Get Mystery Box with random crypto!

29 маусым күні S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттіг | Tenge Online

29 маусым күні S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Kaspi Bank» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамды «Жағымды» деңгейіне дейін көтерді.

S&P Global бұған бірнеше себеп бар дейді:

* Өткен жылы басқа қазақстандық және ресейлік банктерге қарағанда Kaspi-дің кредит шығындары айтарлықтай төмен болды.

*COVID-19 пандемиясына қарамастан Kaspi-дің резервтерді (тәуекелдердің құны) қалыптастыруға бағытталған шығыны бесжылдық төменгі көрсеткіш 1.7% деңгейіне түсті. Бұл бірінші кезекте несиелік шешімдерді қабылдау шараларының тиімділігіне байланысты.

* Құрамына Kaspi Bank кіретін Kaspi.kz 2021 жылы төлем және электронды коммерция сегментінде айтарлықтай өсім көрсетуін жалғастыруда. Ай сайын белсенді клиенттердің саны 10 млн адамға жетіп отыр, ал орташа капиталға қайтару көрсеткіші рекордтық мәнге — 85%-ға жетті.

S&P Global сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін «BB — / B» деңгейінде және ұлттық шкала бойынша «kzA» рейтингін растады.

@TengeOnline