Get Mystery Box with random crypto!

SAGAT AGAIDAN | ҰБТ

Telegram арнасының логотипі sagatyessengeldis — SAGAT AGAIDAN | ҰБТ S
Telegram арнасының логотипі sagatyessengeldis — SAGAT AGAIDAN | ҰБТ
Арна мекенжайы: @sagatyessengeldis
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.57K
Арнадан сипаттама

ҰБТ ЭКСПЕРТІ
3 жыл оқушымен жұмыс
Ұсыныс
Сотрудничество/реклама: @Nurila_tulemis

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-05-05 05:56:49 Сәлем әлем
Қалайсыңдар
Ұбт дайындық қалай
25 май мен вальсқа дайындалып ент ұмытып кетпеңдер
166 viewsSAGATTAN, 02:56
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 07:09:51 Өзіме!

Проблема:
Смартфонмен көп отырасың. Уақытың пайдасыз посттар мен стористер көрумен өтіп жатыр. Көзің құрып, миың әлсіреп барады.

Әрекет:
Смартфонды белгілі уақытта ғана ұста. Пайдасыз қосымшаларды өшір. Инстаграмда - пайдалы контенттерді ғана қара [шектеулі уақыт ішінде].
Көп кітап оқып, көп жаз! Жанұяңа көп уақыт бөл. Өмір қысқа. Мағыналы, сауапты істер көп жаса.

Проблема:
Аз қимылдап, көп жейсің. Көп ұйықтап, тәртіпсіз [дисциплинасыз] жүрсің.

Әрекет:
Күн сайын 10.000 қадам мақсатың болсын. Бұдан кейін тоймай жеуге тырыс. Көкеністер мен жеміс-жидек же. Сонда ұйқың да түзеле бастайды. Ерте тұрып, Алланың берер берекетін жіберіп алма!

Проблема:
Біреуден көмек күтіп, істердің жасалуын дәметіп жүресің.

Әрекет:
Ешкімге тәуелді болма! Сонда ешкімнен көмек сұрамайсың, дәметпейсің. Аллаға сеніп, өзің жасауға тырыс. Назарыңды толықтай аударып істеген істің - берекеті болады.

Қорытынды:
Осыларды жасасаң 70-80% проблема - өздігінен шешіледі. Сол үшін, кейінге қалдырмай қазір баста!

