Get Mystery Box with random crypto!

Өз ойым | أفكاري

Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري Ө
Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري
Арна мекенжайы: @oz_oyim
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 720
Арнадан сипаттама

Біреуге пайдасы тиер, тимесе өз сөзім өзіме.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 21

2021-07-16 09:03:03 Оқудан демалысқа келгелі бері мақтау сөздерден жалықтым. Тіпті жек көріп кеттім. Естігім келмейді... Оқуға кетерден алдыңғы елеусіз, ескерусіз, қатардағы жамағат кезімді сағындым. Жамағаттың жәй мұсылман бауыры ретіндегі қарым-қатынасын сағындым. Қайда барсаң…
69 viewsedited  06:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-16 08:47:38 Оқудан демалысқа келгелі бері мақтау сөздерден жалықтым. Тіпті жек көріп кеттім. Естігім келмейді... Оқуға кетерден алдыңғы елеусіз, ескерусіз, қатардағы жамағат кезімді сағындым. Жамағаттың жәй мұсылман бауыры ретіндегі қарым-қатынасын сағындым.

Қайда барсаң да мақтау сөз. Сыртыңнан мақтаса мейлі ғой, тіке өзіңе, бетпе - бет келіп мақтайды. Одан бөлек көзіңше басқа біреуге мақтайды.

Мақтай беру дұрыс емес екенін айтсаң тыңдамайды. "Қалтама құм салып жүремін ау осы" деп әзілдеп қоямыз, оны да ешкім түсініп жатқан жоқ.

Ілім алушыны, дінге қызмет етушіні құрметтейтін халықпыз ғой, Ілім алушы деп құрметтегендері үшін, төрден орын бергендері Алла разы болсын дейміз, бірақ дінімізде адамның тіке өзіне немесе сыртынан да ол еститіндей етіп мақтай беру дұрыс емес. Осындай мақтау сөздің себебінен ілім алуды тастап немесе тәкаппарланып кеткен бауырларды да көріп жүрміз.(бәлкім біз де солардан шығармыз, Алла сақтасын). Сол үшін өз арамызда бір-бірімізді шексіз мақтау мен асыра сілтеуді, жалпы көп мақтауды қойсақ жақсы болар еді...

Асылында өзіміздің ондай мақтау мен төрдегі орынға лайық емес екенімізді, өзгелер ойлағаннан қайда төмен екенімізді, тек Алланың рахымымен күнәларымыз жасырулы болғаны үшін ғана сырт көзге жақсы көрініп жүргенімізді білеміз және сонымен қатар сіздер ойлағаннан да абзал етуін Алладан сұраймыз!
74 viewsedited  05:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 19:39:38 Студенттері UFC-дің харам екенін түсіндіре алмай әлек болып жүрсе, ректоры жерлесін UFC-дегі алғашқы жеңісімен құттықтап жатыр...

Жеңілген сана...


UFC - бірнеше кәпірдің адамдарды төбелестіру арқылы ақша табатын бизнес жобасы.
1.1K viewsedited  16:39
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 20:10:48 ​​ Құрметті, Миһраб оқырмандары!

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, парақшамызда БІЛІМ САЙЫСЫ!!!

Сайыстың мақсаты парақша оқырмандарының діни сауатын арттыру, әһлі-сүннет ғұламаларының еңбектерін насихаттау.

Сайыс Youtube арнамызда ұстаз Ерғали Алпысбаевпен өтіп жатқан “Мухтастарул-Қудури” кітабының “Таһарат бабы” бойынша өтеді.

Сайыс шарттары:

Youtube арнамыздағы “Мухтасурл-Қудури” дәрістер жинағынан алғашқы 16 дәрісті тыңдау;
Біздің Youtube, Instagram, Telegram каналдарымызға жазылу;

Сайысқа 12-40 жас аралығындағы еліміздің кез-келген тұрғыны қатыса алады.
ЕСКЕРТУ: Сайысқа діни қызметкерлері, медресе, НМУ шәкірттері мен түлектері қатыса алмайды.

Сайыс 3 кезеңнен тұрады.

1 кезең: 20 сұрақ (тест)
2 кезең: 15 сұрақ (тест)
3 кезең: 5 сұрақ


Уақыты: Құрбан айттың 1-3 күндері.

Жүлде қоры:

50 000 теңге
30 000 теңге
20 000 теңге
Ынталандыру сыйлығы (2 адам) - 10 000 теңге

Жеңімпаздарды 22 шілде күні Instagram желісінде тікелей эфирде анықтайтын боламыз.

