Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда электрлі самокаттардың тұрағы пайда болды Бірінші ке | Саяси Шолу

Алматыда электрлі самокаттардың тұрағы пайда болды

Бірінші кезеңде белгілер Достық, Абай, Назарбаев даңғылдары, Гоголь көшесінің бойына жасалып жатыр. Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақ жасалады.

Тұрақ аумағы ақ түсті бояумен самокат кескіні арқылы белгіленеді. Тұрақ алаңы шамамен 4 шаршы метр болады, оған 10-ға жуық жалдамалы самокат қоюға болады. Арнайы белгілердің жасалуы қала тұрғындарына жалдамалы самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтірмейтін орындарға қалдыруға мүмкіндік береді, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі мен электрлі самокаттарды жалға беру сервисінің операторы арасында меморандумға қол қойылған. Құжат электрлі самокаттардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен апатты азайтуды көздейді.