Get Mystery Box with random crypto!

ONLY STUDY | ҰБТ 2022

Telegram арнасының логотипі onlystudyubt2021 — ONLY STUDY | ҰБТ 2022 O
Telegram арнасының логотипі onlystudyubt2021 — ONLY STUDY | ҰБТ 2022
Арна мекенжайы: @onlystudyubt2021
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 374
Арнадан сипаттама

Сұрақтар бойынша 👉 @Erkebulanovnaaa

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2021-07-08 08:35:43 Грант конкурсына қажетті құжаттар 2021

1. Егов арқылы берілетін өтініш;

2. Мектеп бітіргені туралы аттестаттың немесе колледж бітіргені туралы дипломның электрондық нұсқасы ;

3. 3х4 көлеміндегі электронды фото;

4. Медициналық анықтама, форма 075-у;

5. Бар болған жағдайда «Елбасы медалі» ерекшелік белгісін тапсыру туралы куәліктің электрондық көшірмесі, халықаралық дипломның электрондық көшірмесі;
 
6. Бар болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжаттар: 

- екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын растайтын құжаттар
- мүгедектігі туралы анықтамалар және т. б.).

7. Бар болған жағдайда ағылшын тілінен халықаралық сертификат (TOEFL ITP,TOEFL iBT, TOEFL, IELTS);

8. Бар болған жағдайда халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарының электронды нұсқадағы сертификаты;

9. Тек колледж дипломы бар немесе жұмыс практикасы бар адамдар келесі құжаттардың біреуін тапсырады:

- еңбек кітапшасының электронды көшірмесі;
- жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімнің электронды көшірмесі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың электронды көшірмесі;
- мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартының электронды көшірмесі;
- еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электронды көшірмесі;
- жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндінің электронды көшірмесі.
68 views05:35
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 23:40:29 Грант саны 2021

Әр мамандық бойынша грант саны шықты. Өз мамандығыңның грант санын көр. Достарыңа тарат.
5 views20:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 19:08:59
86 views16:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-05 10:41:57 Белгілі бір мамандықты бітіргеннен кейін кім болып жұмыс істеймін?

Осы сарынды сұрақтардан кейін мамандықтар жайлы видео түсіруді ұйғардық.

Ақпараттық технологиялар (програмист)




Жалпы медицина




Архитектура




Туризм




Ақпараттық қауіпсіздік




Стоматолог




Аудармашы




СЭС




Менеджмент




Журналист




Құқық




Фармация




Логистика




Ұшқыш




Шығармашылық




Алтын белгі туралы




Осы постты 7 досыңа тарат, 5 минут ішінде жауап бермесе саған донер алып берсін
62 views07:41
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 08:23:41 Педагогикалық және психометрикалық тест

- Бұл тестті кім тапсырады?
- Нәтижесін қайдан аламын?
- Екеуін де тапсыруға бола ма?

Түлектердің көкейінде жүрген біраз сұрақтарға жауап бердік.

Сілтеме:

44 views05:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 19:04:23145 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтті. Тестілеу қорытындысы бойынша 88 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ын құрайды. Тестіленушілердің 57 187-сі немесе 39,4%-ы шекті балл ала алмады. Ең жоғары балды (140 балл) Павлодар қаласының талапкері жинады. 1923 оқуға түсуші 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Тестілеуді 109 693 немесе 75,5% түлек қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3% орыс тілінде тапсырды. ҰБТ орташа балы 69,08 балды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 5 балға жоғары. Түлектер ҰБТ-ны 4 рет тапсыратынын естеріңізге сала кетейік.

