2029 жылға дейін елімізде 25 жаңа су қоймасы салынады Бас қал | Qazaqstan.tv
2029 жылға дейін елімізде 25 жаңа су қоймасы салынады
Бас қаланы сумен қамтамасыз ету бойынша зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде Астана су қоймасы жөндеуден өтеді.
«2023-2029 жылдар аралығында мемлекеттік меншік декларациясын әзірлеуді ескере отырып, 77 су шаруашылығы объектілеріне көп факторлы тексеру жүргізіледі. 3,5 мың шақырым суару каналдары жөндеуден өтеді. 25 жаңа су қоймасы салынады, жұмыс істеп тұрған 16 қойма қайта жаңғыртылады»,- делінген министрліктің тұжырымдамасында.