Get Mystery Box with random crypto!

QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

Telegram арнасының логотипі oqu_agartu — QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК Q
Telegram арнасының логотипі oqu_agartu — QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Арна мекенжайы: @oqu_agartu
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 38.87K
Арнадан сипаттама

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 155

2022-07-11 06:53:11 ​​BALA QORGAU ТЕЛЕГРАМ-БОТЫНА 500-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ТҮСТІ

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Bala Qorgau телеграм-ботына 500-ден астам өтініш түсті. Сұрақтардың басым бөлігі отбасындағы жанжалдарға, балалар мен педагогтер арасындағы қарым-қатынасқа, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларға, буллинг және жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты болды. Өтініш бергендердің барлығына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті педагогикалық, психологиялық және басқа да көмектер көрсетілді.

Мысалы, әкесінен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланың анасының өтініші бойынша Алматы облысында тұратын отбасына қамқоршылық органдары, аудан әкімдігінің қызметкерлері және полиция қызметкерлері шұғыл түрде жөнелтіліп, жағдай бақылауға алынды.

Тағы бір жағдай: жас ана телеграм-ботына әкесі немерелерін шетелде тұратын туған әкесіне жібермей жатқанын айтып, көмек сұрады. Мәселені қалай шешерін білмеген ана мамандардың көмегіне жүгінген. Қамқоршылық органдары департаменттермен бірлесіп қажетті шараларды қабылдады. Осыдан кейін жас отбасы қайта қауышты.

«Біз өтініш берушілердің сұрақтарына мүмкіндігінше жылдам жауап беруге тырысамыз. Түскен өтініштер бойынша ата-аналар мен балаларға құқықтық және психологиялық көмек жетіспейтінін байқауға болады. Әрбір өтінішті пысықтап, қажетті көмек көрсетіп, барлық мән-жай анықталып, жағдай толық шешілгенше әр жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз. Әр өтініш 24/7 форматында шұғыл түрде қаралады. Жылдам жауап бергеніміз үшін оқырмандардан алғыс хаттар да келіп жатады. Телеграм-чат балалардың құқықтарын бұзу, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қатыгездік көрсету жағдайларын жылдам анықтауға және шешуге көмектеседі», - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Телеграм-чат арқылы оқушылар арасындағы буллинг фактісі де анықталды. Bala Qorgau telegram-ботына кішкентай бойы мен ерекше келбеті үшін сыныптастарының мазағына қалған оқушыдан ақпарат түсті. Мамандар баламен және оның сыныптастарымен әңгімелесті және жанжал шешілді.

«Балаларға психологиялық қолдау қажет. Көптеген ата-ана жұмыстан қолы босамайды және балаларына көп уақыт бөле бермейді. Сол себепті ата-аналардан балаларына көңіл бөліп, әңгімелесуін, олармен жақын болуын сұраймыз. Осылайша қайғылы жағдайларды болдырмауға болады», - деп түсіндірді Элина Паули.

Сондай-ақ телеграм-чатқа мектепте оқушылар арасындағы ақша талап ету жағдайларына қатысты өтініштер түседі. Мысалы, телеграм-чатқа облыстардың бірінен 11-сынып оқушысы хабарласты. Комитет өкілдері оқушылар арасында қажетті жұмыстарды жүргізіп, педагогтердің назарын осы мәселеге аударды. Нәтижесінде бұл мәселе шешілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өтініш берушінің барлығына құқықтық және психологиялық қолдау көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
1.9K viewsAdmin MON, 03:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 10:00:20
Еженедельный обзор работы Министерства просвещения РК
1.0K viewsYesmyrza, edited  07:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:59:50
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің апталық жұмысына шолу
1.0K viewsYesmyrza, edited  06:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:24:51 Провел отчетную встречу с населением.
В этот раз в Туркестанской области.
На протяжении почти трех часов отвечал на вопросы более 500 собравшихся жителей.

Заметил, что в большей степени людей волновали не системные вопросы, а частные, которые требуют внимания и реагирования со стороны местных работников сферы образования и местных исполнительных органов.

Прозвучали также вопросы, касающиеся апелляции решений судов, трудовых споров.

Кроме того, во время встречи жителями Туркестанской области были подняты вопросы о необходимости подчинения районных отделов и областных управлений образования Министерству просвещения, о ротации директоров, увеличении числа педагогов-ассистентов в школах, о передаче колледжей профильному министерству в прямое управление, о нехватке финансирования из местного бюджета для оснащения школ и детских садов.

Немало вопросов касалось взаимоотношений педагогов и директоров школ в регионе.
Отдельно подчеркну, что Туркестанская область в таком антирейтинге является безусловным «лидером» в стране.
Отделам образования и руководителям организаций образования необходимо провести серьезную работу в этом направлении.

Были жалобы и в контексте коррупционной составляющей касательно размещения госзаказа в дошкольных организациях. Информация будет изучена, и по итогам проверки будут приняты меры.

Постаравшись ответить на все заданные вопросы, сразу после отчетной встречи провел отдельное совещание с руководителями отделов образования районов, городов и руководителями колледжей.

