Get Mystery Box with random crypto!

Оқу жылы 2 аптаға ұзартылды Оқу-ағарту министрлігінің аппарат | Саяси Шолу

Оқу жылы 2 аптаға ұзартылды

Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешім бекітілді.

Осылайша алдағы оқу жылы 1-сынып үшін 35 аптаға жалғасса, 2-11 сыныптар 36 апта бойы оқиды. 31 қазаннан 6 қарашаға дейін 7 күн - бұл күзгі демалыс болып есептеледі. Қысқы демалыс 31 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында болады. Сондай-ақ, 18-ші және 26-наурыз аралығында оқушылар көктемгі демалысқа шығады. Ал 1-сыныптағы бүлдіршіндерге қосымша 7 күн демалыс беріледі. Оқу жылының аяқталуы 1 маусымға белгіленіп, жазғы каникул 1 қыркүйекке дейін жалғасады.