Get Mystery Box with random crypto!

Инстаграмның, Whatsapp-тың істемей қалғанына байланысты бір оқ | СтудХакер🌍

Инстаграмның, Whatsapp-тың істемей қалғанына байланысты бір оқиға болсын

Черное Зеркало деген сериал бар. Адамдардың өміріне әлеуметтік желілердің қалай кіріп кеткенін ерекше форматта көрсететін, ғылыми-фантастикалық негіздегі сериал.

Сондағы бір серия туралы айтып берейін.

Крис есімді жігіт таксист болып жұмыс жасайды. Бірақ, ол всегда бір ғана жердегі адамдарды тасиды. Құдды бір сол жерде істейтін адамды аңдып жүргендей болатын.

Ол компания Осколки деп аталатын әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіні басқаратын компания еді.

Сөйтіп, Крис бір күні сол жерден кезекті бір адамды алғанда, оны алып қашады…

Ол клиенттің есімі Осколки компаниясында жұмыс жасайтын Джейден еді. Крис Джейденді Осколки компаниясында істейтін маңызды қызметкер деп алып қашқан болатын.

Неге Крис ол компания адамдарын ғана тасыды? Неге ол Осколки компаниясының қызметкерін алып қашты?

Оның мәні мынада. Осыдан 2 жыл бұрын Крис әйелімен өзге қаладан қайтып келе жатады. Крис көлікті айдап бара жатқанында, оған әлеуметтік желіден хат келіп, ол хатқа жауап беріп жатқанда….

Машина өзге машинамен соғысып, оның ең сүйікті, ең жақыны, жұбайы қайтыс болады…

Крис сол күннен бастап өзін кінәлай бастайды, сол күннен бастап ол барлық әлеуметтік желілерден бас тартады..

Енді жаңағы алып қашуға оралайық. Крис Осколки компаниясының генеральный директорымен сөйлесу үшін сол компания қызметкерін ұрлап қашқан еді..

Солай, оған басында ұзақ уақыт генеральный директормен сөйлесуге мүмкіндік бермейді. Бірақ, Осколки компаниясының басшысы Билли қызметкерінің ұрланғанын естіп, Криске өзі хабарласады.

Телефонда Крис: “Билли, мен ең жақын адамымнан айырылдым, мен кінәлімін, мен сол кезде телефонға қарамауым керек еді” деп көзіне жас алады.

Крис Биллиды айыптау үшін хабарласқан жоқ. Оның мақсаты бөлек еді..

Солай, Билли: “Крис, кешір мені, мен әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желіні адамдарды бақытсыз қылу үшін жасамадым, мен өкінемін, мен бұл нәрсені қаламадым, мен жасаған нәрсе зияндық әкелетінін білмедім” деп өз өкінішін білдірді.

Ары қарай не болғанын, Кристың звандағандағы мақсаты не болғанын сол серияны көріп, сезінсеңіздер дұрыс болар деген мақсатта мұнда жазбадым.

Енді қорытынды. Шыны керек, әлеуметтік желілер қарапайым инструмент болып көрінгенмен, қазір бізді басқаратын, қазір біздің болмысымызды көрсететін айнаға айналып кетті.

Бірақ, Крис секілді соңында жылап қалмас үшін, әлеуметтік желіні орнымен қолданып үйренейік.

Есте сақтау маңызды. Әр нәрсенің өз орны, өз мақсаты болады…