Get Mystery Box with random crypto!

Kaspi.kz суперқосымшасында теміржол билеттерін сатып алуға бол | Tenge Online

Kaspi.kz суперқосымшасында теміржол билеттерін сатып алуға болады
Kaspi.kz ҚТЖ-мен бірге жаңа сервисті іске қосты — т/ж билеттерін Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн сатып алуға болады. Билет құнын Kaspi Gold-пен, несиеге сондай-ақ Kaspi Бонустармен толық немесе жартылай төлеуге болады.

Kaspi.kz суперқосымшасын 10 миллионам астам қазақстандық пайдаланады. Қосымшаның айналасында ыңғайлы қызметтердің тұтас экожүйесі қалыптасты — тиімді зат сатып алу, төлемдер, билеттер алу және тағы басқалары.

Өткен жылы Kaspi.kz саяхатшылар үшін арнайы Kaspi Travel сервисін іске қосты, оның көмегімен қазақстандықтар жылдам әрі тиімді әуебилеттерін сатып алады. Енді дәл осылай теміржол арқылы сапарды оңай әрі қарапайым жоспарлап және жолақысын төлеуге болады.