Get Mystery Box with random crypto!

Миннацэкономики РК

Telegram арнасының логотипі presseconomy — Миннацэкономики РК М
Telegram арнасының логотипі presseconomy — Миннацэкономики РК
Арна мекенжайы: @presseconomy
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.65K
Арнадан сипаттама

ҰЭМ ресми телеграм-каналыТелеграм-канал МНЭ РКСайт https://economy.gov.kzFacebook Twitter https://twitter.com/minec_kz

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-15 14:46:06 Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Президенттің тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы баяндады.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі атап өткендей, ҰЭМ инфляция деңгейін бақылау және төмендету, тарифтердің күрт көтерілуіне жол бермеу, жаңа салық-бюджет саясаты, квазимемлекеттік секторды реформалау шараларын іске асыруға белсенді қатысуда.

Инфляция деңгейін тұрақтандыру мақсатында Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда.

«Құжат 67 іс-шараны іске асыруды қамтиды. 2022 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша 13 жедел іс-шара орындалды, 25 шара – орындалуда, 20 орта мерзімді шара тұрақты негізде орындалуда», - деді Т.Жақсылықов

Ол Министрлік халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізгенін еске салды. 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді, бұл халыққа 3,2 млрд. теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

«Бүгінгі таңда мораторий аяқталды. Екінші жартыжылдықта тарифтердің ағымдағы жылғы инфляция дәлізі шегінде өзгеруі күтілуде», - деп нақтылады ол.

Жаңа салық-бюджет саясаты шеңберінде бюджетаралық қатынастарды реформалау және мерзімдері мен кезеңдерін екі есеге қысқарта отырып, бюджеттік жоспарлаудың реинжинирингі бойынша жұмыс жүргізілуде. Өңірлердің пайдасына қарай қаржы-экономикалық функцияларды орталықсыздандыру бойынша жұмыс басталды.

«Бүгінгі таңда Бюджет кодексіне түсімдердің қосымша түрлерін жергілікті деңгейге беру арқылы өңірлердің өзін өзі қамтамасыз етуін күшейту бойынша түзетулер әзірленді. Субвенциялар мен бюджеттік алымдарды есептеу кезінде жергілікті атқарушы органдардың шығыстар бойынша құзыреттері кеңейтіледі және іс-шараларды іске асыру бойынша жауапкершілігі көтеріледі. Сондай-ақ, газ жобалары бойынша фискалдық преференциялар мәселесін пысықтау тапсырылды. Осы мәселе бойынша Жақсартылған модельдік келісімшартты әзірлеу шеңберінде негізгі тәсілдер әзірленді», - деп атап өтті Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және «Самұрық-Қазына» қорын реформалау бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы бағыт бойынша мемлекет қатысуының нақты өлшемі, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа сыныптамасы, сондай-ақ, корпоративтік басқарудың жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен модельдері айқындалатын болады.

«Самұрық-Қазына» қорының миссиясы жеке инвестицияларды тарта отырып, жүйе құраушы жобаларға белсенді ортақ инвестициялауға баса назар аударып, қайта қаралатын болады. Қор активтерін нарыққа шығару процестері жеделдетілетін болады. Бұл тиімділігі жоғары, жинақы және ашық квазимемлекеттік секторды қалыптастыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Т.Жақсылықов.

t.me/presseconomy
111 views11:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 13:10:39 Казахстан представил второй Добровольный национальный обзор по реализации ЦУР ООН в Нью-Йорке

Сегодня на площадке ООН Министр национальной экономики РК Алибек Куантыров представил второй Добровольный национальный обзор по реализации Целей устойчивого развития.

Как отметил глава МНЭ, Казахстан уделяет особое внимание формированию и развитию институциональной базы реализации ЦУР. Система госпланирования в стране реализуется с учетом 262 национальных индикаторов, напрямую вытекающих из ЦУР.

По словам министра, РК первым в Центральной Азии провел Оценку финансирования развития. Она показала, что государственный бюджет остается основным источником финансирования устойчивого развития. В то же время частный сектор имеет большой потенциал для увеличения финансирования.

