Get Mystery Box with random crypto!

SAGAT AGAIDAN | ҰБТ

Telegram арнасының логотипі sagatyessengeldis — SAGAT AGAIDAN | ҰБТ S
Telegram арнасының логотипі sagatyessengeldis — SAGAT AGAIDAN | ҰБТ
Арна мекенжайы: @sagatyessengeldis
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.57K
Арнадан сипаттама

ҰБТ ЭКСПЕРТІ
3 жыл оқушымен жұмыс
Ұсыныс
Сотрудничество/реклама: @Nurila_tulemis

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-05-16 04:56:25 Қайырлы таң
Бүгін НАҒЫЗ-ҰБТ БАСТАЛДЫ
Бүгін тапсыратындар бар ма?
287 viewsSAGATTAN, 01:56
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 06:59:47
мықты жауаптар күтеміз
246 viewsSAGATTAN, 03:59
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 06:58:28 Қайырлы таң
Қалайсыңдар
247 viewsSAGATTAN, 03:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 12:33:17
50 viewsSAGATTAN, 09:33
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 12:06:18 Көптен бері пост салынбапты. ҰБТ ға уақыт таяу… Таңның атысы, күннің батысы әйтеуір бір күйбең тіршілікпен уақыт зымырап өтуде. Осы уақыт аралығында ой елегінен сан түрлі сұрақтар пайда болған шығар.
Бүгінгі күнді мотивациялық пост ретінде жазылған жазбадан бастағым келіп тұр.
Пробный тесттерден өз қалауындағы балды ала алмай жатқан оқушылар баршылық. ҰБТ- ны сезіну үшін көп нәрсе қажет емес. Тек жауапкершілікті арқалап жүру ғана қажет. Грантқа түспей- ақ күн көруге болады, келісемін. Бірақ, қазір өз басымда болып жатқан жағдайлар өткенге өкіндіреді. Жұмыс істеп жүріп, оқуды да қатар алу деген өте қиын нәрсе. Айына кемінде 100k тг жұмсайтын кездерім болды. Оқудың ақшасынан бөлек ата- анаң керегіңе деп 20-30k салғанда ұяттан жерге кірердей боласың. Одан бөлек, оқудың ақшасын ата- анаң төлегеннен кейін сабаққа көп көңіл бөліп, жұмыс та істей алмай қалатын күндерім болады. Студенттік өмірде тапсырманы өте көп береді. Сондықтан болашақ грант иелері, алға ұмтылу жайын ғана ойлаңыз. Бұл реальный өмірде болып жатқан менің грантсыз күндерім.
82 viewsSAGATTAN, 09:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 08:03:03 «Алтын белгі» төсбелгісін алу талабы күшейеді.
Құжатқа сәйкес келесі жылдан бастап:

9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады;

Талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсырады;

Министрдің айтуынша, бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданған.

«НЗМ-де де, жалпы білім беретін мектеп базасында да тапсырмалар бірдей болады», - деп жазды А.Аймағамбетов парақшасында.
132 viewsSAGATTAN, 05:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 08:02:02 Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойдым.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бұйрықта «Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілді.

Естеріңізге сала кетейін, талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданған болатын.

Осылайша, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады.

Сондай-ақ талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады.

Былтыр мектеп бітірушілер рекордтық «Алтын белгі» алды. Кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл алды.
Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді.

Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді.

Айтпақшы, нормалар келесі жылдан бастап күшіне енгенімен, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша үздік белгісін берудің объективтілігі бағаланады.

Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі.

Бұйрықтың мәтіні ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін жарияланады.
101 viewsSAGATTAN, 05:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 05:07:21
Өз ойым
Anonymous Poll
83%
Иә иә салыңызшы
17%
Жоқ,кз бірінші қатырып алайықшы
23 voters66 viewsSAGATTAN, 02:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 05:06:39 Шетел вуздарын көріп отырғандар бар ма?
Мәліметтер мен шәкіртақы алу мүмкіншілігі туралы ақпарат салғаным дұрыспа
66 viewsSAGATTAN, 02:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 05:00:56 Биылғы түлектердің назарына Дарынды жастар елiмiздiң жетекші жоғары оқу орындарында қалай тегін білім ала алады?

Нархоз Университеті қоғам мен экономикадағы оң өзгерістерді қолдау үшін талантты жастарды тартатын, халықаралық деңгейде танылған жоғары

оқу орнына айналуды мақсат етеді. Ол үшін «Верный капитал», ForteBank компаниялары және ЖОО-ның басқа да серіктестері жастардың Нархоз Университетінде білім алуы үшін жыл сайын 100-ден

астам грант бөлуде. Гранттар елiмiзде және одан тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ ЖОО-ның академиялық талаптарын қатаң сақтап, жақсы оқитын басқа ел азаматтарына да беріледі.

Бұл ретте Б.Ж. Өтемұратов атындағы <<Болашақ бизнес-көшбасшылары» стипендиясын ерекше атап етуге болады. Бұл грант тегін білім алу, ай сайын 70 мың теңге көлемінде жоғары стипендия беру және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында ақылы тағылымдамадан ету сынды мүмкіндіктерді қамтиды.

!! Стипендия 3 турдың қорытындысы бойынша тағайындалады:

1) математикалық сауаттылықты, логиканы және Қазақстан тарихын тексеруге бағытталған емтихан; 2) бизнес-кейсті ағылшын тілінде шешу; 3) тұрақты даму, экономика, туризм немесе IT бойынша тақырыптардың біріне ғылыми жоба қорғау.Нархоз университеті жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға гранттар мен жеңілдіктер беледі.

Нархоз Университеті болашақ экономистерді, қаржыгерлерді, аудиторларды, бухгалтерлерді, маркетологтарды, заңгерлерді, менеджерлерді және цифрлық технологиялар, қонақ үй бизнесi, туризм және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарды үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) окытады.

Нархоз университеті Қазақстанның топ-5 жоғары оку орындарының қатарына кiредi, олардың тулектерi PwC, EY, KPMG және Deloitte сияқты «Үлкен төрттік» компанияларында ерекше сұранысқа ие. Қосымша сұрақтар бойынша:

+7 (727) 377-11-11 +7 (747) 364-88-99

@narxozkz

@miras_daulenov
PS: Биыл кiм 11 бiтiргелi жатыр? Логинін жібере. отырыныз. Бұл ақпараттың пайдасы тиiп калар. Университет Алматы қаласында.
72 viewsSAGATTAN, 02:00
Ашу / Түсініктеме