В целом, в регионе имеется целый пласт нерешенных проблем в области образования.

Благодарю жителей Туркестанской области за уделенное время и неравнодушие к сфере образования.
987 viewsYesmyrza, 06:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:24:43
Тұрғындармен есеп беру кездесуін өткіздім. Бұл жолы жиын Түркістан облысында өтті.
Үш сағатқа жуық уақыт бойы 500-ден астам тұрғынның сұрағына жауап бердім.

Халықты көбіне жүйелі мәселелер емес, жергілікті білім беру қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың ден қойып, назар аударуын қажет ететін жеке мәселелер толғандыратынын байқадым.

Оған қоса, сот шешімдерінің апелляциясына және еңбек дауларына қатысты да сұрақтар айтылды.

Сонымен қатар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде аудандық бөлімдер мен облыстық білім басқармаларының Оқу-ағарту министрлігіне бағынуының маңыздылығы, директорларды ротациялау, мектептердегі педагог-ассистенттер санын көбейту, колледждерді бейінді министрліктің тікелей басқаруына беру, мектептер мен балабақшаларды жабдықтау туралы мәселелер көтерілді.

Көптеген сұрақ облыстағы мұғалімдер мен мектеп директорларының қарым-қатынасына қатысты болды. Мұндай антирейтингте Түркістан облысы республика бойынша «көшбасшы» саналатынын атап өткім келеді.
695 viewsYesmyrza, 06:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:02:30
Асхат Аймағамбетов Түркістан облысы тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді

https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid02jTEBJHy84Sk6cxHf6F95x5KHKxUmypTWM3txqySabb6fMBeQgsPvNY9qkXWvW7Cvl/?d=n



Асхат Аймагамбетов провел отчетную встречу с населением Туркестанской области

https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid0RBLxedAXfRYRRiwpNn4qT1G5YrhDGRN2SDFM2u7kPRqYr4MSye48iukoUnJTbukYl/?d=n
969 viewsYesmyrza, 06:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 08:50:25
После завершения встречи Асхата Аймагамбетова с жителями Туркестанской области
1.0K viewsYesmyrza, 05:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 08:48:54
Асхат Аймағамбетовтің Түркістан облысы тұрғындарымен кездесуінен кейін
1.0K viewsYesmyrza, 05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 08:04:52 ​​Краткий дайджест главных новостей Министерства просвещения за минувшую неделю

Казахстанские школьники одержали победу сразу на двух британских внесезонных олимпиадах «FIRST Tech Challenge UK and Ireland»
https://t.me/oqu_agartu/3513

2 золотые, 2 серебряные и 2 бронзовые медали завоевали казахстанские школьники на Международной Балканской олимпиаде по математике среди юниоров (JBMO)
https://t.me/oqu_agartu/3521

Студентам государственных колледжей предоставлена возможность зарабатывать деньги, не отрываясь от учебы
https://t.me/oqu_agartu/3527

В Год детей в Казахстане более чем на 40% увеличился охват детей специальной психолого-педагогической поддержкой
https://t.me/oqu_agartu/3532

Министерство просвещения запустило информационно-образовательный Telegram-канал и чат «ZHASTALAP» для студентов казахстанских колледжей
https://t.me/oqu_agartu/3541

Министр просвещения Асхат Аймагамбетов провел отчетную встречу с населением Туркестанской области

Асхат Аймагамбетов посетил школы и колледжи Туркестанской области
https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid02guaMkHZpuRjnSRM5JtggSwnSrRWRzkWMdV7wyibn1vXGWLfkp8SoZW3JVyfEwCo3l/?d=n
1.3K viewsAdmin MON, 05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 08:03:58 ​​Осы аптадағы Оқу-ағарту министрлігінің басты жаңалықтарына қысқаша шолу

Қазақстандық оқушылар «FIRST Tech Challenge UK and Ireland» британдық маусымаралық екі олимпиадада жеңіске жетті
https://t.me/oqu_agartu/3512

Жасөспірімдер арасындағы математикадан халықаралық Балқан олимпиадасында (JBMO) қазақстандық оқушылар 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды
https://t.me/oqu_agartu/3520

Мемлекеттік колледждердің студенттеріне оқуын тоқтатпай-ақ ақша табуға мүмкіндік беріліп отыр
https://t.me/oqu_agartu/3526

Қазақстанда Балалар жылында балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту көрсеткіші 40%-дан асты
https://t.me/oqu_agartu/3531

Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық колледждердің студенттері үшін ақпараттық-танымдық Telegram арна мен «ZHASTALAP» чатын іске қосты
https://t.me/oqu_agartu/3540

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысы тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді

Асхат Аймағамбетов Түркістан облысындағы мектептер мен колледждерді аралады
https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid02guaMkHZpuRjnSRM5JtggSwnSrRWRzkWMdV7wyibn1vXGWLfkp8SoZW3JVyfEwCo3l/?d=n
2.0K viewsAdmin MON, 05:03
Ашу / Түсініктеме