Get Mystery Box with random crypto!

QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

Telegram арнасының логотипі oqu_agartu — QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК Q
Telegram арнасының логотипі oqu_agartu — QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Арна мекенжайы: @oqu_agartu
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 38.87K
Арнадан сипаттама

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 152

2022-07-16 07:22:32 ​​Оқушыларымыз Физикадан халықаралық олимпиадада 1 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды - Асхат Аймағамбетов

https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid024kJqr8khD2ojDduAUFWEypeLzUxghQ37v9WyPNzwhvmabnotCktG3YyZMzSRBNeul/?d=n



1 золотую и 4 серебряные медали завоевали наши школьники на Международной олимпиаде по физике - Асхат Аймагамбетов

https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid02c6f27KT8j36oDRK7LrnPXk92nG1MT3WmjqEHHVuUyANmm7AK4UJ27duAXtSAULrql/?d=n
415 viewsAdmin MON, 04:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 07:03:59 Хорошие новости. Снова копилка нашей сборной пополнилась медалями.

Отличный результат – 1 золотую и 4 серебряные медали завоевали наши школьники на Международной олимпиаде по физике (IPhO). Она проходила в городе Цюрихе (Швейцария) с 10 по 15 июля.

Нашу страну представляли 5 школьников из Нур-Султана, Алматы, Павлодара и Атырау. Они соревновались с 368 сверстниками из 75 стран мира. Ребятам удалось улучшить показатели прошлого года, когда было завоевано 5 серебряных медалей.

Золотую медаль сборной принес Даниил Шатохин, серебряные медали – Ерсултан Питебай, Владимир Лим, Динмухаммед Рахимжанов и Ризабек Алпамыс.

Поздравляю ребят с заслуженными наградами! Наши школьники продемонстрировали высокие результаты и достойно защитили честь нашей страны на мировом олимпе! Поддержка родителей, знания, переданные педагогами, внесли свою лепту в эти достижения, за что я выражаю свою благодарность. Желаю дальнейших успехов и новых высот!

Еще раз напомню, что призеры престижных международных олимпиад получат денежные премии и гранты для обучения в отечественных вузах без сдачи ЕНТ. Также выплаты получат и их педагоги-наставники.
468 viewsMoldir Abdualieva, 04:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 07:03:39
Ұлттық құрамамыздың қоржыны тағы да медальдармен толықты.

Оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетіп, Физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды. Жарыс Цюрих қаласында (Швейцария) 10-15 шілде аралығында өтті.

Еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Балаларымыз өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жақсарта алды.

Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді.

Құрметті оқушылар!

Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздер жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын әлемдік аренада абыроймен қорғай білдіңіздер. Бұл жетістіктеріңізге ата-аналарыңыздың қолдауы, ұстаздарыңыздың берген білімі септігін тигізді, сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздерге алдағы уақытта да жеңісті күндер тілеймін. Биік белестерді бағындыра беріңіздер.
509 viewsMoldir Abdualieva, 04:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:18:53 Оқушыларымыз математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті.

Ұлттық құрамамыз 174 ұпай жинады, бұл - еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіші.

IMO - әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша дәл осындай олимпиадаларда жүлде алған оқушылар мен олардың педагог-тәлімгерлеріне төлемдер белгілеп, оқушыларға ҰБТ-ны тапсырмай-ақ еліміздің ЖОО-ларына түсуге болатындай жағдай жасағанымызды атап өткім келеді.

Олимпиадаға қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Олар 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері: Таир Сатубалдин, Фетуллах Сам, Мирон Юркевич;
Қола медаль алғандар: Әділет Зауытхан, Әділет Әбу, Юрий Тен.

Зияткерлік сайысқа 104 елден барлығы 589 оқушы қатысты, соның ішінде Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Канада және т.б. елдер бар.

Сонымен қатар оқушыларымыз әлемдік есепте 17-орынға тұрақтады.

Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймын!

Сіздер елімізді халықаралық аренада лайықты деңгейде, абыроймен таныстыра білдіңіздер. Ақыл-ойларыңыз, қажырлы еңбектеріңіз, табандылық пен ізденімпаз қабілеттеріңіз, білімге деген талпыныстарыңыз жаңа жеңістерге жетелей берсін!

Ұстаздарыңызға, әріптестеріме берген білімдері мен тәжірибелері үшін, ал ата-аналарыңызға сіздерге көрсеткен қолдауы мен тәрбиесі үшін алғыс айтамын.
—————————————————————

Наши школьники продемонстрировали отличный результат на Международной олимпиаде по математике ІМО-2022.

В общей сложности сборная Казахстана набрала 174 балла, что является рекордным показателем за всю историю участия нашей страны в данной олимпиаде.

IMO – одна из самых престижных предметных олимпиад в мире, и именно за победы в таких олимпиадах по поручению Президента страны мы учредили выплаты школьникам-призерам и педагогам-наставникам и поступление в вузы Казахстана без сдачи ЕНТ.

Призовые места заняли все 6 участвовавших в олимпиаде школьников. Они завоевали 3 серебряные и 3 бронзовые медали.

Обладателями серебряных медалей стали Таир Сатубалдин, Фетуллах Сам, Мирон Юркевич, бронзовых – Адилет Зауытхан, Адилет Абу, Юрий Тен.

Всего в интеллектуальном соревновании участвовали 589 школьников из 104 стран, среди которых Китай, США, Южная Корея, Япония, Великобритания, Италия, Канада и др.

Также наши школьники заняли 17 место в мировом зачете.

Поздравляю наших призеров с завоеванными медалями!

Вы достойно представили нашу страну на международной арене. Пусть ваши ум, труд, упорство, целеустремленность и тяга к знаниям и дальше будут вести вас к новым победам!

