Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда 5G биыл қолжетімді болады 2019 жылдан бері кеңін | Саяси Шолу

Қазақстанда 5G биыл қолжетімді болады

2019 жылдан бері кеңінен игеріліп келе жатқан 5G технологиясы оның алдындағы 4G-мен салыстырғанда 100 есе жылдам жұмыс істейді. Бүгінде оның төңірегінде қызу талқылаулар әлі жалғасып келеді. Біреулер байланыстың бұл түрі адам денсаулығы үшін аса қауіпті дегенді алға тартады. Енді басқалары оның көмегімен цифрлық экономиканы жаңа деңгейге көтеруге ниетті.

Спидтест жаһандық индексінің мәліметіне, сәйкес, интернет жылдамдығы бойынша әлемде бірінші орында Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Алғашқы бестікке Катар, Оңтүстік Корея, Норвегия мен Кувейт кіреді. Қазақстан бұл тізімде 83-орында. Елімізде 5 джи технологиясы пилоттық режимде 2019 жылы іске қосылған. Алайда қазақстандықтар үшін ол жыл соңына таман ғана қолжетімді болады. Ең алдымен оны Нұр-Сұлтан және Алматы тұрғындары қолдана алады. Өзге қалаларда байланыстың бұл түрі тек 2025 жылға таман ғана іске қосылуға тиіс.