Get Mystery Box with random crypto!

🇰🇿 QAZAQRED | inside

Telegram арнасының логотипі qazaqred — 🇰🇿 QAZAQRED | inside
Telegram арнасының логотипі qazaqred — 🇰🇿 QAZAQRED | inside
Арна мекенжайы: @qazaqred
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 446
Арнадан сипаттама

⚡ Құрметті оқырман!
Бұл каналда Украинадағы соғыс, Қазақстан және дүние жүзіндегі маңызды саяси оқиғалар жайлы шұғыл ақпарат пен сарапшылардың эксклюзив пікірлері жарияланады.

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-05-31 19:12:24 Сенбейсіз! Қарағанды облысында цементсіз үй салынып жатыр

Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында цементсіз үй салынып жатыр. Үш қабатты 17 тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасымен жүзеге асырылған екен.

Цементсіз үйді «Агропромремстрой» компаниясы жарты миллиард теңгеге көтеріп жатыр. Ал бұл құрылысты техникалық тұрғыда қадағалауы тиіс компания он миллион теңгеге жуық қаржы алған. Шу әлеуметтік желіге шығып кеткеннен кейін бе әлде шынымен олқылықты байқады ма, әйтеуір жергілікті әкімдік пен прокуратура қызметкерлері қазір құрылысты толық тоқтатты.

t.me/qazaqred
242 viewsedited  16:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 13:03:35
Алматыда кеше ғана ашылған жаңа метро станциясы...

t.me/qazaqred
282 views10:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 13:00:38
Қазақстанда Toyota Camry мен RAV4 көліктерін сату тоқтатылды. Ресми дилерлік орталықтардың мәліметіне сәйкес, аталған модельдердің елге қашан жеткізілетіні белгісіз.

Camry мен RAV4 модельдерінің қысқаруына Санкт-Петербург қаласындағы Toyota зауыты жұмысының тоқтауымен байланысты болып отыр. Себебі көліктер сол жерден өндіріліп, Қазақстанға жөнелтіледі. Бүгінде автомобиль компоненттерін жеткізудің кешіктірілуіне байланысты өндіріс тоқтатылды.

t.me/stankznews
267 views10:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 12:56:27 Алматыда 1 маусымда 16 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Балаларды қорғау күніне орай.

t.me/qazaqred
264 views09:56
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 09:32:07
1033 – соғыс басталғалы Ресей нарығынан кеткен компаниялар саны.

Тағы 430 компания кәсіпкерлік қызметті тоқтату процессінде.

t.me/qazaqred
271 views06:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 09:23:46
Бүгін Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Президент Тоқаев Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты.

t.me/qazaqred
283 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 13:40:53
Түркіменстан мен Қырғызстанда бірқатар Ресей арналары көрсетілмей қалды - Азаттық радиосы
124 views10:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 11:00:21
Жансая Әбдімәлік Германияда өткен шахмат Бундеслигасында чемпион атанды.

Қазақстаннан шыққан шахматтан тұңғыш әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жеңісін жариялады. Ол мерзімінен бұрын шахматтан Бундеслига чемпионы атанды.

Шахмат Бундеслигасы – әлемнің ең үздік ойыншыларын тарта отырып, Германия чемпионы атағы үшін 16 команда күресетін әлемдегі жетекші шахмат лигаларының бірі.

t.me/qazaqred
195 views08:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 08:20:31 "Туыстарымның бірі заң бұзғаны үшін менің атымды пайдаланса, олар тиісті жауапқа тартылуы керек"

Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Әшімбаевқа сұхбат берді.

- Референдум туралы.
"5 маусымда өзіме берілген Конституциядағы құқығымды міндетті түрде қолданып, референдумда дауыс беруге қатысамын. Осы жылдар ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді реформалау мен одан әрі дамыту жөніндегі іс-қимылын барынша қолдадым. Бұл жолы да қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады".

- Туыстары туралы.
"...Заң бәріне ортақ. Туыстарымның бірі заң бұзғаны үшін менің атымды пайдаланса, олар тиісті жауапқа тартылуы керек. Кінәсі сотта дәлелденуі қажет".

- Кәрім Мәсімов туралы.
"Жоғары оқу орнының қамқоршылық кеңесі Назарбаев Университетінің қаржысын басқару, оның инвестициялық қызметі, соның ішінде еліміздің жекелеген қаржы институттарымен байланысты мәселелермен тікелей айналысты. Кеңес төрағасы сол кездегі премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов болды... Оның құзыретіне университеттің және онымен байланысты құрылымдардың, соның ішінде жеке қаржы ұйымдарының қаржылық қызметі кірді. Кәрім Мәсімовке қатысты қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, менің ойымша, құқық қорғау органдары оның жұмысының осы бағытын да түсінеді".

- Қаңтар оқиғасы туралы.
"Сол уақытта мен үшін түрлі қауесетке жауап беруден гөрі, біздің президентімізге қолдау білдіруім маңызды болды. Мен Президентке елдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының өкілеттігін тапсырдым. Оқиға жағдайы қиын болар еді, абырой болғанда Президенттің сенімді шешім қабылдауы оның алдын алды".

t.me/qazaqred
225 viewsedited  05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 07:41:07
Жолсеріктер пойыз ішінде жас ананы босандырып алды.

Атырауға жолға шыққан әйелдің толғағы таңғы бестер шамасында басталған. Ал Сәуле Ілиясова бастаған жолсеріктер қажетті шаралар қабылдап, әйелге босануға көмектескен. Жарты сағаттан кейін әйел қызын аман-есен дүниеге әкелді.

t.me/qazaqred
220 views04:41
Ашу / Түсініктеме