Get Mystery Box with random crypto!

Есептелген, бірақ  капиталдандырылмаған пайыздар кепілдік объе | Tenge Online

Есептелген, бірақ  капиталдандырылмаған пайыздар кепілдік объектісі болған жоқ және оларды мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы өтеген. Заңға түзетулер енгізілгеннен кейін сыйақының барлық түрлері, оның ішінде капиталдандырылған және есептелген сыйақыға кепілдік беріледі және Қор оларды ең жоғары сомалар шегінде өтейді.    
Осылайша, ҚДКҚ-тан төлемдер бойынша оператор банк анықталғаннан кейін барлық салымшылар кепілдік берілген сомалар шеңберінде өз қаражатын таяудағы бір жарым-екі айда ала алады.  

Capital Bank Kazakhstan-ға қатысты қандай әрекеттер жасалады? 

Агенттік Төрағасының 2021 жылғы 24 маусымдағы №206 бұйрығымен банктің тарату комиссиясы тағайындалған уақытқа дейін әрекет ететін, банк басқармасының барлық органдарының уәкілеттігін қабылдаған уақытша әкімшілік тағайындалды. Уақытша әкімшіліктің басшысы ретінде Агенттік қызметкері – Шолпан Тоқсейітова тағайындалды. Уақытша әкімшіліктің құрамына сондай-ақ ҚДКҚ өкілдері кірді.

2021 жылғы 25 маусымнан бастап ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды есепке алмағанда, клиенттердің және банктің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылды. Агенттік заңнамада белгіленген тәртіпте қызметті мәжбүрлі түрде тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінді.   

Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес, тараптардың келісімі бойынша банктің қаржылық жағдайын нашарлатпайтын өзгерістер енгізуді қоспағанда, банк бұрын жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес. 

Салымшыларға арналған бірнеше пайдалы деректер: 

- Кепілдік өтемдерін лицензиядан айыру процесінен бастап банк-агент (ол арқылы өтініштерді қабылдау және өтемдерді төлеу жүзеге асырылатын әрекет етуші банк) арқылы беруге дейінгі төлеу уақыты  жүзеге асырылатын әрекет етуші банк) 35 жұмыс күнінен аспайды.   

- Егер депозиттегі және банктік шоттардағы сомалар ҚДКҚ ең жоғарғы кепілдік сомаларынан артық болса, жеке тұлға-банк клиенттері кредиторларының банктік шоттары бойынша талаптары кезекке сәйкес жүзеге асырылады. 

- Депозит бойынша есептелген сыйақы да бұдан әрі ҚДКҚ арқылы қорғалатын болады, бірақ ең жоғарғы кепілдік сомасының шегінде.