Get Mystery Box with random crypto!

PARANOIA.KZ

Telegram арнасының логотипі paranoiakz — PARANOIA.KZ P
Telegram арнасының логотипі paranoiakz — PARANOIA.KZ
Арна мекенжайы: @paranoiakz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.40K
Арнадан сипаттама

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-08-02 18:48:33 Пелоси ертең Тайуань президентімен кездесіп, содан кейін Жапонияға ұшады.

Ал осы сәтте Ресей Украинада 6 данв HIMARS-ты жойдық деп мәлімдеді. Пентагон ол ақпараттарды жоққа жығарып, бір HIMARS-қа сызат та түспегенін айтты.
1.2K viewsAlash KZ, 15:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 18:38:54
Пелосиді күткен Тайуань халқы. Украина туы бейнесіндегі маска тағып алыпты.
1.4K viewsAlash KZ, 15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 18:22:07
Қадыровтың су жаңа жазбасы)
1.7K viewsAlash KZ, 15:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 18:10:29
Қытай әскері 4-7 тамыз аралығында Тайуаньды қоршай әскери жаттығу өткізбек.
1.9K viewsAlash KZ, 15:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 18:08:32 Қытай Сыртқы істер министрлігі: “Пелосидің Тайуаньға баруы АҚШ-Қытай қатынасына нұқсан келтіреді және өзара келісімдерімізге сай емес”.
1.9K viewsAlash KZ, 15:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 17:57:45
Пелосидің ұшақтан түскен кезі. Тарихи сәт. АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестің жаңа кезеңі басталды.
2.0K viewsAlash KZ, 14:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 17:52:48 Сонымен құданы күткендей сарыла күткен Пелоси апамыздың ұшағы Тайуань аралына қонды. Әлемнің жүздеген мың халқы оны тікелей эфирде қарап отырды. Осылайша АҚШ Қытаймен текетіресті жаңа деңгейге көтерді. Қауіпті деңгейге.

“Бұл әлемдік ойын ережесін біз жасаймыз” деген ишара. Қытай қалай жауап береді? Сидің сөзі мен ісіне 1.3 млрд қытай телміріп қарап отыр. Нақты жауап болмаса Сидің, партияның және Қытай әскерінің күшіне ішкі аудитория сенбейді. Қытай билігі үшін ең маңыздысы сол ішкі аудитория сенімі. Сыртқы ақпаратты қысымда ұстап, сүзгіден “тек біз мықтымыз” деген ақпаратты өткізетін биліктің әдіс-тәсіліне тағы бір “вызов”.

Пелосидің не айтатыны, қанша уақыт болатыны да маңызды емес, маңыздысы Тайуаньға қонуы. Ол 5 секунд болса да Қытай өз территориясы санайтын аймаққа Бейжіңнің рұқсатынсыз кірді. Ал айтылатын маңызды әңгімелер тілші мен артық көзсіз жерді айтылатыны айдан анық.

Қытай енді оңтүстік-шығыс Азияда агрессиялық саясатын күшейтеді. Қару-жарақ саласына да қаржыны көбірек бөле бастайды. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі Пелоси қадамы сол аймақтағы милитаризм саясатының тұсауын кесіп кетті. Онсыз да “температурасы” жоғары аймақ еді.

Кезінде Тяньаньмэнь алаңында қырылған қытай жастарына арнап гүл шоқтарын қойған Нэнси Пелоси тағы да Қытайдың қан қысымын басына көтерді.
2.3K viewsAlash KZ, 14:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 17:46:34 ҚОНДЫ…Сидің қан қысымы қанша екен?)
2.1K viewsAlash KZ, 14:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 17:38:05 АҚШ Жапониядағы базасынан 22 жойғыш ұшақты әуеге көтерді. Олар Тайуаньға қарай бет алды.
2.2K viewsAlash KZ, 14:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 17:19:36
Тайуань халқы әуежай маңында Нэнси Пелосидің ұшағын күтіп тұр.
2.3K viewsAlash KZ, 14:19
Ашу / Түсініктеме