Get Mystery Box with random crypto!

Өз ойым | أفكاري

Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري Ө
Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري
Арна мекенжайы: @oz_oyim
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 720
Арнадан сипаттама

Біреуге пайдасы тиер, тимесе өз сөзім өзіме.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 23

2021-06-08 21:04:27
Әссаляму ъалейкум, құрметті мұсылман бауырлар!

Ойға алған ісімізді аяқтап, мінекей, көптен күткен кітабымыз оқырманға жол тартқалы тұр.

Ендеше назарларыңызға "Әйел және Ілім" атты шағын кітапты ұсынамыз.

Бұл кітапта қозғалатын тақырыптар:

1. Әйел және ілім
2. Ғұлама аналардың өмірбаяны.
3. Ана - тәрбие тұтқасы.

Кітап жалпы оқырманға, әсіресе ілім алуға қызуғышылық танытқан жандарға арналады.

Автор: @ gulama.analar
Дизайн жасаған: @ azamat.abdrahim
Редактор: Абдырахман Гаухар
Аудармаға көмектескен: Ақтілек Болатқызы.

Кітаптың бет саны - 63
Форматы: PDF
Құны - 1250 тг

Алу үшін 8 707 396 69 76 номеріне (каспи) төлем жасап, ватсап желісіне чекті жіберу керек. Сосын көмекшім сізге кітапты жіберетін болады.

Раббымыздан осы еңбегімізді өз құзырында қабыл етіп, халқымызға, дүние мен ақыретке пайдалы етуін сұраймыз!
31 views18:04
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 11:34:01

321 views08:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 11:15:51

320 views08:15
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 06:46:32
950 views03:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 10:04:54 "Ол намазды емес, намаз оны тастап кетті" немесе "ол хиджабты емес, хиджаб оны тастап кетті, себебі ол лайық болмады" деген сөздерді жиі естиміз. Былай қарасаң бір керемет сөз секілді. Асылында олай емес:

1) намаз да, хиджаб та тастап кететін адам не хайуан секілді жаны бар мақұлық емес. Яғни намаз адамды тастамайды, адам намазды тастайды(нәпсі, жалқаулық себепті) және сол үшін күнә алады, Алланың алдында жауап береді.

2) Адам лайық болмаған соң намаз/хиджаб оны тастап кетті дейді. Қате сөз. Себебі Алланың бұйырған парызына лайық/лайық емес деген әңгіме жүрмейді. Иман келтірген, балиғатқа толған, есі дұрыс адамның бәріне - парыз, болды, талқыланбайды. Бізге хидаят беріліп, намаз оқуымыз - ол Алланың рахымы. Біз соған лайық болғанымыз үшін нәсіп еткен жоқ. Егер біреу ол намазға/хиджабқа лайық болмағаны үшін намаз/хиджаб оны тастап кетті дейтін болса, ол адамның өзінен "сонда ол лайық емес, ал сен лайық болғаның ба? Сен одан артық болғаның ба?" деп сұраймыз. Демек, ол намазға/хиджабқа лайық болмады деген сөз дұрыс емес.

3) Мейлі, адамдардың пікірімен тіпті лайық болмадым деп есептегеннің өзінде де үміт пен үрей құстың екі қанатындай қатар жүруі керек. Біріншіден, лайық болмауы - үрейдің туындауына түрткі болатын үлкен себеп. Екіншіден, лайық емеспін деп үмітсіздікке салыну - Аллаh тағаланың рақымына шүбə келтіру. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бұл - бейғам құлдың шайтанның астарлы айласымен құрылған тұзағына түсіп, өзін-өзі ақтап алуы. Сол үшін адам баласы алуан түрлі ақтау болар айғақ таба бермей, шама-шарқы жеткенше лайық болуға тырысуы керек.

Осы уақытқа дейін намаз бастап, кейін тастап кеткен бірнеше адамды жолықтырып, намазды тастау себебін сұрағанымда "негізінде намаз бізді тастап кетті ғой, намазға лайық болмадық қой" деп өзін тастап жібергеніне, қайта бастаудан күдерін үзгеніне немесе қайта бастамауға осы сөзді керемет сылтау етіп алғанына талай куә болдым.

Сондықтан намаз адамды тастамайтынын, адам өзі намазды жалқаулықпен, нәпсіге ерумен тастап кететінін және тастаған күндері үшін Алла алдында жауапты екенін айтуымыз керек. Сонымен қатар Алланың мейірімінен ешқашан күдер үзуге болмайтынын, Раббымыздың тәубелерді қабыл етуші, кешіруші екенін айта отырып, намазды/хиджабты қайта қолға алуыны ынталандыруымыз керек.

t.me/oz_oyim
2.8K viewsedited  07:04
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 05:58:49 Кез келген ойшылдың немесе жаңашылдық(бидғат емес) алып келген ғалымның өміріне көз салсақ, оның сол еңбектерді жазғанына дейін немесе сол даналық сөздерін айтқанына дейін біраз ілім алғаны, өз саласының маманы болып, біраз өмір сүріп, бірталай сынақтардан өткенін байқаймыз. Демек жазылған еңбек пен айтылған даналық сөзге дейін жүрілген бірталай жолдар мен сүрілген өмірлердің болуы міндетті.