Сайысқа қатысты қосымша ақпараттар Телеграм каналымызда жарияланатын болады.

Баршаңызды сайыста күтеміз!
44 views17:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 07:04:14 Карантинде бір байқағаным, біздің халықта ақша бар екен. Тек сол ақшаның басым бөлігі тойларға кетеді екен. Қалай карантин болып, тойлар күрт тиылып еді, жұрттың көбі үй соғып, кейбірі үйлерін қайта жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Бәрінде демеймін, халықтың біразында қаражат бар, тек соның берекесін кетіріп, пайдасыз ойын-сауық пен той-томалаққа жұмсайды...
125 viewsedited  04:04
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 06:10:30 Күн сайын "ақыл айтатын", "кеңес беретін" бір пост жазып отыратын блогерлерді көріп таң қаламын. Күн сайын ондай идея, ақыл-кеңесті қайдан таба береді екен? Қайдан шыға береді ондай сөздер?
137 viewsedited  03:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:39:28 Ханафи мәзһабының классикалық кітаптарының қатарына жататын әрі Ханафи мектебі ғұламаларының пікірі бойынша беделі жоғары саналатын, бүкіл мұсылман үмбеті бірауыздан мақұлдаған іргелі еңбек — Имам әл-Қудуридің «Мухтасар әл-Қудури» атты кітабы.

Осы кітапты өздеріңізге алуға, басқаға хадияға беруге кеңес беремін

Бағасы арзан, қолжетімді 2500тг

Муфтият баспасы. Толықтай Муфтияттың рұқсаты бар

Намаз және Дәрет баптары қамтылған.
Зекет, Ораза, Қажылық, Сауда баптары аударылып жатыр
131 viewsedited  08:39
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:38:22
Сатылады. Шымкент қаласы. Бағасы - 2500тг
@nurbekmslm
128 views08:38
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 09:01:24 «Главное теперь после ВУЗа не выйти замуж, а то дети с мужем точно станут преградой к моему профессиональному росту», - прочитал вчера на странице одной покрытой сестры-студентки.

Несмотря на набирающий обороты тренд подобного мышления среди покрытых сестер в исламе под давлением идей феминизма, хотел бы со своей стороны рассмотреть эту позицию сугубо с психологической точки зрения:

1. Развитие нарциссизма, эгоизма. Наличие семьи и детей- это всегда ответственность и неспособность брать ее на себя ведет к саморазрушению через невозможность полноценной самореализации (Подробнее у Р.М.Грановской).

2. Торможение психологического созревания через появление депрессивного состояния ввиду отсутствия половой жизни. Научно доказано, что отсутствие интимных отношений ведет к гормональному дисбалансу, преждевременному старению, стрессам. (Подробнее у Н.В. Романовой и М.В. Ильина)

3. Ригидность мышления, неприятие и отторжение реалий, связанных с детьми и подростками ввиду отсутствия собственного потомства.

4. Зачастую наблюдается возрастающее желание ухаживать за животными. Материнский инстинкт либо имеет какое-то нездоровое воплощение в форме гиперопеки над домашними животными, либо переходит в болезни (Синдром Кехрера).

5. Повышенная раздражительность, агрессивность, возникающая по причине отсутствующего желания обсуждать с близкими вопросы семьи, детей.

6. Со временем развивается аутофобия (боязнь одиночества). (Подробнее у М.В.Смоленской и Д.А. Чугунова)

7. Временное смещение у женщин истинных ценностей на карьерный рост, творческую реализацию, досуг, отношение с друзьями. (Подробнее у Васягиной Н.Н.)
Настал тот день, когда сестрам надо доказывать необходимость быть женой и матерью, ссылаясь на ученых далеких от ислама, так как теперь хадисы и аяты им кажутся недостаточно убедительным.

Любовь мужа, статус материнства и довольство Всевышнего сегодня становится модным менять на любовь к деньгам, статус работающей и довольство шефа из-за достигнутого KPI.

Настал тот день, когда женщинам приходится доказывать, что она создана для самого прекрасного занятия из всех когда-либо созданных Богом и до которого нам мужчинам никогда не дойти – быть МАМОЙ.


@semya_islam инста парақшасынан...
123 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 09:14:51
Әл - Ихтияр ли Тағлиили әл Мухтар 3-том. Ханафи фиқһ кітабы. Сатамын. Алам деушілер жекеге жазсын. Кітап елде

T.me/nurbekmslm
129 viewsedited  06:14
Ашу / Түсініктеме