқылаудың модераторы - Думан Смақов.

Шараға сілтеме арқылы тіркеліп, қатысуға, сұрақтарды алдын ала жіберуге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSce9SsKRgv1AywXF8wsQ4FueMEqKqprFK6jY_pp4ZRa42f90g/viewform?usp=sf_link

Шараны MediaNet халықаралық журналистика орталығы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат үшін:
Думан Смақов, smakov@medianet.kz, 8 702 629 2866
Мөлдір Утегенова, utegenova@medianet.kz, 8 708 827 1271
45 views06:40
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 09:40:44
45 views06:40
Ашу / Түсініктеме
2021-12-08 10:23:37 "Беловеж келісімі" кезінде Назарбаев қайда болды?

Витольд Фокин:
...Бәрі дайын болған кезде "бұл іске Қазақстанды да араластырсақ жаман болмас еді" деп қалды. Бәрі "әрине" деп келісе кетті. Нұрсұлтан Әбішұлымен сыйлас қарым-қатынаста екенім ескеріліп, оған не боп жатқанын айтып беруді маған тапсырды.

Азаттық радиосы: Витольд Павлович, нақты сіз бе қоңырау шалған? Ельцин емес пе?

Витольд Фокин: Жоқ! Мен! Нұрсұлтан Әбішұлына телефон соғып, не істегенімізді айтып бердім. Ол таң қалды.

Азаттық радиосы: Онымен құжатқа қол қойып болған соң сөйлестіңіз бе?

Витольд Фокин: Құжат қол қоюға дайын болғанда.

Азаттық радиосы: Қол қойғанға дейін бе?

Витольд Фокин: Иә, қол қойғанға дейін. Оған "қол қоямыз, өзге республикалармен бірге кейін де қосыла аласың" дедім. Ол "жоқ, қолым сендердікімен бірге тұрғанын қалаймын" деді. Мұндай сөз айтылды. Ары қарай оқиға біз ойлағандай болмады. Нұрсұлтан Әбішұлының ұшағына бірдеңе болды. Жағармай құю керек деді ме...

Беловеж келісімі туралы куәгерлер естелігін оқыңыз
36 views07:23
Ашу / Түсініктеме
2021-12-02 08:08:30 “Қазақстандағы гендерлік теңсіздік мәселелерін талдау” зерттеуінің тұсаукесері

зерттеуде қазақ тілінде ақпарат таратын бірнеше медианың материалдарына сараптама жасалған және осы тақырып бойынша сауалнама жүргізілген.

қазақ тіліндегі нұсқасы;

33 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2021-11-27 19:16:37 Соңғы уақытта ерлерден зорлық-зомбылық көріп жатқан әйелдер көбейді. Әне жерде бір келіншек, мына жақта бір әйел таяқ жепті, өз-өзіне қол жұмсапты дегенді жиі еститін болдық. Проблемаға қанша көз жұма қарағанмен, қанша төрт қабырғаның ішінен шығармағанмен тоқтайтын емес, керісінші, үдеп барады. Былайша айтсақ ауруымызды жасырғанмен бір күні аңдамай өлерміз.

Бұл, әрине, тек біздің елде ғана емес, ерлердің озбырлығы бүкіл әлемде бар. Өкінішті. Тіпті осы зорлық-зомбылыққа әлем болып қарсы тұратын 16 күндік акция да бар.

Акция демекші, келіншегім, иә, Саяш ақын осы бір тамаша акцияға арналған өздік айтыс* жасапты. Қоғамдағы проблема, ер мен әйел арысындағы қатынас, құқық, әйелдердің шыдамдылығы айтылған екен.

* Өздік айтыс - ақынның өзімен өзі түрлі жағдайды алға тарта отырып, түрлі кейіпкердің рөлінде өзімен өзі айтысатын айтыстың жаңа форматы.



55 viewsedited  16:16
Ашу / Түсініктеме