Ал соларды оқып алып, оқу бітірмей, белгілі бір саланың маманы болмай жатып, халыққа жаңа бағыт, жаңа идеология ұсынуға асығамыз.

Негізінде, бізге дейінгі ғалымдардың, ойшылдардың сөзін дұрыс жеткізе алсақ, соның өзі үлкен бір жетістік.

Ал біз керісінше, әр саланың басын бір шалып, бір-екі кітап оқып алып "идеолог", "ойшыл" болып шыға келеміз.

Иә, қоғамымыз жаңа идеологтарға, ойшылдарға, дінді жан жақты қорғайтын Ғазали, Сабри, Каусари (رحمهم الله) сияқты ғалымдарға мұқтаж.

Бірақ біз асықпауымыз керек. Діннен бірнеше, психология, философия сияқты салалардан бір-екі кітап оқып, ютубтан оншақты лекцияны тыңдап, оншақты термин жаттап алып, халыққа жаңа бағыт, жаңа уағыз стилін ұсынғысы келетіндерді байқаймыз.

Әсіресе батыстың психологтары мен ойшылдарының кітабын оқып алып, соны Исламмен байланыстырып сөйлегісі келетіндер бар.

Бірақ өзінде ислами сана мен жан-жақты, терең ислами білім болмаған соң, айтқан сөздерінен материализмнің иісі аңқып тұрады. Халыққа жақсы нәрсе үйретемін деп, білімнің аздығынан, халықты да, өзін де адастырып жатқанын байқамай қалады.

Сол үшін, асықпайық бауырлар! Ілім алайық, ізденейік, бар, кітап беттеріне жазылып қойған, айтылып кеткен ілімдерді жеткізе алсақ, соның өзі үлкен жетістік. Ал жаңашылдықты кейінге қалдырайық. Терең білім мен мол тәжірибе жиналған кезде, сәті түскенде айтармыз...

T.me/oz_oyim
900 viewsedited  02:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 05:52:10 Жыртыңдап өзінің суретін, не ішіп-жегенін, қайда барып не көргенін сала беру - ер адамға жарасар іс емес. Ол ілім алушы не ұстаз болса тіпті жараспайды. Өзінің суретін салып, астына "суреті жоқ" ғалымдарымыздың сөздерін немесе аят-хадис жазып қоятындарды…
175 viewsedited  02:52
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 05:34:44 Жыртыңдап өзінің суретін, не ішіп-жегенін, қайда барып не көргенін сала беру - ер адамға жарасар іс емес. Ол ілім алушы не ұстаз болса тіпті жараспайды.

Өзінің суретін салып, астына "суреті жоқ" ғалымдарымыздың сөздерін немесе аят-хадис жазып қоятындарды да түсіне алмаймын. Ол сөздердің суретіне не қатысы бар екен деймін...

Суретін салуды "маркетинг, охват жинау, суретімді салмасам ешкім оқымай қояды" дейтіндерге Ерлан Ақатаевті мысал келтіргім келеді. Не суреті, не видеосы жоқ, бірақ тыңдарманы өте көп. Тіпті mihrab.kz-тің әрбір подкастының пікірін оқысаң, "сол кісіні шақырыңызшы" деген пікірден көз ала алмайсың. Себебі, жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді.

Шынайы, уайыммен, дұрыс ниетпен жазылған пост болса, өз оқырмандарын табатынына сенімім мол.

Сол үшін өзіне деген махаббаттан туындаған әдемі суретін әрбір өнегелі сөздің үстіне тықпалай бергенді қойса екен...

"Ғалымдар да, ұстаздар да салады ғой" дейтіндер де бар. Сол ғалымдар мен ұстаздар секілді әбден елге танылып, нәпсісі танымалдылықтан әсерленіп, ниеті шайқалып кетпейтін дәрежеге жетсе мейлі, бірақ сол аталған кісілердің ілім алып жүріп, не оқу бітіре салысымен суретін әлеуметтік желіге салғыш болып кеткендері жоқ десе де болады.

Сөз иесін табады, себебі әркім өзін жақсы таниды. Бұл жазғанымды өзіңізге қатысы жоқ деп санасаңыз, расымен сізге қатысы жоқ. Себебі мен біреудің ниетіне араласпаймын. Сондықтан "ниетімді сұрасай алдымен, менің ниетім басқа" деп мазамды алып жүрмеңіздер!

Маған ешкім ренжімесін. Бірақ бұл менің жеке көзқарасым. Кім қарсы болса, оны да құрметтеймін.
184 viewsedited  02:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 04:56:10 Парақшасын ашық қылып, әрбір толибтің жазған постына "машаллах", "күшті", "керемет" деген сияқты пікір қалдыра беру немесе сол постын өз сториесіне салып, логинін арнайы әсемдеп белгілей беру қыз баласына жараспайды. Бәлкім оны қолдау деп ақтап алар, бірақ қыз баласының көзге түспегені абзал. Жақсы посттың таралғанын қаласаңыз, лайк басуыңыз бен сол постты қарағаныңыздың өзі де жеткілікті.

Қысқасы, ешбір толибтің постын жібермей пікір қалдыратын "хит ухтишка" болуды қою керек.
400 viewsedited  01:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 13:48:10
Қатындарымыз аман болсын!
797 views10:48
Ашу / Түсініктеме