Get Mystery Box with random crypto!

Азат Перуашев

Telegram арнасының логотипі peruash — Азат Перуашев А
Telegram арнасының логотипі peruash — Азат Перуашев
Арна мекенжайы: @peruash
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.47K
Арнадан сипаттама

🇰🇿 "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің ресми телеграм каналы
🇰🇿 Официальный канал Председателя Демпартии "Ақ жол"
Перуашева Азата Турлыбековича

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 240

2021-08-10 15:26:32
124 views12:26
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 15:26:23
121 views12:26
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 15:26:15
120 views12:26
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 15:26:06
111 views12:26
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 15:25:54
107 views12:25
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 15:25:27 “АҚ ЖОЛ” ДЕПУТАТТАРЫ ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ МЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БАСЫН ҚОСТЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев пен Серік Ерубаев, партияның облыстық филиал төрағасы Серік Мерғалиев және облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары партияның облыстық филиалында өңірдің бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевпен кездесті. Сонымен қатар басқосуға облыстық кәсіпкерлер палатасы филиалы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаев пен шаһардағы ең үлкен “Сити Центр” сауда орталығының кәсіпкерлері келді. Кәсіпкерлерді алаңдатқан негізгі мәселе - сауда орындарының жұмыс уақытының шамадан тыс шектелуі. Республикалық бас санитарлық дәрігер мен облыс бас санитарының қаулыларында сәйкестіктің болмауы бүгінде оралдық кәсіпкерлерді алаңдатып отыр. Қоғамдық көліктер күні-түні санитарлық нормаларды сақтамай, халыққа лық толы жұмысын еркін жүргізеді, ал бар талапты орындайтын сауда орталықтарының жұмыс режимі қысқартылып, демалыс күндері мүлдем тоқтатылады. Бұл орайда облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев бұл қаулылар тек бір бас дәрігердің шешімі емес, құрылған комиссияның отырысында талқыланып барып шығарылатынын алға тартты. Ал “Ақ жол” партиясының облыстық мәслихат депутаты Асқар Мерғалиев бұл комиссияға осы саланы анық білетін кәсіпкерлерді мүшелікке қоймай, жағдай түзелмейді деген уәж айтты. Депутаттың айтуынша, кәсіп саласында, соның ішінде халыққа қызмет көрсететін орындар, сауда-саттық орындарына қатысты тыйымдарда көп жағдай ескерілмей қалып жатады. Жиналыс барысында кәсіпкерлер аталған проблемалық мәселелерді мәжіліс мінберлерінде көтеріп, қаулы шығарғанда кей ережелерді мұқияттап қарау мәселесін көтерсе екен деген өтініштерін айтты. Ендігі кезекте “Ақ жол” ҚДП БҚОФ елдің бас санитарына да осы мәселені қайта қарап, қисынсыз қаулы шығарушы санитарлық дәрігер, облыстық комиссия мүшелеріне қатысты түсініктеме беруін талап етіп, хат жолдамақшы.
БҚО, Орал
130 views12:25
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 11:35:12
154 views08:35
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 11:34:26 “АҚ ЖОЛ” ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев пен Серік Ерубаев, партияның облыстық филиал төрағасы Серік Мерғалиев Орал қаласындағы ең ірі сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесті. Бұл жерде 300-ден астам кәсіпкер сауда нүктелерін жалға алып, ондаған жыл бойы жұмысын жүргізіп келеді. Алайда карантинге байланысты қатаң әрі, олардың сөзінше, “қисынсыз” шектеулер бизнес өкілдерінің құтын қашырып, сауда жасауға мүлдем мүмкіндік бермей отыр. Бұған қоса ғимарат ішіндегі кинотеатр иелері де жұмыс жасау регламентімен мүлдем келіспейтіндіктерін айтады. Бұл кәсіпкерлерге жұмыс жасауға таңертеңгі 09:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ғана рұқсат берілген. Сауда бутиктері иелерін де осы ереже алаңдатып отыр. Мысалы, олар жұмыс күндері таңғы оннан жұмысын бастап, кешкі 17:00-де есіктерін құлыптауға мәжбүр. Демалыс күндері тіптен жұмыс жасауға тыйым салынған. Кездесу барысында депутат Е. Барлыбаев аталған мәселелер бойынша облыстың бас санитарлық дәрігерімен кездесіп, кәсіпкерлердің талап-шағымдарын ескеретіндігін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің сауалдарына “Ақ жол” партиясының жергілікті деңгейдегі облыс, қала, аудандық мәслихат депутаттары да жауап берді. Аталған мәселелер бүгін түстен кейін партияның облыстық филиалында өңірдің бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев, кәсіпкерлер палатасы филиалы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаев және депутаттардың, кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін басқосуда талқыланады.
БҚО, Орал
251 views08:34
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 10:36:17
171 views07:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 18:28:50 https://twitter.com/tokayevkz/status/1424750640274739203?s=28
84 views15:28
Ашу / Түсініктеме