Get Mystery Box with random crypto!

Стогнация және есеп Бұл пост сенің көшеде біртүрлі болуыңа әс | СтудХакер🌍

Стогнация және есеп

Бұл пост сенің көшеде біртүрлі болуыңа әсер етеді)

Сендер байқадыңдар ма, заман дамып, адамдардың қажеттілігін өтейтін дүниелер көбейіп, біздің әрекеттеріміз азайды. Мысалы, бұрын кірді қолмен жуды, қазір ол қажеттілік жоқ. Әрине, бұл физикалық қажеттіліктің азайғаны.

Сондай-ақ ақыл ойға байланысты қажеттілік те азаюда. Калькулятор, гугл секілді сервистер пайда болып, ақпаратқа оңай қол жеткізуге үйретті.

Инстаграмға, интернетке кіретіндер, болашақта ойлануды да ұмытып қалатын секілді. Олар ізденіске, жаңа нәрсе көруге талпынбайды, себебі, арзан дофаминды сезініп, қажеттіліктерін оңай өтеп, уже қатты қиналғылары келмей қалады.

Бұл нәрселер мидың/адамның ақыл ойының төмен қызмет етуіне алып келеді. Осыны болдырмауға кішкене болсын әсер ететін, бір жол ұсынып көрейін.

Менің кішкентай кезімнен бір әдетім бар. Көшеде кетіп бара жатқанымда, машина нөмерлеріне қарап, 3ке бөліне ма/ бөлінбей ма, соны ойша санап жүремін Өте біртүрлі негізі, но шын)

Елестетші, көшеде кетіп бара жатырм, алдымнан 987 деген нөмермен машина шықса, ойымда автоматты 329 деген сан шығады. 3-4 машинаны қатар көрсем бітті, фык-фык-фык, анау 45, анау 124, анау 211 деп есептеп жатам

Қызық негізі) Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл нәрсе ментальды қасиеттерді дамытады екен. Үзіндісі:

"Устный счет развивает ваши ментальные способности: внимание, память, концентрацию, переключение между несколькими потоками мышления, а также может послужить средством для медитации или отвлечения от грустных мыслей"

Бұл метод саған ұнады деп ойлаймын)

Енді сен көшеде кетіп бара жатқанда, хочешь/ не хочешь, санағың кеп кететін болады) Сәттілік