Get Mystery Box with random crypto!

Сонымен құданы күткендей сарыла күткен Пелоси апамыздың ұшағы | PARANOIA.KZ

Сонымен құданы күткендей сарыла күткен Пелоси апамыздың ұшағы Тайуань аралына қонды. Әлемнің жүздеген мың халқы оны тікелей эфирде қарап отырды. Осылайша АҚШ Қытаймен текетіресті жаңа деңгейге көтерді. Қауіпті деңгейге.

“Бұл әлемдік ойын ережесін біз жасаймыз” деген ишара. Қытай қалай жауап береді? Сидің сөзі мен ісіне 1.3 млрд қытай телміріп қарап отыр. Нақты жауап болмаса Сидің, партияның және Қытай әскерінің күшіне ішкі аудитория сенбейді. Қытай билігі үшін ең маңыздысы сол ішкі аудитория сенімі. Сыртқы ақпаратты қысымда ұстап, сүзгіден “тек біз мықтымыз” деген ақпаратты өткізетін биліктің әдіс-тәсіліне тағы бір “вызов”.

Пелосидің не айтатыны, қанша уақыт болатыны да маңызды емес, маңыздысы Тайуаньға қонуы. Ол 5 секунд болса да Қытай өз территориясы санайтын аймаққа Бейжіңнің рұқсатынсыз кірді. Ал айтылатын маңызды әңгімелер тілші мен артық көзсіз жерді айтылатыны айдан анық.

Қытай енді оңтүстік-шығыс Азияда агрессиялық саясатын күшейтеді. Қару-жарақ саласына да қаржыны көбірек бөле бастайды. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі Пелоси қадамы сол аймақтағы милитаризм саясатының тұсауын кесіп кетті. Онсыз да “температурасы” жоғары аймақ еді.

Кезінде Тяньаньмэнь алаңында қырылған қытай жастарына арнап гүл шоқтарын қойған Нэнси Пелоси тағы да Қытайдың қан қысымын басына көтерді.