Get Mystery Box with random crypto!

🇰🇿 QAZAQRED | inside

Telegram арнасының логотипі qazaqred — 🇰🇿 QAZAQRED | inside
Telegram арнасының логотипі qazaqred — 🇰🇿 QAZAQRED | inside
Арна мекенжайы: @qazaqred
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 446
Арнадан сипаттама

⚡ Құрметті оқырман!
Бұл каналда Украинадағы соғыс, Қазақстан және дүние жүзіндегі маңызды саяси оқиғалар жайлы шұғыл ақпарат пен сарапшылардың эксклюзив пікірлері жарияланады.

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-06-02 11:08:46 Сенатор Нұртөре Жүсіп балағат сөз айтқан, ішімдік ішкен өнерпаздарды 5 жылға сахнадан шеттетуді ұсынды. Ол өз сөзінде Алматыдағы спорт сарайында концерт өткізген "ИК" тобы мен SHIZA лақап аты бар әншінің іс-әрекетін мысалға келтірді.

"Әдетте концертті кімдер ұйымдастырды? Қалтасында қомақты қаржысы барлар өткізеді. Оларға мына мөлшердегі айыппұлды төлей салу түкке тұрмайды», - деді Нұртөре Жүсіп.
202 views08:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 10:41:16
Семейде 250 гектарға жуық орманды алқап өртенді. Өрт сөндірілді.
210 views07:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 10:39:52
Әп сәтте өлген адам құсап жата қалуды білетін ресейлік сарбаз
207 viewsedited  07:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 09:04:16
Ердоған Сирияның солтүстік өңірінде арнайы операцияның басталғанын мәлімдеді.

Операцияның басты мақсаты - Манбидж, Тел-Рифат қалаларын азат ету деп сөзін қысқа қайырды түрік президенті - Anadolu.

t.me/qazaqred
203 views06:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 08:57:59
Ресей бақылауындағы Қырымда "Сұлулық ханшайымы - Қырым көктемі 2022" сайысы өтті.

Суретте конкурстың жеңімпазы

t.me/qazaqred
210 views05:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 07:04:21
"Менің атым Қожа" фильміне ескерткіш орнатылды. Астана.
55 views04:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 17:49:01
Қаңтар оқиғасында қаза тапқан қазақстандақтардың бейресми тізімі.

Қабырғада 188 адамның
аты-жөні, қашан, қанша жасында қаза тапқаны көрсетілген.

Тізімді Азаттық Радиосы дайындаған.

https://t.me/nehabarkaz
182 views14:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 13:42:46
Антикордың «жалған қызметкері» қамауда

Желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған Нұрбол Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео таратылуда.

Айта кетейік, Нұрбол Кәрімов ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр.

Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталды.

Каримов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін екенін хабарлаймыз - Антикор News.

t.me/qazaqred
223 views10:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 12:18:56 Қанаудан басқа не білеміз?!

Қазақстанда мемлекетке салық төлемеген және сәйкес тіркеусіз жұмыс істеген такси жүргізушілеріне 15 АЕК (45 945 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Егер заң бұзушылық қайталанса, айыппұл 30 АЕК немесе 91 590 теңгеге дейін өседі.

t.me/qazaqred
230 views09:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 12:17:17
Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министрі) болып тағайындалды.

t.me/qazaqred
232 views09:17
Ашу / Түсініктеме