Get Mystery Box with random crypto!

Отыр едім айналысып іліммен, Ұйқы қысты, кеш жатқанмын түнде м | Sakenkyzy

Отыр едім айналысып іліммен,
Ұйқы қысты, кеш жатқанмын түнде мен.
Көз шырымын алайын деп жатқан ем,
Еске түсті мақсатым мен жетпеген.

Қайта тұрдым орнымнан мен теңселіп,
Салқын сумен бетті жудым серпіліп,
Жаба салсам шайтанға мен жаланы,
Ол да азғырып, басынбай ма есіріп.

Күрес керек нәпсімен айтақтаған,
Болсақ екен мақсаттан еш қайтпаған,
Майда істер жеткізеді арманға
Аз болса да, ұдайы боп жасалған!

#кешкі_шабыт