Get Mystery Box with random crypto!

PARANOIA.KZ

Telegram арнасының логотипі paranoiakz — PARANOIA.KZ P
Telegram арнасының логотипі paranoiakz — PARANOIA.KZ
Арна мекенжайы: @paranoiakz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.40K
Арнадан сипаттама

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-08-31 22:28:14
Соңғы статистикаға сүйенсек, 2009 жылдан бері еліміздегі орыс ұлтының саны 800 мыңға азайған. Ал қазақтардың саны 3.5 млнға артқан. Халық санағының нәтижесі әлі шыққан жоқ, бірақ осының өзі мемлекеттік саясат қай бағытта болуын көрсетеді. Оқып шығайын дейтін жандарға сілтемесі міне, 64 беттік баяндамада қызықты статистикалар бар: https://stat.gov.kz/api/getFile/?docId=ESTAT464825
3.1K viewsAlash KZ, 19:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 21:49:50
Қорғаныс министріміз ғой. “Егеменді ел” дегенді нақты айта алмай тұрып, ел егемендігін қалай қорғамақ?! Сын айтсақ, өкпелеп, көшіп кетуі мүмкін!)
3.1K viewsAlash KZ, edited  18:49
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 21:29:30
Германия президентінің поляк сарбаздарының құлпытасына гүл қою сәті.
3.1K viewsAlash KZ, 18:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 21:28:44 Осыдан үш жыл бұрын, 2019 жылы, 1-қыркүйекте Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Польшаның Велюнь қаласында ІІ дж соғыстың құрбандарын еске алу қаралы жиынына қатысты. Онда ол поляктардан бас иіп, кешірім сұрады.

"Мен герман тираниясына ұшыраған поляктар мен өзге де құрбандардан бас иіп, кешірім сұраймын", - деді ол.

Міне, кінәні мойындау және адамдыққа қадам басу деген осы. Қазіргі Германия ІІІ рейхтың мұрагері саналмаса да, оның кінәсі үшін кешірім сұрауда. КСРО Германиямен келісіп, Польшаны бөліп алды. ІІ джны тек Германия емес, екеуі бірге бастады. "Қатын қырғынында" КСРО 22 мың поляк зиялыларын, қаймақтарын қырып салды. Германия Польша алдында қандай кінәлі болса, Ресей де дәл солай күнәһар.

Ендеше Берлин жасаған дәл осы әрекетті Ресей қайталай ала ма? Миллиондап атылған әр ұлттың арыстары үшін, миллиондап қырылған геноцид құрбандары үшін, қолдан жасалған аштық, этноцид үшін, жойылған тіл, басып алынған жер, тапталған рух, тілімделген тән мен жан үшін, азаттық үшін алаңға шыққан әр ұлттың тәуелсіздік бұлқыныстарын танкпен таптағаны үшін, ядролық сынақтармен толықтай ұлттың генін ауру еткені үшін, өзге елдерге аяусыз жасалған шабуылдар үшін бас иіп, кешірім сұрай ала ма? Путин бір елге барып, "Сталиннің кешірілмес қылмыстары үшін кешірім сұраймын" деуіне қарағанда, күннің батыстан шығуы оңай-ау. Неге?

Жауап бір. Өйткені қазіргі Ресей - кешегі КСРО. Бар болғаны аты ғана өзгерді. Ол тарихтан сабақ алған емес. Қырымды тартып алуы, ондағы татар зиялыларын қудалауы, Осетия, Абхазияны басып алуы, тілі ұқсас, діні, ділі ұқсас бауырына соғыс ашуы, үнемі өзге елдерді қарумен қорқытып-үркітуі соның шүбәсіз дәлелі. Мұндай одақтасы бар елге, жаудың қажеті шамалы.

ПыСы: Германия президенті мен Польша басшысы ІІ дж құрбандарына арнап гүл шоқтарын қоюда.
3.1K viewsAlash KZ, 18:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 20:50:55
Грекия арналары Кипрде түрік сарбаздары грек фермерлеріне қару кезенді деп, аталмыш видеоны таратуда. Түрік-грек қатынасы ушығып тұрғанына біраз болды. Соңғы рет 1974 жылы Түркия мен Грекия әскері Кипрде соғысқан болатын.
3.2K viewsAlash KZ, 17:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 19:37:40
Соловьев Германия канцлері Шольцқа үндеу тастады. Шольц осыны тыңдайтындай)
3.3K viewsAlash KZ, 16:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 19:33:16 АҚШ осы аптада Украинаға кезекті әскери көмекті жариялайды.
3.3K viewsAlash KZ, 16:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 19:29:44 Боррель: “Маусым айынан бастап ресейліктер жаппай Еуропа елдеріне ағылып келуде. Бұл ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатер”

Бізге де ағылып жатыр. Бірақ бас жақта оны ойлайтын адам жоқ сияқты!
3.3K viewsAlash KZ, 16:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 18:42:42 ЕО ресейліктерге жеңілдетілген виза беру режимін жойды. Енді ресейліктер визаны жарты жыл күтетін болады. Ал ресейліктер үшін туристік жинақ(сбор) көлемі бұрынғыдай 35 еуро емес, 80 еуро болады.
3.4K viewsAlash KZ, 15:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 14:02:09
Ингушетияда 12 полиция қызметкеріне сот үкім шығарды. Олардың барлығы 1 жылға шартты түрде жазаға кесілді. Ингушетия полициясы шекараны өзгертуге қарсы болып митингке шыққан халықты таратудан бас тартқан болатын. Қадыров билігі көршілес Ингушетияның бір ауданын тартып алуға ниеттеніп келеді.
1.1K viewsAlash KZ, 11:02
Ашу / Түсініктеме