Get Mystery Box with random crypto!

Бизнес тренерлер, бизнесмендер соңғы уақытта 'сүйікті іспен ай | СтудХакер🌍

Бизнес тренерлер, бизнесмендер соңғы уақытта "сүйікті іспен айналысу" туралы жиі айтуда.

Әрине, сүйікті іспен айналысу маңызды. Бірақ, сүйікті іспен айналыса алатын деңгейге жету де маңызды. Сүйікті, қызықты іс - қызық емес, сүйіксіз істерден кейін пайда болуы да мүмкін.

Өзім қалайтын нәрсемен айналысқым келеді деп, басқа нәрселерден бас тарта беруге болмайды. Кейде А нүктесінен Б нүктесіне жету үшін, ортада қызық емес, түсініксіз, қиын жұмыстар болуы мүмкін. Бірақ, ол нәрсеге де шыдау керек)

Мен 5 айдай аналитикада жұмыс істеп көрген едім. Ұнады деп вообще айта алмаймын. Сол кезде басқа қызықты таңдаулар, жақсы варианттар болды. Бірақ, менің профессиямда аналитиканы көрген, білетін адам жоғарырақ бағаланатын. Сол үшін қызық емес болса да, аналитикада жұмыс жасап көрдік.

Так вот, қандай іспен айналысып жүрсеңіздер де, хайыры бар. Просто арасында ойланып тұру керек. Не үшін бұл жұмыс? Қайда апарады? Қалай әсер етеді? дегендей сұрақтар қойып.