Ps. Өзіме айттым өсиет,
Алғым кеп жақсы қасиет.
Боламын десең керемет
Сен де жаса әрекет.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!
44 viewsSAGATTAN, 04:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 06:46:19 Қайырлы күн
Қалай жағдай
68 viewsSAGATTAN, 03:46
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 10:17:00 Тарих сұрақ жауабымен көріп шығыңдар
Нағыз керек мәлімееттер
#тарих #prom2022
115 viewsSAGATTAN, 07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 10:16:10 189)Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер:Қырғыз жері
190) Мәскеу үшін соғыста болған Қазақстандық батыр:Б.Момышулы.Ғабдуллин,Бейсекбаев,Тоқтаров
191)Қазақстан 2010да төрағалық еткен ұйым:ЕқЫұ
192)1921 жылы құрылған кедейлер ұйымы:Қосшы одағы
193)Іле өзеніндегі қорған:
194) 1847 жылы Кенесары шайқасқан соғыс:Кекілік Сеңгір
195)Оңтүстік жане Оңтүстік шығысты билеген:Шағатай
196)Абай Құнанбаев Пушкиннен аударған поэма:Евгений Анегин
197)мәтін:Әбілғазы
198)Қазақ хандығын әлемге танымал еткен қалалар:Сығанақ,Сауран,Созақ
199) 1967-68 жылғы реформа бойынша Түркістан генерал губернаторлығына кірген :Жетісу-Сырдария
200)Қола дәуірінің Мало Красноярка қонысының ерекшелігі:Қола және мыс орақтар табылды
201)Қимақтардың мекендеген жерлеры:Ш.Түркістан мен Жетісу
202) 1960жылы Мәскеуде кұрылған ұйым:Жас тұлпар
120 viewsSAGATTAN, 07:16
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 10:15:50 120)Ұлы Отан соғысына қатысқан Алтын жұлдыз иеленген адам: Луганский
121)Кенесарының атының аты: Ақтаңкер
122)Қарлұқтың екінші астанасы-Баласағұн
123) ХХғ 50ж экономикалық мәселеге байланысты қақтығыс өткен қала:
124)500-200 ж бұрын өмір сүрген:Синантроп
125)"Қазақтардың өмір сүруінің өзі проблемаға айналды" деп айтқан: Байтұрсынов
126)Ноғай ордасының жайық бойындағы астанасы-сарайшық
127)Қарахан мемлекетіндегі дінбасылар мен әскербасылар меншігіндегі жерлер: вақфтық
128) Кеңес кезіндегі балалар ұйымы-пионер
129)Алғашқы рет 1603ж болған қазақ бұқар соғысы өткен жер- Айғыржар
130)1991ж ТМД құрылған қала: Алматы
131)Алаш партиясының баспасөз органы: "Қазақ" газеті
132)Жәңгір хан(1628-52)
133)Алтай тауының баурайында бұлақ тайпалары мекендейтіні айтылды: қытай
140) 1950ж екінші жарт. Тау кен жабдықтарын жасау зауыты ашылған қала: Өскемен
141) Соғыстан кейін жеңілген мемлекеттен мәжбүрлі төлем алуы: контрибуция
142)Сарматтардың археологиялық олжасы мол әрі қызықты қорымдарының бірі: Лебедевка
143)Түрік қағанатының астанасы-Суяб
143)Ақ ордада қалалық мәдениетті жандандырған кім-Ерзен
144) Оғыздарда Кеңесші лауазымы-күл еркіндер
145)Жеті жарғыда жұртшылық бөліміндегі мәселе-шүлен тарату- ас той,мереке үстіндегі ережелер,жасауыл,бөкеуіл,тотқауылдардың міндеті
146)Ежелгі үнді-иран деректері бойыншы сақтарды қалай атады арбада тұрғандар
147)Қазақ ордасының Ликургы деп кімді сипаттайды-Тәуке хан
148)Ат-әбзелдері қай ғасырда пайда болды-9
149)Цемент зауыты қай қалада-Шымкент
150)Ноғай ордасында Едіге билік еткен кездегі шекара кай жерге дейін ұлғайды:Батыр сібір ойпатына дейін немесе Ертіс
151)766-840ж Қимақтардың қоныстанған аймағы:Батыс Алтай Тарбағатай Алакөл айпаты
152)Үстіртте зерттелген сармат ескерткіштері:Бәйте,Терең
153)Орыс кінәзі Владимир 985ж оғыздармен одақтасып шабуылдаған мемлекет: еділ бұлғарлары
154)Қазақ АКСР і қайда жарияланды: Орынборда
155) Жәңгір ханның тапсырмасымен мешіт ашылды: 1835ж
156)Мұса хан тұсында Қарахан мем-ң орталығы: Қашқар
157) Берке хан Алтын орданы күшейте түсу үшін : Ислам дінін қабылдады
158)Шығыс Қазақстаннан табылған неолиттік тұрақ: Усть Нарым
159) Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауынан табылған қорым: Бесшатыр
160)Есім хан тұсында болған тарихи оқиға:
161)1993ж соңында Қазақстанда тіркеуден өткен 3 саяси партия: Социалистік, Қазақстан халық конгресі, ҚР партиясы
162) Мустье кезеңінің батыс қазақстандағы тұрағы: Шақпақата
163) 1917ж ақпан революциясынан кейін спас зауытында құрылған ұйым: жас жүрек
164) 1960ж синтетикалық каучук салынған қала: Теміртау
165)1797ж Игельстром ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан: Айшуақ
166) керейіттер туралы жазған тарихшы: рашид ад дин
167)Жоғарғы билеушісі шаньюй, Басты тұлға түменбасы болған тайпа: Ғұн
168)Ақ Орда мен Моғолстан қарсы күш біріктірді:Әмір Темірге
169) 19ғ 60ж реформаны бекіткен: екінші Александр
170) Азияны металмен қамтамасыз еткен өндіріс: Қарағанды металлургия комбинаты
171)Сарматтар туралы дерек қалдырған тарихшылар;Полиэн,Диадор,Герадот

