Get Mystery Box with random crypto!

Жаңа іс әрекетті қалай бастау керек? Негізі қарапайым сұрақ и | СтудХакер🌍

Жаңа іс әрекетті қалай бастау керек?

Негізі қарапайым сұрақ ия? Бірақ, көп адам осы сұраққа жауапты дұрыс бермейді. Мен жаңа жобаны немесе ойымдағыны жүзеге асырар да, мына бір қағидаға сүйенемін.

"Тауық сойса да, қасапшы сойсын"

Мысалы, осы апта 15 минут платформасының маркетингін қолға алайын деп жатырмын. Менің шагтарым:

1. Ютубтан IT платформаның маркетинг стратегиясы қалай құрылатыны туралы видеоны көремін. Маңызды нәрсе: жалпы маркетинг емес, сату маркетингі емес, нақты IT платформа маркетингі. Жалпылама бәрін білу деген бар, сондай-ақ, ішкі құрылысты білу деген нәрсе бар. Сол үшін мен ішкі құрылысты зерттеуден бастаймын.

2. Маркетолог мамандармен сөйлесу. Біздің платформада KEX Group секілді компаниялардың маркетологтары бар, мен солармен сөйлесіп, олардың біз жайлы пікірін білгім келеді. Олардың көзқарастарын білгеннен кейін барып, мен өз көзқарастарымды іске қоса бастаймын.

3. Жеке отырып, соңғы 2-3 күнде алған барлық мәліметтерді жүйелендіремін. Не маңызды, не қажет деген сұрақтарға жауап беріп, өзімдегі біліммен өзгелерден алған білімді біріктіріп, стратегияны құрастырамын.

Көп адамнан байқаймын, бірнәрсе бастағанда, ұзақ ойланып жүріп қалады. Немесе қалай істерін білмей жатады. Көп ойланудың қажеті жоқ, кішігірім ой-танымды дамытып, тез бастап кету маңызды!