Get Mystery Box with random crypto!

Он бірінші сынып бітіретін жылы ғой. Алғашқы қоңырауға бір апт | Шылғау

Он бірінші сынып бітіретін жылы ғой. Алғашқы қоңырауға бір аптадай ма двйындалдық. Күнде барып қалпй шығамыз, қалай іреміз соны пысықтаймыз. Сосын отырып шар үрлейміз. Ән айтамыз ба сондай бірдеңесі бар.

Сөйтіп жүргенде именно отыз бірінші тамыз күні оңбай таяқ жедім. Бет-ауыздан түк жоқ. Көз көрінбейді. Бет деген домбығып кеткен.

Әй, әкеңнің сол түні қысылғанымды ай. Ертең алғашқы қоңырау. Бірінші сыныптарды жетектеп шығуымыз керек. Ал менің түрім, итке қарағысыз.

Сомен ертеңінде амал жоқ, шашты қайырып, көзге шаңырақтай қара очки тағып мектепке бардым.

Былай қарасаң, сәл серілігі бар біреуге де сәл ұқсадым. Барғасын сынып жетекшім, қоңырау соғарда директор ұрысты. Очкиіңді шеш дейді.

Мен безек қағамын. Шешпеймін. Сөйтіп очкимен қоңырау соқтым. Очкидің астында көгерген көз. Біткенше очкимен жүрдім ғой.

Жақсы естелік болып еді. Одан бері жылжыған талай жыл өте шығыпты.

Бүгін қарындасымды мектепке апара жатырмын. Сәл сағыныппын әкс.

Жақсы оқыңдар. Оқу керек. Маман болу үшін де, адам болу үшін де.