Благодарю ваших учителей, своих коллег, за знания и опыт, которыми они с вами делились, ваших родителей – за поддержку и воспитание.
1.8K viewsYesmyrza, 08:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 10:57:54 ​​Қазақстандық мектеп оқушылары IMO-2022 халықаралық математика олимпиадасында 6 медаль иеленіп, еліміздің аталған зияткерлік сайысқа қатысу тарихында рекордтық ұпай жинады – Асхат Аймағамбетов.



6 медалей завоевали казахстанские школьники на Международной олимпиаде по математике IMO-2022, набрав рекордное количество баллов за всю историю участия страны в интеллектуальном соревновании – Асхат Аймагамбетов.

https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid02vBHrN6n16ApnUFgW5JCTZGxAbkdXtBuCjBPxyxgGmDegPRQfMBw33t2V5Razu6vnl/?d=n
2.4K viewsAdmin MON, 07:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 10:43:02
Оқушыларымыз математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті.
1.6K viewsYesmyrza, 07:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 06:17:08 ​​ 15 июля «Oqu-ağartu LIVE»
15:00
Instagram, Facebook

Гость прямого эфира: Руководитель управления Департамента технического и профессионального образования Министерство просвещения РК Алтай Рахимберлин.

Спикер расскажет о приеме документов в колледжи ответит на актуальные вопросы казахстанцев.
4.0K viewsAdmin MON, 03:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 06:11:41 ​​ 15 шілде «Oqu-ağartu LIVE»
15:00
Instagram, Facebook

Тікелей эфир қонағы: ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин.

Спикер колледждерге құжат қабылдау барысы туралы айтып, сұрақтарға жауап береді.
3.9K viewsAdmin MON, 03:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 14:19:55 ​​АСХАТ АЙМАГАМБЕТОВ ВРУЧИЛ БЛАГОДАРСТВЕННОЕ ПИСЬМО И ПАМЯТНЫЕ ПОДАРКИ ВЫПУСКНИКУ ШКОЛЫ, СПАСШЕМУ РЕБЕНКА ОТ ПАДЕНИЯ ИЗ ОКНА

Министр просвещения Асхат Аймагамбетов встретился с выпускником столичной школы Есдаулетом Даутбековым, спасшим ребенка от падения из окна многоэтажки. Также на встрече присутствовала и мама 17-летнего героя Асемгуль Кабдыкалыкова.

Асхат Аймагамбетов поблагодарил выпускника за проявленные качества и отметил, что готовность Есдаулета прийти на помощь и защитить младших является хорошим примером для всех школьников страны.

«Благодарю за проявленную смелость и храбрость. Вы показали пример того, каким должен выходить выпускник из стен школы. Благодарю ваших родителей, ваших учителей за то, что они воспитали такого благородного человека.

Только сегодня Президент поделился, что его беспокоят факты буллинга в школах. Ваш поступок послужит достойным примером. Надеюсь, что старшеклассники будут также всегда готовы поддержать и защитить младших.

Но в то же время прошу всех родителей несовершеннолетних детей обратить особое внимание на вопросы их защищенности в домах», - отметил глава ведомства.

В завершение Асхат Аймагамбетов вручил Есдаулету Даутбекову благодарственное письмо и памятные подарки. Также по ходатайству министра выпускнику предоставлен грант на бесплатное обучение в вузе Нархоз в городе Алматы.

«Мы благодарны университету Нархоз, одному из ведущих вузов страны, который славится высоким качеством образования и занимает активную позицию в оказании социальной поддержки», - отметил А. Аймагамбетов.

Добавим, что семья Есдаулета Даутбекова воспитывает шестерых детей.
1.4K viewsAdmin MON, 11:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 14:16:06 ​​АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАҒАЛЫ ТҰРҒАН БАЛАНЫ АМАН АЛЫП ҚАЛҒАН МЕКТЕП ТҮЛЕГІНЕ АЛҒЫС ХАТ ПЕН ЕСТЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫС ЕТТІ

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткелі тұрған баланы аман алып қалған елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековпен кездесті. Сондай-ақ кездесуге 17 жастағы батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты.

Асхат Аймағамбетов Есдәулетке көрсеткен қайсарлығы үшін алғысын білдіріп, өзінен кішілерге көмек беруге және оларды қорғауға дайын болуы еліміздің барлық оқушысы үшін үлгі-өнеге екенін атап өтті.

«Сізге көрсеткен қайсарлығыңыз бен батылдығыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіз оқушының мектеп қабырғасынан қалай түлеп ұшуы керек екенін дәлелдедіңіз. Осындай асыл, батыр азаматты тәрбиелеген ата-анаңыз бен ұстаздарыңызға алғыс айтамын.

Президент бүгін мектептердегі буллинг фактілеріне алаңдайтынын айтқан еді. Сіздің бүгінгі ерлігіңіз лайықты үлгі болады. Жоғары сынып оқушылары да сіз сияқты кішкентайларды қолдауға және қорғауға әрқашан дайын болады деп сенемін.

Сонымен бірге кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарынан олардың үйдегі қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударуын сұраймын», - деді ведомство басшысы.

Кездесу соңында Асхат Аймағамбетов Есдәулет Дәуітбековке алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ министрдің өтініші бойынша түлекке Алматыдағы Нархоз университетінде тегін оқуға грант берілді.

«Жоғары білім беру сапасымен танымал және әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді позицияны ұстанатын еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі Нархоз университетіне алғысымыз шексіз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Есдәулет Дәуітбековтің ата-анасы алты бала тәрбиелеп отырғанын айта кетейік.
3.0K viewsAdmin MON, 11:16
Ашу / Түсініктеме