Get Mystery Box with random crypto!

Осыдан 2 ай бұрын, октябрьдың ортасында қатты ойланып жүрген е | СтудХакер🌍

Осыдан 2 ай бұрын, октябрьдың ортасында қатты ойланып жүрген едім.

Бір сәтке өзіңізді менің орныма қойып көріңіздерші. Сен елдегі ең үлкен ұлттық компанияда істеп жүрсің, саған айлық төлейді, саған тұратын үйіңді төлеп береді, саған ағылшыныңды, оқығың келетін оқуыңды төлеп береді.

Бір жылдан кейін саған как минимум 7-8 ірі компания жұмыс ұсынуға дайын. Сені AirAstana, Самрук, КазМунайГаз, Казатомпром, Казахтелеком компанияларының жай филиалындағы емес, головной офисындағы жұмыс күтіп тұр.

Но сенің басқа жасағың келетін кішігірім арманың бар. Сен білесің, арманың орындалмауы да мүмкін, сен білесің, сені түсініксіз жол күтіп тұр. Сенің өз жұмысыңда қалғаныңды ата-анаң да қалайды, сенің жақындарың да кетпе деп совет айтуда.

Сен қай жолды таңдар едің?

Идеалды карьераны ма? Әлде арман үшін, болашағың үшін күн сайын күресуді ма?

Мен екінші жолды таңдадым.. 3 есе аз айлықты, түсініксіз жолды, 24/7 өзің үшін күресуді таңдадым. Бұл нәрсенің қысымын, жауапкершілігін айтып жеткізу қиын) Шешім шығарар да, қағаз бетіне барлық сценарийды жазған едім.

- жұмыстан шықсам не болады?
- жұмыстан шығып, жеке іспен айналыссам, не болады?
- жұмыстан шығып, жеке ісім іске аспаса, не болады?
- жұмыста қалсам, не болады?
- жұмыста қалсам, 2 жылдан кейін кім боламын?

дегендей 30 түрлі сценарийды жазып, әр варианттағы бақыттылық көрсеткішін, қаржылық жағдайды, тәуекел деңгейін есептеген едім. 30 түрлі сценарийдегі мен таңдаған вариант, ең төменгі успех вероятності 17%-ды құраған бір жол еді.

Сол кездердегі бір сөз ешқашан есімнен кетпейді. Жұмыста бастығым, менторым болған адамнан, "не істесем болады?" дегенде, "Ерканат, если есть мечта, иди к ней, и у меня была своя мечта, мен сол арманымды кезінде орындауға тырыспағаным үшін өкінемін" деген болатын.

Сол үшін құрметті достар, кімнің қандай арманы, мақсаты бар екенін білмеймін. Бір білетінім, мақсат-арман болса, ол үшін әрқашан да күресу керек!

Өзгелер қандай әңгіме айтса да, өзгелер қандай нәрсе істеп жүрсе де, маңызды емес. Өмір өзіңдікі, қазір жасамағанда, қазір көрмегенде, қашан көресің?