Get Mystery Box with random crypto!

🇰🇿 QAZAQRED | inside

Telegram арнасының логотипі qazaqred — 🇰🇿 QAZAQRED | inside
Telegram арнасының логотипі qazaqred — 🇰🇿 QAZAQRED | inside
Арна мекенжайы: @qazaqred
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 446
Арнадан сипаттама

⚡ Құрметті оқырман!
Бұл каналда Украинадағы соғыс, Қазақстан және дүние жүзіндегі маңызды саяси оқиғалар жайлы шұғыл ақпарат пен сарапшылардың эксклюзив пікірлері жарияланады.

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-06-03 12:27:06 Екінші деңгейлі банктер жеңілдетілген автонесие бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатты. Науқан басталғалы 9 мыңға жуық автонесие рәсімделген.

@chinovnik_kz

t.me/qazaqred
202 views09:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 12:24:53
Түркістан облысында информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Оқиға Сарыағаш қаласында болған. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр, дегенмен ер адам жасөспірім қызға үйленгенін, некесі қиылғанын айтып ақталды.

Қызының зорланғаны туралы арызды полицияға анасы 30 мамыр күні түсірген. Алайда желіде жарияланған видеода әйел қызын ер адамға өз еркімен ұзатқанын мәлімдеген. Қазір полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
202 views09:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 09:02:35 QAZAQRED | inside pinned a photo
06:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 08:09:20
Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөл. Әкімдік ақыры құрғатыпты. Енді мұнда қоқиқаз да келмес…
226 views05:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 08:07:08
Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы көпірге “Тоқаев, Жанболат Мамайды босат” деген баннер ілінді.

Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай 14 наурыздан бері қамауда жатыр. Оған екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Баннерді ілгендерді полиция ұстап, айыппұл салған.

t.me/qazaqred
222 views05:07
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 07:36:37
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан 4 жасар Айкөркемге арналған мурал пайда болды. Суретті Айкөркемнің әкесінің қызына арнап шығарған «Қай аға маған оқ атқан?» өлеңінің сөзі жазылған.

Қабырғадағы сурет пен өлеңнің үзіндісі Rukh2k19 парақшасында жарияланды.

"Еркесі едім үйдегі,
Деуші еді бәрі ботақан.
Қуанушы еді үлкендер,
Берді деп сені жаратқан.
Алаңсыз келе жатқанда,
Қай аға маған оқ атқан?
Атыпсың дәлдеп мылтықты,
Алды-артыңа қарамай.
Осынша неге өшіктің
Кіп-кішкентай балаға-ай?
Не кінәм менің бар еді
Өлтірдің неге, ағатай?!"
248 viewsedited  04:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 20:52:34 5 маусым референдум күні, Алматы паркингке тиесілі көше бойындағы барлық ақылы тұрақтар ТЕГІН болады.

t.me/qazaqred
67 viewsedited  17:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 16:41:12
Ферғана. Өзбекстан. Арзан нанға таласқан халық.

Әлеуметтік дүкенде 60 теңгеден нан сатылып жатыр дегенді естіген халық осында ағылған.

t.me/qazaqred
134 viewsedited  13:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 14:50:53
Яндекс Go қосымшасы қазақша сөйлей бастады. Керемет!

t.me/qazaqred
169 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 14:49:30
ҚазМұнайГаздың бұрынғы басшысы Ибулла Сердіге іздеу салынды.

Ол аса ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілінген.

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеу салынған ер кісіге қатысты ақпарат беретін адамға сыйақы берілетінін айтты.

https://t.me/nehabarkaz
146 views11:49
Ашу / Түсініктеме