Get Mystery Box with random crypto!

Linkedin Бұл постты 3 жыл бұрын көрсетіп, қанша ақша төле дес | СтудХакер🌍

Linkedin

Бұл постты 3 жыл бұрын көрсетіп, қанша ақша төле десе де, төлер едім.

Linkedin - 700 млнға жуық адам пайдаланатын, кәсіби мамандарға арналған әлеуметтік желі.

Бұл платформа туралы төбеде пост салып, қалай пайдалануға болатынын жазған болатынмын. Бүгінгі постта өзімнің бұл сервисті пайдалануым туралы жазғым келді.

Шынымды айтайын, бұл сервис менің самооценкама қатты әсер етті) Linkedin-дегі адамдардың аккаунтына кіріп, қандай жерлерде істейтінін, қандай проекттермен айналысатынын, қандай навыктары бар екенін көріп, "Ерқанат, че там?" деп өз-өзіме сұрақ қойдым.

Айнаға қарағанда өзіңнің түріңе қарап, күшті боп тұрм дегендей баға бересің ғой, дәл сол сияқты Linkedin-ге кіріп, кәсіби тұрғыдан өзіңе баға беруге болады екен.

Түсінікті болу үшін толығырақ жазайын. Менде мақсат бар, алдағы 5 жылдың ішінде Қазақстандағы ең мықты продукт менеджер болу.

Linkedin- ге кіріп, "product manager" деп жазып, ең мықты деген 10 компанияны таңдадым.

Іздеу нәтижесі бойынша, осы 10 компанияда істейтін 234 продукт менеджер шықты. То есть, бұл 234 адам Қазақстандағы ең мықты компанияларда істейтін, ең мықты адамдар.

2 күн ішінде 50 адамның аккаунтына кіріп, өмірбаянын, қандай инструменттерді білетінін, қандай сертификаттары барын, бәрін қарадым.

Осыдан кейінгі сезімді айта алмаймын енді. Ойымда автоматты түрде "Ерқанат, сен смело бұл деңгейге жете аласың, оказывается олар осыны-осыны біледі екен, сен точно игере аласың" деген ой келді. Бұл жерде бастысы барлық нәрсені үйрену/білу маңызды емес. Маңыздысы, сол 234 адамды қандай маңызды 5 нәрсе біріктіретінін анықтап алу, и сол 5 нәрсені өзіңде қалыптастыру.

Эх, студент кезімде егер осы сервисті қолданғанымда, әлдеқайда алда болушы едім. Осы постты көптеген студенттер/оқушылар оқиды.

Досым, университет қазіргі еңбек нарығы қажет ететін білімді бермеуі мүмкін, берсе де, сен ол нәрсенің маңыздылығын түсінбей, дұрыс оқымай қалуың мүмкін. Сол үшін кім болғың келетінін анықта. Жарайды, тек 1 сала емес, 2-3 сала ішінен таңдай алмай жүрсең де, ештеңе етпейді.

Жанағы сервиске кіресің, 2-3 саланың адамдарын тауып аласың, әр сала қандай проекттермен/қандай жұмыстармен айналысатынын көресің, и өзіңе ұнағанын, ішкі сезімдерің қалап тұрған саланы одан да тереңірек зерттейсің.

Ол адамның навыктарын, жұмысқа қажет скиллдарын көресің да, "Университет осы білімді бере ала ма? Дәл осы нәрсені мен оқып жүрмін ба?" деген өзіңе сұрақтар қоясың. Егер жауабың жоқ болса, саған өздігіңнен әрекет етуің керек секілді)

Ең басты нәрсені айтайын ба? Ең басты нәрсе, ол іштегі ұмтылысты ояту. Lindkedin-ге кіру, менің мамандығыма деген сүйіспеншілігімді оятып, басқалардан озуға, үздік болуға деген ұмтылыстың пайда болуына қатты әсер етті.

Бұл қадамдар үлкен кәсіби маман атануыңа алғашқы қадам болып есептеледі. Мен еш жерден мұндай пост көрмегем, мен бұл постты жазғанда, сәндеп, немесе басқаша күшті қылып жеткізуді емес, барынша қарапайым құндылығын түсіндіруге тырыстым.

Осы постты 3 жыл бұрын көргенімде, эх, ешбір ақшаға тең келмейтін ақпарат алған болар едім. Так что, сен бұл постты қазір оқып отырған бақыттысың) Постты практикалық мақсатта пайдалан!