Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqstan.tv

Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv Q
Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv
Арна мекенжайы: @qazaqstantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 53.27K
Арнадан сипаттама

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2023-07-03 06:02:44
Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды
4.7K viewsedited  03:02
Ашу / Түсініктеме
2023-07-02 19:36:24 «APTA» жаңалықтарының қорытындысы

Әлемдік БАҚ: Пригожинге не болады?
Кремль қандай түйін түйді? Көрші елдегі оқиға осы апта Ақордада қайта талқыланды.

«Жұртқа жақын полиция» қағидаты қашан орнайды?
Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді.

1 шілдеден бастап жаңа Әлеуметтік кодекс күшіне енді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Әлеуметтік кодексте көзделген басқа да новеллалар аясында 1 шілдеден бастап не өзгергенін айтты.

«Алтын орда» базары үшін күрес жалғасып жатыр
Алматы базарынан шу шығып, белгісіз топ сауда нысанының күзет қызметін қолына алмақ болып, қоқан-лоққы көрсеткен.

Жасөспірімдер неге вейпке құмар? Электронды шылымның соңы қандай сырқатқа әкеліп соғуы мүмкін? Әлем елдері бұнымен қалай күресіп жатыр?

@qazaqstantv
5.5K views16:36
Ашу / Түсініктеме
2023-07-02 16:58:51
«Қазақстан барысы 2023» жеңімпазы анықталған сәт

Нұрдәулет Жарылғапов
«Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Ғалымжан Қырықбай 2011 жылдан бері «Қазақстан барысы» турнирін жеңген тоғызыншы балуан.

Сонымен қатар осы турнирге «Әскер барысы» ретінде қатысқан Жамбыл облысының өкілі алтын, күміс және қола белбеуді иеленді.
5.3K viewsedited  13:58
Ашу / Түсініктеме
2023-07-02 16:43:38
Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан барысы – 2023» атанды

2021 жылғы турнирдің күміс жүлдегері финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты қоян-қолтық белдесуде жеңіп, алғаш рет «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарды. Жамбыл облысының өкілі биылғы жарысқа Әскер Барысы ретінде қатысты.

Ғалымжан ауыспалы алтын тайтұяқ және алтын белбеумен бірге 25 млн теңгені еншіледі.
5.3K viewsedited  13:43
Ашу / Түсініктеме
2023-07-02 16:39:19
Мұхтар Дәлелханұлы «Қазақстан барысы» турнирінің қола жүлдегері атанды

Павлодар облысының балуаны Әскер Барысы Марат Байқамуровты қоян-қолтық белдесуде жеңіп, қола белбеу және 1,8 млн теңгені еншіледі.
4.8K viewsedited  13:39
Ашу / Түсініктеме
2023-07-02 14:08:32
ЭКСКЛЮЗИВ! Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым – Қожа» фильмі сценарийінің түпнұсқасы «Гауһартас» бағдарламасында

№41 А. Қарсақбаев атындағы мектептің мұражайында сақтаулы тұрған сценарийдің түпнұсқасын мектеп директоры Ләззат Доланбаева алып келді.

«Гауһартас» бағдарламасының толық нұсқасы:

5.3K views11:08
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 06:34:12 2029 жылға дейін елімізде 25 жаңа су қоймасы салынады

Бас қаланы сумен қамтамасыз ету бойынша зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде Астана су қоймасы жөндеуден өтеді.

«2023-2029 жылдар аралығында мемлекеттік меншік декларациясын әзірлеуді ескере отырып, 77 су шаруашылығы объектілеріне көп факторлы тексеру жүргізіледі. 3,5 мың шақырым суару каналдары жөндеуден өтеді. 25 жаңа су қоймасы салынады, жұмыс істеп тұрған 16 қойма қайта жаңғыртылады»,- делінген министрліктің тұжырымдамасында.

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған жарияланды.

@qazaqstantv
611 viewsedited  03:34
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 06:14:51 Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді

Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды. Және Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі.

@qazaqstantv
793 viewsedited  03:14
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 20:17:29
Астанада жаңа су станциясы кезең-кезеңмен іске қосылады Себебі бірер айдан бері «Астана Су Арнасы» су қысымын төмендетуге мәжбүр. Жалпы қала да, ондағы халық та өсіп келеді, нәтижесінде ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. @qazaqstantv
947 viewsedited  17:17
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 17:12:30
Жыл басынан бері елімізде 45 адам суға кетіп қаза тапты

Соңғы 5 күннің өзінде 17 адам суға батып кеткен. Еліміз бойынша қазір 500-ге жуық суға шомылу орны белгіленген. Оның 180-інде медициналық көмек көрсету пункті жоқ. Жаңадан құрылған Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарында мұндай тізім де жасалмаған.

@qazaqstantv
2.0K views14:12
Ашу / Түсініктеме