Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqparat

Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat Q
Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat
Арна мекенжайы: @qazaqparat_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.30K
Арнадан сипаттама

"ҚазАқпарат" ХАА ресми арнасы- кәсіби журналистика платформасы.
Авторлар - біздің Қазақстандағы және шетелдегі тілшілеріміз. Біз өзіміз көретін нәрсені жариялаймыз.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2022-08-05 13:14:18 Тұтынушылар құқығын қорғайтын Омбудсмен институты енгізіледі

Ол тұтынушылар, ғылыми қызметкерлер мен сарапшылардың ашық талқылауынан соң қабылданады.

Жаңа заңға сәйкес, Омбудсмен институты салалық мемлекеттік органдар әзірлейтін құқықтық актілерді дайындау процесіне міндетті түрде қатысуға құқылы болады.

@qazaqparat_kz
119 viewsedited  10:14
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 12:58:51
Атырау облысындағы «Болашақ» қондырғысында «Қашаған» мұнайын дайындау тоқтап тұр

Бұған қондырғының өндіріс алаңындағы газ құбырының ақауы себеп болған.

@qazaqparat_kz
121 views09:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 11:22:29
Қазақстанда некені тіркеу мерзімі қысқартылады

Неке бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні тіркеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

@qazaqparat_kz
45 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 09:29:46
2024 жылы бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлім етті.

«Қазіргі уақытта 5G технологиясы бірнеше қалада ілкі режимде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз. Сол аукционда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі болады. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол.

@qazaqparat_kz
35 views06:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 08:44:44
Геннадий Головкин Қазақстанда тағы да жекпе-жек өткізгісі келеді

Головкин Compas On The Beat басылымына берген сұхбатында 17 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен өткен үшінші жекпе-жектен кейін бокстағы мансабын аяқтау жоспары жоқ екенін, ал зейнетке шықпас бұрын қазақстандық жанкүйерлер үшін үлкен шоу көрсеткісі келетінін айтты.

«(...) Болашақта кіммен, қалай және қайда жекпе-жек өткізуге қатысты жоспарым көп. Менің сүйікті Қазақстаным бар, онда бокс кешін өткізу керек деп ойлаймын, үлкен жоспарларым бар», - деді GGG.

@qazaqparat_kz
4 views05:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 08:36:20
Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

Кеше Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алдын ала анықталғандай, кикілжің жергілікті тұрғындардың арасында болған.

@qazaqparat_kz
31 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 08:31:29
Қазақстандық банктер жарты жылда 355 млрд теңге таза пайда тапқан

Бұл көрсеткіш 2021 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 46,2 пайызға төмен.

@qazaqparat_kz
40 views05:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 08:12:44
Егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель қайта сатылып келген

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сату фактілерін анықтады.

@qazaqparat_kz
53 views05:12
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 07:25:28 Fly Arystan-ға әуе рейсі кешіккені үшін 3 млн теңге айыппұл салынды

2022 жылдың 16 шілдесінде «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін «Fly Arystan» бөлімшесі Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсін 12 сағат 9 минутқа кешіктіргені анықталды. Ал ұшақты осынша уақыт бойы күткен жолаушыларға қонақ үй ұсыну қызметтері тиісінше ұсынылмаған.

Әуе компаниясына 4 тамызда 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) айыппұл салынды.

@qazaqparat_kz
24 views04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 07:16:51
Аида Сатыбалдинова WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (6-2-1, 2 КО) Монтебеллода (АҚШ, Калифорния) өткен кеште өнер көрсетті.

Онда ол америкалық Челси Андерсонмен (5-0, 2 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте боксшылар WBC International-дың жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белдігі үшін күш сынасты. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің шешімімен Андерсонның жеңісімен аяқталды.

@qazaqparat_kz
40 views04:16
Ашу / Түсініктеме