«При реализации ЦУР мы руководствуемся одним из важных принципов – «никого не оставить позади». Важно, чтобы каждый был услышан. К обсуждению и определению приоритетных ЦУР для страны привлекаются представители органов государственной власти, гражданского общества, общественных объединений, международных организаций, а также молодежь и другие группы населения», - сказал А.Куантыров.

Приоритетным ЦУР были определены следующие направления: «Ликвидация нищеты», «Хорошее здоровье и благополучие», «Чистая вода и санитария» и «Достойная работа и экономический рост».

Кроме того, в Казахстане реализован Комплексный план восстановления экономического роста. В результате принятых мер, национальная экономика демонстрировала планомерное восстановление по итогам 2021 года, достигнув 4,1% роста ВВП.

«За первые 6 месяцев 2022 года приток инвестиций в основной капитал увеличился на 2,6% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Международные резервы составили 86,6 млрд. долларов», - уточнил министр.

При этом особое внимание уделяется и зеленым инициативам. Принят новый Экологический кодекс, соответствующий международным стандартам. Доступ к объектам водоснабжения в городах достиг 98,1%, в сельской местности 93%.

«Разрабатывается Стратегия достижения углеродной нейтральности до 2060 года, которая позволит значительно снизить вредное воздействие на окружающую среду. Принципы устойчивого развития постепенно интегрируются в стратегии и бизнес-модели на основе принципов ESG», - сообщил глава Миннацэконмики.

Казахстан ставит задачу обеспечить к 2025 году долю несырьевого экспорта на уровне 45,7%, повысить производительность труда на 20,6%, расширить использование альтернативных и возобновляемых источников энергии до 50% к 2050 году и постепенно снижать потребление угля.

t.me/presseconomy
33 views10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 13:09:10
Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша екінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырды Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша екінші Ерікті…
43 views10:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 13:08:49 Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша екінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырды

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша екінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырды.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Қазақстан ТДМ іске асырудың институционалдық базасын қалыптастыруға және дамытуға ерекше көңіл бөледі. Елде мемлекеттік жоспарлау жүйесі Тұрақты даму мақсаттарының 262 ұлттық индикаторын ескере отырып, іске асырылуда.

Министрдің айтуынша, ҚР Орталық Азияда ең алғашқы болып дамуды қаржыландыруды бағалау бойынша жұмыс жүргізді. Бағалау мемлекеттік бюджет тұрақты дамуды қаржыландырудың негізгі көзі болып қала беретінін көрсетті. Сонымен қатар, жеке меншік сектор қаржыландыруды ұлғайту үшін үлкен әлеуетке ие.

«ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) іске асыру кезінде біз «ешкімді артта қалдырмау» маңызды қағидатын басшылыққа алып отырмыз. Әркімнің пікірі естілген жөн. Ел үшін басым ТДМ-ды талқылауға және айқындауға мемлекеттік билік органдарының, азаматтық қоғамның, қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жастар мен халықтың басқа да топтары тартылады», - деді Ә.Қуантыров.

Тұрақты даму мақсаттарының келесі бағыттары басым болып белгіленді: «кедейлікті жою», «жақсы денсаулық және амандық», «таза су мен санитария» және «лайықты жұмыс пен экономикалық өсу».

Бұдан басқа, Қазақстанда Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары іске асырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық экономиканың ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) өсімі 4%-ға жетіп, жоспарлы қалпына келді.

«2022 жылдың алғашқы 6 айында елімізге инвестиция ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артты. Халықаралық резервтер 86,6 млрд. долларды құрады», - деп нақтылады министр.

Бұл ретте жасыл бастамаларға да ерекше көңіл бөлінеді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Қалаларда сумен жабдықтау объектілеріне қолжетімділік 98,1%-ға, ауылдық жерлерде 93%-ға жетті.

«2060 жылға дейін көміртегі бейтараптықа қол жеткізу Стратегиясы әзірленуде, ол қоршаған ортаға зиянды әсерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Тұрақты даму қағидаттары ESG стандарттары негізінде стратегиялар мен бизнес-модельдерге біртіндеп еңгізілуде», - деп хабарлады ҰЭМ басшысы.