172)1201 жылы қырғыз меркіт тайпаларының құрылтай өткізу себебі:Моңғол тайпаларының күшеюіне қарсы

173)Мәскеумен байланысқа шыккан казак ханы:Хақназар
174)Шыңғыс ханның жеке басын қорғауға арналған әскері:Кешіктен
175)Ерте қола заманында алтын өндірілген аймақ:Қалба,Нарын
176)Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан бекініс:Ақтау бекінісі
177)Шығыс қараханды жаулап алған найман ханы:Күшлік
178)1995 жылы Юнеско көлемінде 150 жылдығы тойланған ақын:Абай
179)1964-1986 жылдары КОКПнын бірынші хатшысы болып атқарған кім:Д.Конаев
180)Жаңа тас ғасыры-Неолит
181)Шәкәрім кімнің шәкірті болды:Абайдың
182)Исатай мен Махамбеттің көтерілісі болған аймақ:Еділ мен Жайық
183)Абд ар Рашид хан тұсында әлсіреген хандық:Моғолстан
184) 1996 жылы ЮНеско колемынде 150 жылдыгын тойлаган тулга:Ж.Жабаев
185) 1791-1838 жылдар аралагында өмір сүрген батыр: Исатай Тайманулы.
186)Жәнібек ханның таққа таласқан баласы:Қасым
187)Мезолит заманының жаңалығы саналатын тастан жасалған құрал:Микролиттер
188) Кейінгі полеолит кезінде Жетісуда орналасқан тұрақ:Майбұлақ
91 viewsSAGATTAN, 07:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 10:15:35 58)Аласапыран романының авторы: Мағауин
59)Мезолиттің үлкен жаңалығы: садақ бен жебе
60)Қаңлы мемлекеті туралы жазған Цыма Цянь еңбегі: Тарих жазбалары
61)Батыс түрік қағанатындағы жергілікті жердің негізгі тірегі:бектер
62) 1446ж Атбасар маңында Мұстафа ханды жеңген кім:Әбілхайыр
63) 1962-1964жылдары Қонаев атқарған ісі: Қазақ КСРы жоғары кеңес төрағасы

