Get Mystery Box with random crypto!

Адамның үнемі шаршап, ештеңеге зауқы болмауының бірден-бір себ | Sakenkyzy

Адамның үнемі шаршап, ештеңеге зауқы болмауының бірден-бір себебі: өз өмірін сүруден қашып, пайдасыз істермен айналысуы. Адамның өз өмірі дегеніміз- Алла бізге міндет еткен істер және әйел болса әйелдік міндеттер, ер болса ер адамға тән міндеттер. Егер пенде пайдасыз білім мен өзіне қатысы жоқ іспен айналысса, оның өзінің өмірлік міндеттері - құлшылыққа, үй шаруаға, жұмыс жасауға күш-қуаты жетпейді.

Оның мысалы мынадай: істемейтін сағатқа өзіне сай емес батарейка салсақ ол жұмыс жасамайды. Ал өзіне сай батарейка салсақ жұмысын атқарады. Тағы бір мысал: Көлікке пісте май құйсаң ол жүрмейді, қашан өзінің майын құясың, сол кезде ғана ол жүреді. Сол секілді адамда өзіне сай міндет істі істесе ол алға жүреді, егер істерінде береке кетіп тоқтаса онда ол өзінің өмірін сүрмей жүргені.

Адамның алар күш-қуаты - өзінің шынайы өмірі. Өзгенің өмірін сүруші адам өзін ыңғайсыз сезінеді. Құлшылық, үйдегі міндетіміз және сүйікті ісімізді үйлестіре білсек, онда өмірден өз орнымызды тапқан боламыз.