Қазақстан өз алдына 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорттың үлесін 45,7% деңгейінде қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін 20,6%-ға арттыру, баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды 2050 жылға қарай 50%-ға дейін ұлғайту және көмір тұтынуды біртіндеп азайту міндеттерін қойып отыр.

t.me/presseconomy
42 views10:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:11:04 Глава МНЭ принял участие в Политическом форуме высокого уровня ООН по устойчивому развитию
 
Алибек Куантыров принял участие в Министерском круглом столе на тему «Ускорение достижения ЦУР к 2030 году – решение текущих кризисов и преодоление вызовов», который проходит в штаб-квартире ООН в Нью-Йорке.

В ходе встречи участники обменялись мнениями о текущей экономической ситуации в мире и обсудили ключевые вопросы ЦУР (Цели устойчивого развития).

Выступая перед участниками мероприятия, глава МНЭ РК отметил, что пандемия COVID-19 поставила под угрозу мировую экономику и привела к серьезным последствиям. Продолжающийся кризис ограничил финансовое и бюджетное пространство многих развивающихся стран. Казахстан не стал исключением.

«Тем не менее, в 2021 году ВВП РК вырос до 4,1%. Но все еще ниже допандемийного уровня. При этом инвестиции в экономику увеличились на 2,6%, прямые иностранные инвестиции - на 54,1%. Таким образом, удалось сохранить уровень безработицы на уровне 4,9%», - сообщил министр.

Как подчеркнул А.Куантыров, пандемия сопровождается и с другими глобальными кризисами, такими как изменение климата, отсутствие продовольственной и водной безопасности, ухудшение окружающей среды.

Поэтому Казахстан особое внимание уделяет вопросам достижения Целей устойчивого развития.

t.me/presseconomy
131 viewsedited  08:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:11:00
ҰЭМ басшысы Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі саяси форумына қатысты   Әлібек Қуантыров Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде өтіп жатқан «2030 жылға қарай Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету – ағымдағы…
116 views08:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:10:24 ҰЭМ басшысы Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі саяси форумына қатысты
 
Әлібек Қуантыров Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде өтіп жатқан «2030 жылға қарай Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету – ағымдағы дағдарыстарды шешу және сын-қатерлерді еңсеру» тақырыбындағы Министрлердің дөңгелек үстеліне қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдай туралы пікір алмасып, ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) негізгі мәселелерін талқылады.

Іс-шара аясында ҚР ҰЭМ басшысы COVID-19 пандемиясы әлемдік экономикаға қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелгенін атап өтті. Жалғасып жатқан дағдарыс көптеген дамушы елдердің қаржылық және бюджеттік кеңістігін шектеді. Бұл жағдай Қазақстанға да әсерін тигізді.

«Дегенмен, 2021 жылы ҚР ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) 4,1%-ға дейін өсті. Бірақ әлі де бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейінен төмен. Бұл ретте экономикаға инвестициялар 2,6%-ға, тікелей шетелдік инвестициялар 54,1%-ға ұлғайды. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды», - деді министр.

Ә.Қуантыров атап өткендей, пандемия климаттың өзгеруі, азық-түлік және су қауіпсіздігінің болмауы, қоршаған ортаның нашарлауы сияқты басқа да жаһандық дағдарыстармен қатар жүреді.

Сондықтан Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударады.

t.me/presseconomy
136 viewsedited  08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 10:06:57
Келер жылы бюджет қосымша 200 млрд. теңгеге толығуы мүмкін

t.me/presseconomy
115 views07:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:20:24 Биыл өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді, олар 580 ауылда 1 100 жобаны іске асыруға бағытталған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру аясында 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20 млрд теңге бөлінді.

Жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын батыс өңірлерінің (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары) кешенді жоспарлары қайта қаралып, кеңейтіліп қабылданды.

Кешенді жоспарлар шеңберінде 170 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

#Үкімет
142 views05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:17:21
Премьер-Министр
Ә. Смайыловтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен

14.07.2022 ж.

#Үкімет
168 views05:17
Ашу / Түсініктеме