Get Mystery Box with random crypto!

​​БҰҰ VII Съездің өткізуін қолдайды   Қазақстан Республикасы П | Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі

​​БҰҰ VII Съездің өткізуін қолдайды
 
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті.
 
Мәулен Әшімбаев 30 жылда Қазақстан мен БҰҰ арасында тығыз қарым-қатынас орнағанын атап өтті.
 
«Мемлекет басшысы тарапынан тұрақты даму мәселелеріне айрықша мән беріліп келеді. Қазақстанның ұлттық басымдықтары БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарымен және бағдарламасымен тығыз байланысты. Ұйым белгілеген мақсаттар біздің стратегиялық құжаттармен және бағдарламалармен интеграцияланған», – деді Мәулен Әшімбаев.
 
Сенат Төрағасы сондай-ақ ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті. Мемлекет басшысының жаңғырту күн тәртібін қолдау көрсеткіштерінің бірі ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен референдумның нәтижелері болды.
 
Өз кезегінде Абдулла Шахид Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар дер кезінде қолға алынғанын және олар елдің одан әрі дамуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.
 
Сондай-ақ, Тараптар алдағы уақытта Қазақстан астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін өткізу мәселесін талқылады.
 
Съезд Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев қатысатынын растағандар қатарында БҰҰ құрылымына кіретін БҰҰ Өркениеттер Альянсы мен Парламентаралық Одақ басшылары да бар екенін жеткізді, сондай-ақ Съезд аясында БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерриш бейнеүндеу жасайды деп күтілуде.
 
«Съезд қорытындысы бойынша Декларация қабылданады. Құжатта әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін ұзақ мерзімді тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу процесіне белсенді жұмылдыруға қатысты бірқатар маңызды ережелер қамтылады», – деді Мәулен Әшімбаев.
 
Өз сөзінде Абдулла Шахид Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалогты қалыптастырып, оны нығайтуға қосып отырған үлесі мен осы бағыттағы жұмысының маңызын жоғары бағалады. Ол БҰҰ тарапынан Съезге қолдау көрсетілгенін атап өтіп, қазіргі таңда дін лидерлерінің рөлі әлемді одан әрі дамыту және жаһандық диалог мәдениетін нығайту үшін өте маңызды екеніне назар аударды.