64) Кенесарының жеке отрядын басқарған кім- Бұхарбай( А.Иманов.Тіленшіұлы)
65) Хақназар хан дос болып ант беріскен-Абдаллах
66)ҰОСнан кейін халық шаруашылығының жұмысшыларының жетіспеушілігін жою үшін-
67) 1997ж ЮНЕСКО 100жылдық мерейтойын тойлаған: Әуезов
68)Қазақстанның ұлттық валютасы енгізілді-1993ж 15қараша
69)Қазақстандағы қола дәуірі кезеңдері: Нұра Атасу Беғазы-Дәндібай
70)Түрік шежіре еңбегінде жалайыр туралы жазған тарихшы: Бахадур
71)Энолиттік тұрақ-Ботай,Шебір
72)Сарматтардың теріден жасалған ыдыстары-торсық,саба,көнек,мес
73)2010жылы Қазақстан,Белларус кірген ұйым-Кедендік Одақ
74) Тасмола мәдениетінің ерекшелігі-екі жерлеу орнынан тұрады
75)Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде кімдерден жеңілді-ойраттардан
76)Д.Қонаев оқыған оқу орны-Мәскеу түсті мет.инст
77)Синтетикалық зауыт салынған қала-
78)Спаскта құрылған ұйым- Жас Қазақ
79) Кедендік одаққа кіргендер)Ресей,Беларус,Қазақстан
80)Әбілхайыр ұрпақтары бейліктен бас тарту себебі-Ноғай ордасының ыдырауы
81)б.з.б 1млн жыл бұрын не болды
82)Бөрілер қай хандықтың ең мықты тайпасы болды-Қыпшақ хандығының
83)Наймандардың орталығы-Балықты
84)1835ж Құсмұрында дүниеге келген ғалым-Ш.Уалиханов
85)Орынбор ген-губернаторлығына кірген облыс-Орал
86)Шебір тұрағы қай кезеңге жатады-Энолит 3000-1800
87) Сақ әйелдері батыр келеді деп жазған-грек авторы Ктесий
88) 9-11ғасырда өмір сүрген қағанат- Оғыз,Қимақ
89)Бесеудің хатын кімдер жазды-Мүсірепов,Мансұр Гатаулин, Мутаж ДәулетҚалив, Емберген Алтынбеков,Қадыр Қуанышов
90)Өскеменде салынған фабрика
91)Күйдірілмеген кірпіштен салынған қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын кесене-Түгіскен
92)Неолиттің Сексеуіл тұрағы орналасқан аймақ-Қызылорда
93)Қазақстан аумағынан табылған Неолиттік тұрақтар саны-800
94)Ерте темір дәуіріне жататын Тасмола мәдениті табылған аудан-Орталық Қазақстан,(Жайық-Ертіс)
95)756-940ж өмір сүрген мемлекет-Қарлұқ
96)1943ж Алматыда жарық көрген "Қазақ КСРы тарихы" көлемді еңбегінің авторы: Бекмаханов
97)Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері Шу мен Қозыбасы болған дпп жазған: Дулати
98)Тағар-әскерді қамтамасыз ету үшін заттай салынатын салық
99)Азамат соғысы кезінде қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе- Әскери коммунизм
100)1706-1778ж өмір сүрген жырау-Үмбетей
101)Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағұлмат көзі болып табылатын 18ғ өмір сүрген белгілі жырау-Үмбетей
102) 1960л тоқыма фабрикалары салынған калалар:Жезқазған Семей Ақтөбе
103)Унитарлы- құрамында федеративтік құрылымдары болмайтын мемлекеттік құрылыс формасы
104)Қарақытай мемлекетін құлатқан мемлекеттер-Хорезм,Найман
105)Оңт.Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері-Түгіскен,Ұйғарақ
106)Полихромдық стилді дамытқан көшпелі тайпа: Ғұн
107)Мичуринг,Явленко тұрақтары орн-н аймақ: Солтүстік Қазақстан
108)Қарахандарға ақыл кеңес беретін: уәзір
109)14-16ғ өмір сүрген мемлекет: Моғолстан
110)Шығыс Қазақстандағы мустье ескерткіші: Қанай
111)Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханға көмекке келген батыры: Шапырашты Қарасай, Жалаңтөс
112) Сүткент, Фараб қалалары туралы жазған тарихшы: Қашғари
