Get Mystery Box with random crypto!

Мектептен кетер жылы сынып жетекшіме сөз бердім 'Енді бұл мект | Шылғау

Мектептен кетер жылы сынып жетекшіме сөз бердім "Енді бұл мектептің табалдырығын іске жараған кезде, сөзіммен, ісіммен айтарым болған кезде ғана аттаймын. Берерім болмаса қайтып бұл жерге кірмеймін" дедім.

Одан бері бір рет те мектепке кірмедім. Кездесуге шақырды, сыныптастар жиналып барды, мен бармадым.

Өткенде сынып жетекшіммен кезігіп қалдым. Ризашылығын білдірді. Сол сөзіңді қалжыңға балап едім деді.

Бүгін де ішке кір деді, тағы кірмедім. Бірақ, кіретін күн жақындап қалғанын. Менің де жасқа берер сәл болсын "бірдеңем" барын түсінгендеймін.

Сәл қалды...

Білмеймін, мен мектепке сүмірейіп "сағындым" деп баратындарды жақтырмаймын. Ісіңмен, сөзіңмен айтарың жоқ не деп барасың?

Есімде, мен мектеп оқып жүргенде бітіріп кеткендер кеп тұратын. Сынып сыныпты сығалап жүреді. Айтары да, көрсетері де жоқ. Бәлки, содан. Әйтеуір мектепке бармай кеттім.

Барғың келе ме, бар. Бірақ үлгі бол. Көрсет. Дәлелде өзіңді. Сүміреймей кір.

Олсыз қиын... (менің ойымша)