«Электрондық форматтағы тестілеудің бірқатар артықшылығы бар. Ол тестілеуді тапсырудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз нұсқалар мен дұрыс жауаптар кодтарының бірегейлігін ойластырдық. Яғни, әр нұсқа кездейсоқ таңдау арқылы өтініш беруші қосымшада рұқсат алған кезде жасалады. Бұл тест нұсқалары қайталануының алдын алып, дұрыс жауаптар кодтарының сәйкес келу ықтималдығын да жойды. Түлектер ҰБТ-ны бұрынғыдай бір аптаның көлемінде емес, екі айдан астам уақыттың ішінде тапсыра алады. Сонымен бірге түлектерге екі мүмкіндік берілген», –деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға да жағдай жасалды. ҰБТ-ға мүмкіндігі шектеулі 90 бала қатысты. Олар үшін аудиториялар мен жеке көмекшілер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ 15-17 маусым аралығында ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін онлайн тестілеу өткізілді. Нәтижесінде өтініш берген 1143 адамның 994-і тестілеуге қатысты.

@bilim_jane_gylym
80 views16:04
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 15:22:44 Психометрикалық тест

Медициналық мамандықтарға арналған

Медициналық мамандықтарға, оның ішінде Мейірбике ісі, Жалпы медицина, Стоматология, Педиатрия мамандықтарына түскісі келетін түлектер арнаулы психометрикалық тест тапсыру қажет.

Бұл тесттің нәтижесі кез-келген медициналық университетке тапсыруға жарайды.

Психометрикалық тестілеуді өткеннен кейін «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Бұл тестті өте алмасаң, жоғарыда айтылған медициналық мамандықтарға түсе алмайсың.

Психометрикалық тестілеудің нәтижесі тест өткізілген күні жарияланады.

Бұл тест біздікі емес. Нәтижесін біз шығармаймыз. Нәтижесін сол сайттан көресің.

Бұл тест мұғалімдікке баратындарға қажеті жоқ.

Тестке тіркелу үшін МЫНА сілтемені бас.
55 views12:22
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 20:05:38
Аниме және ерекше стильде киінгің келсе саған ұсынатын инернет магазинім
@amaziiing_style
44 views17:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 17:11:34 Өткен жылы 50 баллмен түскен мамандықтар

Таңдау пән: Химия - Биология

Мамандықтар:

1. Ветеринария - Бұл мамандыққа 2020 жылы 1004 грант бөлінген, және грантқа ең соңғы оқушы 50 баллмен түскен. Қазақстан бойынша 9 университет оқытады.

2. Балық шаруашылығы - Бұл мамандыққа 2020 жылы 120 грант бөлінген, және грантқа ең соңғы оқушы 51 баллмен түскен. Қазақстан бойынша 5 университет оқытады.

3. Мал шаруашылығы - Бұл мамандыққа 2020 жылы 255 грант бөлінген, және грантқа ең соңғы оқушы 50 баллмен түскен. Қазақстан бойынша 13 университет оқытады.

4. Өсімдік шаруашылығы - Бұл мамандыққа 2020 жылы 586 грант бөлінген, және грантқа ең соңғы оқушы 51 баллмен түскен. Қазақстан бойынша 16 университет оқытады.

Тағы 2 мамандық бар. Олардың 2020 жылғы ГРАНТҚА шекті баллдары: 63 және 65 болған.

Ал негізі Химия - Биология таңдау пәндері бойынша 16 мамандық бар.

Олардың өткен жылғы грантқа шекті баллдарын, қай университеттерде оқытатынын білу үшін біздің приложениені жүктеп алыңыз. Сілтеме:

https://rr.joo.kz/app-link-redirect
86 views14:11
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 16:41:30 Педагогикалық тест

Қайда тапсыруға болады?

Педагогикалық мамандықтарға түсушілерге арналған ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕСТТІ Абай университетінің сайтынан тапсыра аласың.

Нәтижесін қашан көре аласың?
Ендігі апта нәтижесі шығады. Сол кезде Абай университетінің сайтына кіріп, нәтижеңді жүктеп аласың.

ЕСКЕРТУ: Бұл тест біздікі емес. Абай университеті сайтында тапсырасың, нәтижесін де сол жақтан көресің!

Бұл тест барлық универге жарайды ма?
Ия, бір университеттің педагогикалық тесті басқа университетке жарайды.

Тура қазір МЫНА сілтеме арқылы өтіп тапсыра аласың.
48 views13:41
Ашу / Түсініктеме