113) Қарахан мемлекеті құрылған аймақ: Жетісу мен Шығыс Түркістан
114)Ғұндардың негізгі шаруашылығы:Көшпелі мал шаруашылығы
115)Запароньже ферроқорытпа зауытынан жабдықтар алған зауыт: Ақтөбе
116) Темір дәуірі кезінде шығыс қазақстанда көптеп кездеседі: патша қорғандары
117) Сарматтардың негізігі шаруашылығы:Көшпелі мал, аң аулау
118)20ғ 70ж қудаланған шығарма
119) "Көш" суреті авторы: Хлудов
92 viewsSAGATTAN, 07:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 10:15:13 1)1207-1209 жылдары Шыңғыс хан жаулап алды: таңғұттарды
2)Семей полигонынан зардап шеккен Семей мен Павлодардан басқа облыс: Қарағанды
3)Қыш құмыралар заманы: неолит
4)1628-1652ж. билік еткен: Жәңгір хан
5)Бәйгетөбеден табылған "Шілікті алтын адамы" табылған жататын ғасыр: б.з.д 7ғ. аяғы мен 8ғ. басы
6) Өз еңбегінде қимақтардың Қарантия қаласын көрсеткен ғалым: М.Қашқари
7)Қазақстанда б.з.б. 8-5ғ. өмір сүрген тайпа: сарматтар
8) Тасқа түсірілген хатты суреттер:
9)Кир сұрақтарға шабуыл жасаған жыл: б.з.б. 530ж
10)Үйсіндердің қарғалы тәтісінде қанатты тұлпарлар ненің бейнесі саналды: Күннің
11)Түргеш астанасы: Суяб, жазғы ордасы-Күңгіт
12) Тың игеру желеуімен 1960ж. басына дейін Қазақстанға қоныс аударған адамдар саны: 2млн.
14)Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымсыз салдары: мал жайылымының азаюы
15) Шегу мен Тон қаған кезінде батыс түрік қағанаты: аумағын ұлғайтты, саяси жағдай күшейді
16) Шанхай ұйымына мүше елдер: Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан
17)19ғ-ң 40-50ж. Аралдың солтүстік-батысында көтерілісті бастаған: Есет батыр
18) Қазақстан аумағын сақтар мекендеген мерзім: б.з.б 8-3ғ
19)1918-20ж. болған көтеріліс: Азамат соғысы
20)Қарлұқтардың өмір сүрген уақыты: 756-940
21) Әбілхайыр хандығында тоқтаусыз соғыс болған мерзім: 15ғ. ортасы
22)Қимақтар туралы жазған: Гардизи
23) 1910ж. жарық көрген М.Дулатов романы: "Бақытсыз Жамал"
24)Қазақ елшілеріне жауап ретінде 1595ж. Мәскеуден жіберілді: В.Степанов
25)Қасым ханның әскер санының 300мыңға жеткені туралы дерек келтірген ғалымдар: Бабыр, М.Х.Дулати
26)Қарлұқтардың астанасы: Суяб
27)Жасөспірімнен ересекке өту ғұрпы: бағыштау (иннициация)
28)Ең жас ҰОС Кеңес одағы батыры: Ж.Елеусізов
29)Әбілхайыр жеңіліп, Шығыс Дешті қыпшаққа қашты: ойраттардан (Үз Темір тайшыдан)
30) Қарахан мемлекетінің батыстағы астанасы: Үзкент, кейіннен Самарқанд
31) 1ғ. Каспий-Арал теңізін мекендеген тайпалар дайлар деп жазған: Страбон
32)Әл-Идриси еңбегінде "ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды" деп сипаттаған елдер: Оғыз-Қимақ
33)Сарматтардың ғибадатханалары орналасқан ескерткіштер: Бәйте, Терең
34) Абд Ар-Рашид хан тұсында ыдырай бастаған мемлекет: Моғолстан
35)Қыш құмыра, тоқыма қалыптасқан дәуір: неолит
36)1992ж. маусымда: Елтаңба, Ту. Желтоқсанда әнұран
37) Қарантия қаласын сызбаға түсірген: Әл-Идриси
38)1992ж. 7-мамырда: ҚР қарулы күштері құрылды
39)1954ж. Ж.Шаяхметовтың қызметінен босатылу себебі: Тың жерлерді игеруді қолдамады
40)1991ж. 16-желтоқсанда: Қазақ КСР-нің президенттік сайлауының қабылдау қаулысы болды
41)Қыпшақтардың әскери жүйесі 2 қанатқа бөліну себебі: ертедегі түріктердің дәстүрі бойынша
42)Екі мәрте Кеңес Одағы батыры атағын алған әскери ұшқыш: Т.Бигелдинов(Павлов,Беда, Луганский)
43)20ғ. 50ж. экономикалық мәселеге байланысты қақтығыс өткен қала:
44)1945ж. Рейхстагқа ту тіккен алғашқылардың бірі: Р.Қошқарбаев, Г.Булатов
45)1836-38ж. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс қамтыды: Кіші жүзді, Бөкей Ордасын
46)КОКП ХХ съезінде қаралған ең басты мәселе: Сталиннің жеке басына табынуды айыптады
47) Беғазы-Дәндібай мәдениетінің басты ерекшелігі: жеке меншік қалыптасты
48) Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласы: Шірік-Рабат
49)1950ж ашық әдіспен көмір өндірудің көлемі артқан: Екібастұз
50)1867-68ж. Реформа бойынша Торғай облысының құрамына кірген уезд: Ырғыз
51) Днепр үшін ұрыстарға қатысқан қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының батыры: Ж.Елеусізов
52)Ойраттармен ұзақ уақыт күрес жүргізген Моғолстан ханы: Уәйіс
53)Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде ерлік көрсетіп қаза тапқан минометші: Қ.Спатаев
54)Әзірбайжан жеріне мешіт салдырған Алтын Орда ханы: Берке
55)ХІVғ-ң ортасында құрылған мемлекет: Моғолстан (ХVIғ-ң басына дейін)
56)Ш.Уәлихановтың кадет корпусында бірге оқыған досы: Потанин
57)1960ж Трансформатор зауыты салынған қала:Кентау
109 viewsSAGATTAN, 07:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 06:14:02 СІЗДЕР БАЙҚАЙСЫЗДАР МА?
Соңғы кезде жастардың арасында тіпті ата-аналардың да ішінде:
“оқудың керегі жоқ”
“Универге түсу-уақыт жоғалту”
“Диплом-түкке жарамайтын қағаз” деген сөздер жиі айтылатын болды. Білім грантын алып тұрып саналы түрде университеттен бас тартқан баланы өз көзіммен көрдім. Ұраны “Здесь и сейчас” Дәл қазір ақша табуым керек, реферат жазып уақыт жоғалту әурешілік деген ұстаныммен өмір сүреді. Бұған бірінші себеп курстар мен тренингтерде сабақ беріп жүрген кейбіреулер осы сөзді өте көп айтады. Иә, қысқа мерзімді курстар үйрететін ақша табудың төте жолын университет үйретпеуі мүмкін. Бірақ академиялық білімді мұнша қадірсіз қылып көрсетуге заңмен шектеу қою керек деп ойлаймын. Марафон, курс,тренинг сіздің жаңа қабілетіңізді ашса да бұл уақытша ғана тренд. 2022 ма 2030 жылы ма білмеймін, бірақ мұның дәуірі әйтеуір бітеді. Негізгі мамандық пен қосымша білімді шатастырмаңыз. Университетте оқып жүріп, қосымша курсыңызды өте берсеңіз сізге кім шектеу қояды?
Екінші себеп
Илон Маск сияқты әлемге танымал немесе жас буын еліктейтін адамдардың “мен университетте оқымадым, бірақ оқығандар менің қол астымда жұмыс істейді” деген сияқты рас-өтірігі белгісіз сөздері интернетте кеңінен насихатталып жүр. Мұның бәрі халықты жаппай топастандыру үшін әдейі жасалып жатқан дүние. Білім-ғылымнан теріс айналдыру. Бала-шаға, іні-қарындас, дос-жаранға осыны ескертіп айта жүрейік. Надан елді билеп-төстеу оңай. Ғылыми жаңалықты басқа ұлт ашса, біздікілер тек фаст-фуд ашса, ең танымал тұлғасы тик-ток пен хип-хоптан шыққандар болса, бар білімі 3-күндік марафоннан аспаса қазақтың болашағы бұлыңғыр. Бұлыңғыр жерде неміз бар?

Автор: Жандарбек Бұлғақов
105 viewsSAGATTAN, 03:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 06:11:29 Қайырлы таң
Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін
Тек қана позитивті көңіл күйде болыңыздар
111 viewsSAGATTAN, 03:11
Ашу / Түсініктеме